Читайте также: |
|
Дискрет жүйелер деп уақыт немесе деңгей бойынша квантталған сигналдар тасымалданатын және түрлендірілетін жүйелерді айтады. Деңгей бойынша кванттау, түрлендірілетін сигналдың нақты мәнін, квантталған деңгейлердің толық санына еселі болатын, оның дискретті мәнімен кез-келген уақыт кезеңінде алмастыруға сәйкес келеді. Уақыт бойынша кванттау үзіліссіз сигналды оның дискретті теңқалысқан уақыт кезеңіндегі мәндерімен ауыстыру. Кванттау түріне байланысты дискретті АРЖ-ны төмендегідей ажыратады:
а) Релелік АРЖ. Бұл жүйелерде кванттау деңгей бойынша өтеді; оларға
бейсызықты жүйелер жатады;
б) Импульстік АРЖ. Бұларда кванттау уақыт бойынша өтеді; оларға дискрет жүйелер жатады;
в) Цифрлық жүйелерде кванттау деңгей және уақыт бойынша өтеді;
квантталатын сигнал мәндері кішкентай болғанда, деңгей бойынша кванттаудың әсері елеулі болып цифрлық релелік жүйөге саяды; квантталатын сигналдың үлкен мәндерінде, деңгейі бойынша дискреттік еленілмейді де, цифрлық жүйе импульстік жүйеге ауады.
Импульстік жүйелерде уақыт бойынша кванттау, шығыстық сигналы модульденген импульстер тізбегі болатын импульстік элементпен (ИЭ) іске асырылады (13.4-сурет).
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 481 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Орнықтылық, 3-орнықсыз процесс | | | сурет. Ажыратылған импульстік жүйенің құрылымдық схемасы. |