Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бейсызықты жүйелердің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. Автоматты дискрет жүйелердің құрылымы
  2. Ерекшеліктері.
  3. Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері.
  4. Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері

Бейсызықты жүйелердің ерекшеліктері

 

 

Бейсызықты жүйелердің ерекшеліктері

Іс жүзінде сызықты жүйелер жоқ. Жоғарыда қарастырылған барлық жүйелердің сипаттамаларын біз сызықтадық деп қарастырған едік, Бұл тек реттелуші шаманың өзінің берілген мәнінен аздап қана ауытқығанында ғана мүмкін болатын мәселе.

Ал егер элементтердің статикалық сипаттамалары елеулі түрде бейсызықты болса, онда оларға сызықтау әдісін қолдануға болмайды.

Жүйенің ең дегенде бір элементінің сипаттамасы елеулі бейсызықты болып келсе, онда бұл жүйені бейсызықты деп атайды.

Мұндай жүйелердің жұмысы бейсызықты дифференциал теңдеулер арқылы өрнектеледі. Іс жүзінде инерциясыз бейсызықты буыны бар жүйелер көп кездеседі.

Жүйедегі мұндай буынның болуы оның жалпы динамикасының қасиеттеріне көп-көрім себебін тигізеді. Мысалы: егер сызықты жүйе бастапқы күйінен аз ауытқығанда орнықты болып қалса, онда ол үлкен ауытқуда да орнықты болып қалады, ал бейсызықты жүйе аз ауытқуда орнықты болғанымен, үлкен ауытқуда орнықсыз болуы мүмкін.

Бұл тұрғыда мынандай жағдайларды атап өткен жөн:

• біріншіден, бейсызықты АРЖ-ға суперпозиция принципі қолданылмайды;

• екіншіден, бейсызықты АРЖ өтпелі процесінің сапасы жүйеге берілетін қосымша қобалжыту әсерінің көрсеткішіне тәуелді болады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 898 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Субстратная специфичность АРС-аз, их роль. Изоакцепторные т-РНК. (часть не нашла)| Орнықтылық, 3-орнықсыз процесс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)