Читайте также: |
|
АБСОЛЮТТІК КӨРСЕТКІШТЕР – өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы, т.б.).
АВТАКРАТИЯ – белгілі бірелдің (елдер тобының) басқа бір елдің экономикасынан шаруашылық тұрғысындағы произведена по его предъявлении или по истечении определенного срока со дня его предъявления.
АКЦИЗ – көпшілік тұтынатын тауарларға, көрсетілетін қызметке салынатын жанама салықтың бір түрі.
АКЦЕПТ – төлеуге келісу немсе ақша, есеп айрысу, тауар құжаттарына төлеуге кепілдік беру; тауцарлар құжаты мен тауарлар үшін есеп айрысуға келісім немесе кепілділік; ұсынылған жағдайларға сай шарт жасасу.
АКЦИЯ – иесіне белгілі бір кіріс алуға (дивиденд), басқаруға қатысуға құқық беретін бағалы қағаз.
АКЦИОНЕР – акционерлік кәсіпорынның тең иесі. Белгілі бір кіріс алуға және басқаруға қатысуға құқық беретін акцияның иесі.
АККРЕДЕТИВ – ақша құжаты, бұл құжат берілген адамға кредит мекемесінен (банктен, сақтық банкінен) онда көрсетілген соманы алуға құқық береді; банк есеп-шоты түрлерінің бірі.
АКСЕЛЕРАТОР – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде қолданылатын көрсеткіш. Оның принціпі мынада: тұтыну шығындарының өсуі немесе азаюы капиталдың қорлануын өзгертеді.
АЛЛОНЖ – вексель бланкасына тиісті жазулар сыймай қалған жағдайда ауыспалы жазба үшін вексельге тіркелген қосымша парақ.
АЛЬПАРИ – валютаның, бағалы қағаздардың, вексельдердің және басқаларының рыноктық курсының олардың нақты құнына сәйкестілігі.
АМАЛЬГАМАЦИЯ – қоғамдардың, одақтардың корпорациялардың және тағы басқаларының бірыңғай акционерлік ауысуы,бірігуі,қосылуы.
АМОРТИЗАЦИЯ – негізгі қорлар құнының олардың көмегімен өндірілген өнім мен қызмет көрсетуге біртіндеп ауысуы; тозығы жеткен негізгі қорлардың орнын толтыруға арналған мақсатты ақша қаражатының қорлануы.
АНДЕРРАЙТЕР – сақтандыру жүйесінде сақтық шартын жасау және сақтандыру міндеттемелері талаптарын қалыптастыру жөніндегі жауапкершілік жүктелген адам.Ал банк істерінде – облигациялық взайм немесе арнайы салық үшін келісілген шартпен акция пакетін шығарушыға, оның құнды қағаздарын рынокта орналастыруға кепілдік беретін адам немесе компания.
АННУИТЕТ - жылма – жыл қарызды өтеп және процент төлеп тұратын мерзімдік мемлекеттік взайм.
АНТИЦИПАЦИЯ – белгіленген мерзімге дейін қарыз міндеттемесі бойынша ақша төлеу.
АРБИТРАЖ – шаруашылық дауларын шешетін мемлекеттік орган.
АУДИТОР – акционерлік компаниялардың финанс – шаруашылық қызметінің жәйін тексеретін адам,оның тиісті компанияның қызметін бақылауға мемлекеттік органдардан арнайы рұқсаты болады.
АУКЦИОН – жария сауда саттық жасау,мұнда тауарлар мен мүліктердің ең жоғары баға береген адам сатып алады.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – жұмыс күшін ұдайы өндіріумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру және т.б. салалары.
БАНК ДЕПОЗИТІ – банктен банкке бұрын эквивалентті мөлшерде ақшалай немесе валютамен төленген немесе несие берушінің есебінен белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін салым.
БАНКРОТҚА ҰШЫРАУ – борышкердің сот таныған төлем қабілетсіздігі БАНКНОТ – банк шығарған міндеттілік туралы құжат, иесінің талап етуі бойынша төленеді.Банкнот төленгеннен кейін ғана айналысқа жіберіледі.
БАНК – ЭМИТЕНТ – айналысқа ақша белгілерін,бағалы қағаздар, төлем – есеп айырысң құжаттарын шығаратын банк.
БАРТЕР – алмасу жүйесі,мұнда тауарлар мен қызмет көрсету ақшасыз негізде жүргізіледі.
БЕНЕФИЦИАР – аударма аккредитив ашылған және осының негізінде пайда табу мақсатымен басқа бір банкте аккредитив ашыға құқылы адам.
БИЗНЕС – кез келген ұйымдасқан,заңды қызмет,оның өмір сүру мақсатының басты нысаны меншік иесінің пайда табуы болып табылады.
БИЗНЕСМЕН – пайда немесе басқа да тиімділік әкелетін экономикалық қызметтің кез келген түрімен айналасатын коммерсант,кәсіпкер.
БИЛ-БРОКЕР – дәстүрлі бағалы қағаздарды сатып алу-сату бизнесімен айналысатын, комерсант.
БИРЖА – рыноктың ұйымдасқан нысаны, мұнда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауарлармен (тауар биржасы), бағалы қағаздармен (қор биржасы, валюта биржасы) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен (еңбек биржасы) айналысады. Сатушылар мен сатып алушылардың мәмлелесу үшін кездесетін орны.
БЛЮ-ГИП – ірі, танымал корпорацияның әдеттегі акциясы, оның түсімдері мен табыс пайдасы тұрақты келеді немесе баяу, бірақ бір қалыпты өседі. БОЛЖАМ – белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір.
БОЛЖАУ – қоғам өмірінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
БОНДАР – облигациялар; белгігі бір ақша сомасын алдағы жылдың белгілі мерзімінде немесе зайым кезеңі ішінде белгіленген баға бойынша процент сомасын графикке сәйкес төлеуге жазбаша берілген уәде.
БРОКЕР – тауарларды, ақша номиналдарын немесе акцияларды басқа біреулердің атынан сатып алатын немесе сатып алатын адам.
БЮДЖЕТ- мемлекет, жергілікті басқару оргондары, кәсіпорын мен мекемелер отбасы немесе жекелеген адм үшін белгілі бір кезеңге арнап жасалынған ақшалай кірістер мен шығыстардың (түсімдерді пайдалану) балансы.
ВАЛЬВАЦИЯ – шетелдік валютаның құндылығын, бағалылығын ұлттық ақша өлшемімен анықтау.
ГРАТИС - "тегін" деген ұғымды білдіреді. Бұл термин сауда тәжірибесінде белгілі бір операциялардың немесе көрсетілетін қызметтердің тегін екендігі (тауарлардың тегін үлгілері және т.б.) көрсету мақсатында қолдалынады. Тегін деп аталатын операциялар іс жүзінде айналыс шығындарында күні бұрын есепке алынады.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ – басқа елдердің валютасымен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсының (құны бойынша) төмендеуі.
ДЕЗАВУИРОВАНИЕ – сенім білдірілген аламның іс-әрекетімен келіспеушілік туралы, не оның бұдан былай сенім білдіруші адамның атынан іс-әрекет жасау, құқынан айырылғаны туралы мәлімдеу (мысалы, сауда өкілін дезавуациялау).
ДЕБЕНТУРА – алымның қайтарылуына берілетін кеден куәлігі.
ДЕБИТОР – борышкер,кәсіпорындарға,ұйымдарға,мекемелерге ақшалай қарыздар адам немесе заңды ұйым.
ДЕМОНЕТИЗАЦИЯ– заң жолымен немес әкімшілік өкімімен монетаны ақша түріндегі қызметінен айырып,оны айналыстан шығару.Демонетизацияланған монета оның құрамындағы металдың құнымен немесе қандай да болсын басқа бір қасиеті арқылы (сиректігі,тарихи құндылығы және тб) бағаланады.
ДЕНОМИНАЦИЯ – елде ақша айналысын реттеу,есеп айырысуды оңайлату мақсатымен ескі ақша белгілерін белгіленген ара қатынас пен жаңа ақша белгілерімен айырбастау жолымен ұлттық ақша бірлігін ірілендіру.
ДЕПОРТ – іскерлердің қор биржасында айналыстағы бағалы қағаздар құнының курсын төмендеу есебінен баға айырмашылығын алу мақсатымен жасасатын мерзімдік биржа мәмілесі.
ДИЛЕР – биржа немесе сауда делдалдығын өз есебінен жүргізетін адам (немесе фирма).
ДИРЕКТИВАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді.
ДУОПОЛИЯ – рынокта бірдей өнім ұсынатын екі өндірушінің болу жағдайы - " ішінара монополия ".
ДУОПСОНИЯ – рынокта көптеген өндірушілер ұсынатын бірдей өнімді тек екі сатып алушының болу жағдайы.
ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУ (МАГИСТРАЛЬДІ) КӨЛІГІ – қолданылып жүрген Заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес, меншік тәуелділігіне, кім ұсынғанына қарамастан жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тиісті көлік. Оған теміржол көлігі, теңіз жолдары көлігі, өзен жолдары көлігі, автомобиль көлігі, әуе жолдары көлігі және құбыр көлігі жатады.
ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУҒА ЖАТПАЙТЫН КӨЛІК – тек қана өз ведомоствасының тасымалын атқаратын және басқа клиенттердің тасымал талабын орындауға міндетті емес, ведомоствалық көлік.
ЖИРАТ – вексель аударылатын адам.
ЖИРО – вексельге, чекке және т.б табыс ету жөнінде қойылған қол.
ЖОСПАР – алдығы белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
ЖОСПАР КӨРСЕТКІШІ – басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді: сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік (директивалық) және есептік көрсеткіштер.
ЖОСПАРЛАУ – экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
ЖОСПАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
ЖОСПАР ЖАСАУ ЛОГИКАСЫ – барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарлауды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті.
ИНДИКАТИВТІ ЖОСПАРЛАУ – жоспарлы кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сай міндеттерді, басыңқыларды, әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторларын қалыптастыру процесі және көзделген нәтижелерге қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық жағдайларға әсер ететін мемлекеттік шараларды анықтау болып табылады.
ИМИДЖ – тауардың,кәсіпорынның, елдің т.б бейне белгісі.
ИНВЕСТИЦИЯ – халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарға ұзақ мерзімді капитал (ел ішіндегі немесе шетелдегі) жұмсау.
ИНВЕСТОР – инвестицияны жүзеге асыратын жеке адам,ұйым немесе мемлекет.
ИНДЕННИТЕТ – щығындардың орнын толтыру, өтеу (көбінесе халықаралық тұрғыда).
ИНСТИТУТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – экономиканы макроэконмикалық реттеуді жүзеге асырушы салалар мен қызмет сфераларының кешені. Оған мемлекеттік ақпарат, несиелік-қаржылық сфера және т.б. жатады.
КАРТЕЛЬ – монополия нысандарының бір түрі, рынокқа монополиялық үстемдік ету және барынша пайда табу мақсатында белгілі бір өнеркәсіп саласы кәсіпкерлерінің бірлесуі.
КОММЕРСАНТ – сауда мен (оның ішінде жеке саудамен) айналысатын адам
КОНСАЛТИНГ – кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, оның ішінде сыртқы экономикалық салада олардың экономикалық қызметі туралы сатушылар мен сатып алушыларға консультация (кеңес) беру.
КОНСИГНАНТ – комисинер (консигнатор) делдалдығы арқылы шетелге сатылатын тауарлардың иесі.
КОНЬЮНКТУРА – экономиканың белгілі бір кезеңіндегі жағдайын көрсететін жиынтық белгілер.
КӨЛІК ЖҮЙЕСІ – тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әртүрлі көлік түрлерінің кешені.
КӨЛІК ТОРАБЫ – республиканың немесе жеке аумақтың қалалары мен ауылдарын байланыстыратын барлық жол қатынастарының жиынтығы. ҚҰНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – экономикалық құбылыстар натуралдық-заттық құрамынан басқа өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады.
МАКЛЕР – қор,тауар және валюта биржаларында мәміле жасау кезіндегі делдал.
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – макрокөрсеткіштердің өзара байланысқан жүйесі экономиканың өткен кезеңге қарағанда ілгерілеуін сипаттайды.
МЕНЕДЖЕМЕНТ - өндірісті басқару - өндіріс тиімділігін арттыру пайданы молайту мақсатында жасалып, қолданылатын өндірісті басқарудың нысандары мен принциптерінің әдістерінің құралдарының жиынтығы.
НАТУРАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем бірліктермен өлшенетін жақтарын көрсетеді, мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша).
ОЛИГОПОЛИЯ – сан жағынан көп емес капиталистік фирмалардың компаниялардың өндіріс пен рыноктағы үстемдігі.
ӨНДІРІСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жүк тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма щаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады.
САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердіңсапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы т.б.).
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы.
SWOT – ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданылады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ – экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжамдар жасау процесі.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – адам тіршілігінің зиянды жақтарының қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОПОРЦИЯЛАР – өндірістің әр түрлі элменттері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдық қорлар жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі ндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 170 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | | | Леуметтік сфера түсінігі |