Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру

Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері | Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі | Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі. | Білім және кедейшілік | Халықтың денсаулығы | Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері | Лоренц сызығы | Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі | Экономикалық-саяси принциптер | Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі |


Читайте также:
  1. Зейнетақы қорының мәні
  2. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
  3. Зейнетақымен сақтандырудың түрлері

Әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу мемлекеттің глобальды міндеттерінің бірі болып табылады. Әлуметтік қамтамасыз ету құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, оған сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын ауруға шалдыққан, мүгедектік, асыраушыдан айрылған және заңмен көрсетілген басқа жағдайларда жалақының минималды мөлшерімен, зейнетақымен және жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ерікті әлеуметтік сақтандыруды, әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша формасын құруды және қайырымдылық жасауды қолдайды»[1]. Әрбір азаматтың әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті жағдайды туғызу міндеті жүктейді. Әлеуметтік қамтамасыз ету кепілін бекіту Адам құқығыныңжалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметтітағайындау тәртібіқтары туралы Халықаралық пакт, бала құқығы туралы Ковенция сияқты халықаралық заң актілерінің ережелеріне сәйкес келеді.

Зейнетақылық қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы- халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайыныңмаңызды құрамы.

Зейнетақы (лат.pensio- төлем)- белгілі бір тұлғалардың санатына берілетін әлеуметтік қорлардан және басқа да қайнар көздерден заңмен бекітілген көлемде алынатын ақшалай төлем (1 айға есептелген). Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздемесі – түрлі заңды фактірлер: белгілі бір жасқа келу, мүгедек болу, асырашы өлімі, белгілі қызметті ұзақ уақыт атқару – еңбек сіңірген жылдар.[1]

Жиырмасыншы ғасыр халықтың әлеуметтік әділеттік туралы ойын өзгертті, бұл зейнетақымен қамсыздандырудың дамуымен байланысты: бұны бүгінгі күні бәрі заңмен бекітілген жасқа және еңбек іс- әрекетіне қарсы келетін жағдайға келген әрбір азаматты міндетті қоғамдық (мемлекеттік) материалды қолдау деп түсінеді. Зейнетақыны тағайындау тәртібі мен төлеу механизмі нақты елдің заңдарымен реттеледі, нақты және қаржылық жағдайларға сай өзгертіледі. Әлемдегі көптеген мемлекеттер бір жағынан, өздерінің қартайған азаматтары мен мүгедектерін зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартудың бюджеттік мүмкіндіктерінің салыстырмалы шектеулер мәселесімен көздеседі, ал екінші жағынан,- әрбір адамның өзінің болашағы үшін жеке жауапкершілігін түсінуді қалыптастырады және этикалық қолдайды. Сондықтан, ерікті жинақтаушы зейнетақы сақтандыруда әрбір азматтың қатысуының түрлі формалары дамыды және қолдау тауып отырады. Ал кәсіподақтардың және қоғамның көпжылдық қысымымен «әлеуметтік серіктестік» феномен қалыптасқан дамыған елдерде сақтандырудың тең қатысушысы болып жұмысшылар да табылды.

Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі құрамдас элементтердің бірі ретінде жоғары рангте тұрған «әлеуметтік қорғау» деп аталатын жүйеге кіреді, ал оның өзі мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық жүйесінің бөлігі болып табылатын «еңбекке жарамды халықтың ұдайы өндірісі» жүйесіне енеді.

Әлеуметтік- экономикалық жүйенің түрлі деңгейлерінің өзара байланысы мен өзара негізділігі оларды жүйелі құралдармен зерттеудің артықшылығын анықтайды, туындаған мәселелерді жүйелі механизмдерге негізделіп шешуді міндеттейді. Өзіндік зейнетақылық қамсыздандыруда қолданылуы кейбір бірлестікке функционалды және логикалық бірігетін параметрлер тобын талдауды білдіреді. Ең алдымен оларға мыналарды жатқызамыз:1) халықтың жыныстық- жастық құрылымы және олардың денсаулығының жалпы көрсеткіштері; 2) мемлекеттің, жеке ведомстволардың және кәсіпорындардың қаржы ресурстары; 3) жұмыспен қамтылудың салалық құрылымы (сонымен бірге, денсаулыққа зиян кәсіптердің таралуы); 4) мемлекеттің әлеуметтік саясатының жалпы бағыттылығы (сол сияқты әлеуметтік жеңілдіктердің тізімі мен масштабы); 5) прожиточный минимум көлемі; 6) жұмышылардың экономикалық жағдайы және жеке жинақтарының мүмкіндіктері.[1]

Қазіргі кезде әлемнің барлық дерлік елдерінде зейнетақылық қамсыздандыру халықтың көп бөлігін қамтитын норма болды. Бірақ барлық кезде емес: зейнетақыны міндетті және жалпыға бірдей деп 200 жылдай ғана уақыт санады. 1790 жылы Француздық революция ең алғаш рет зейнетақылық қамтамасыз етуді «отанға қызмет еткен, қорғаған, оны әйгілі еткен, қоғамға берілгендігін мысалы еткен» адамдарға үлестірген. Бір ғасырдан кейін Геманияда жалпы әміршілдік заңға сәйкес зейнетақы алушылар болып 10 жылданартық қызмет еткен барлық мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдерді қоса) табылады, және зейнетақы алуға негіз өз қызметін атқаруға медициналық бекітілген қабілетсіздік болып келеді. Ресей патшалығында 19 ғасырдың ортасынан бастап қызмет уақытының өтіунен кейін немесе мүгедектілік бойынша барлық шенеуніктер мен әскери қызметкерлер зейнетақы ала алды, бұл зейнетақының қайнар көзі мемлекеттік қазына болды. Осы кезден бастап мемлекеттік зейнетақыны толықтырып тұратын қазіргі кәсіби зейнетақы қорларына ұқсас «зейнетақылық касса» болды. (бұндай кассалар Францияда, Англияда, және Германияда құрылды). Совет заманында зейнетақы «жалпыодақтық тұтыну қорынан» алынды, ал халық 1964 жылы қолхоз мүшелеріне зейнетақы және жәрдемақы беру туралы заң қабылданған кезден бастап зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды.

Бәрімізге мәлім, КСРО-да кейбір батыс еуропалық елдерде, мысалы, Франция мен Германияда қабылданған зейнетақылық қамсыздандыру моделіне ұқсас, ынтымақтық зейнетақылық жүйесі іске асырылған еді. Бұл модель жоспарлы экономикаға тән, басқарудың глобальдық режимінің логикасымен анықталды және милиондаған қартайған азаматтардың өмір сүруіне мүмкіндік берді.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 863 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары| Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)