Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі

ПӘНДЕРДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | ГЛОССАРИЙ | Леуметтік сфера түсінігі | Леуметтік сфераның құрылымы | Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. Aлымдaр мен тәжiрибешiлер еңбектерiндегi жетiлдiру жолдaры
  4. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  5. B) Талапкер және оның өкілі
  6. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  7. C) сот және іске қатысушы тұлғалар

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (кейін-Министрлік) жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының орталық атқару органы болып табылады.

Мемлекеттік саясатты және заңнамада көрсетілген шегінде еңбек облысында салааралық үйлестіру, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және өз біліктілігі шегінде процесстерді реттеу Министрліктің негізгі тапсырмасы болып табылады.

Министрліктің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Министрліктің ведомствасы бар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті.

Министрлік өз іс әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Министрліктің іс-әрекетін қаржыландыру республикалық бюджеттен орындалады.

Министрліктің негізгі қызметі мен құқығы Минстрлік бекіткен заңнама тәртібінде орындалады:

1. Еңбек, еңбекті қорғау және қауіпсіздік сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу;

- қызметкерлердің және жұмысшылардың кәсіби классификаторы (ЖКК), Қызметкер міндетінің квалификациялық анықтамасы (КА), жұмысшылар мамандығы мен жұмысының біртұтас тарифтік – квалификациялық анықтамсын (БТКА) қабылдау тәртібін анықтау, бекіту және дайындау;

- айналысу классификаторын дайындау және қабылдау (АК);ұйымның еңбекке және төлем жүйесінің қызметіне енетін мемлекеттік тарифтердің реттеу нормаларын қарастыру;

- қауіпсіз еңбекті және еңбекті қорғау жұмысын жүргізуіне байланысты міндеттерді қою;

- 18 жасқа жетпеген тұлғалар және әйелдер еңбегі шектелетін зиянды және қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыс, кәсіп және өндіріс тізімін бекіту;

- орташа жалақыны есептеу тәртібі бойынша ұсыныстарды өңдеу және енгізу;

- мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша функциялар, бақылаушы және бақылау функциялары;

- қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асыру;

- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізу;

- еңбекті мемлекеттік инспекторларын оқытуды жүргізу;

- еңбек туралы заңның сақталуын, мемлекетті бақылауды жүзеге асыру;

- заңда бекітілген тәртіппен өндірісте болатын сәтсіз жағдайларды өз уақытында және объективті зеттеудің бақылауын жүзеге асыру;

- қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының сақталуы мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

- қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету барысында басқа мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жұмысшылармен және жұмысты ұсынушылардың өзара қарым-қатынасын және үйлестіруін жүргізу;

- еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды өткізу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды бекіту;

- орташа жалақыны есептеу тәртібі бойынша ұсыныстар енгізу және мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтерін өңдеу, бақылау функциялары:

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша мониторинг өткізу;

- мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту;

- еңбек туралы заңнаманың орындалуын мемлекеттік бақылау;

- мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестациялау.

2. Жұмыспен қамту сфрасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- жұмыспен қамту сауалдары бойынша құқықтық-нормативтік актілерді әзірлеу;

- халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу;

- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау;

- еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес мүдделі органдармен қатар кадрларды дайындау қажеттілігін анықтау;

- Қазақстан Ресубликасы аумағында еңбек әрекетін орындау үшін шетел жұмыс күшін тартуға квотаны қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- еңбек нарығының жағдайы туралы халыққа ақпараттау, еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасын құру негізіндегі жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингі;

- ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарастыру.

3. Әлеуметтік серіктестік сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;

- бақылау және байқау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтері: әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында сондай-ақ әлеуметтік әріптестік бойынша Республикалық үшжақты комиссия жұмыстарын қамтамасыз етуде әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу негізіндегі ұсыныстарын жүзеге асыру;

- мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет, бақылау функциялары.

4. Халықты әлеуметтік қорғау сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламалары мен концепцияларын әзірлеу;

- мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қорғау облысындағы кешендік бағдарламаларды әзірлеу;

- мүгедектерді оңлату үшін жеке бағдарламаларды дайындау, себептерді анықтау, денсаулық сақтау облысындағы өкілетті органдардың қатысуымен бекіту;

- мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер, бақылау және қадағалау қызметтері:

- Республикадағы мүгедектік мониторингі;

- Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталықтан арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың, біруақытта ақшалай өтелулерді, төлеуді қамтамасыз ету;

- арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету нысандары мен түрлерінің дамуы бойынша ұсынымды шығару;

- мүгедектерді бейімдеу, кедейлікті төмендету, сонымен қатар, жергілікті әлеуметтік және педагогикалық бағдарламаларды, денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірге мүмкіндіктері шектелген балаларды қорғау бойынша республикалық бағдарламаларлың мониторингін ұйымдастыру;

- мүмкіндіктері шектелген балалардың, мүгедектердің әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша органдардың, жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік органдарының әрекетін шоғырландыру және әдістемелік көмегін жүзеге асыру;

- мүгедектерді бейімдеу, тұрғындарды әлеуметтік қорғау облысында мамандардың біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастыру;

5. Зейнетақымен қамтамасыз ету сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өсіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

- зейнетақыны уақыттылы тағайындау мен толықтай төлеуді, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны мемлекеттік орталықтан қамтамасыз ету.

6. Әлеуметтік сақтандыру сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- әлеуметтік сақтандыру сауалдары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекетік саясатты өңдеуге қатысу;

- әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу әдістемесін әзірлеу;

- әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылау жасау;

- әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры іс-әрекетін реттеу.

7. Халық көші-қон сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

- көші-қон процесстерін реттеу облысында концепциялар мен бағдарламаларды әзірлеу;

- иммиграция квотасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- аймақтық келісімдерді тіркеуге кірісу;

- әкімшілік құқық бұзушылықты қарастыру;

- министрліктің территориялық органдары мен көші-қон жөніндегі комитет қызметінің үйлестіруі мен жетекшілігі;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау және өз құзырына жататын мобилизациялық жұмыстарды жүргізу.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқару жүйесінің құрылымы:

Министрлікті Министр басқарады. Министрді Қазақстан Республикасы Пример Министрінің нұсқауы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Президенті. Министрдің орынбасарлары - Вице-Министрлер, оларды министрдің нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады. Министр министрліктің жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады, яғни министрліктегі тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өзінің қызметін орындайды. Министрдің мақсаттары:

- Вице-Министрдің өкілеттілік кеңістігі мен міндеттерін анықтайды, министірдің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен жетекшілік аппараттарын белгілейді;

- министрлік жұмысшылары белгіленген заңдылықтар бойынша қызметке тағайындалады және босатылады. Сонымен қатар, аумақтық органдардың, әлеуметтік сақтандырудың, мемлекеттік қорлардың, көші-қон комитеттерінің жетекшілері мен орынбасарларын қызметке тағайындауға келісім береді және босатады;

- министрлік мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынасын заңға сәйкес орындайды;

- министрліктің құрлымдық бөлімдері мен министрдің аумақтық органдарының қызмет-міндеттерін бекітеді;

- Қазақстан Республикасының бекіткен негіздеріне сүйеніп, аумақтық органдардың штаттық саны мен министрлік құрлымын бекітеді;

- министрлікке қарайтын мемлекеттік ұйымдардың аумақтық органдардың көші-қон бойынша комитет жетекшілерінің бұйрықтарын толықтай немесе жартылай күшін жойып тексереді;

- бекітілген заңдылықтарға сүйеніп, министрліктің аймақтық органдарының жетекшілерінің және көші-қон бойынша комитет орынбасарының және министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

- өкілеттілігіне сай келетін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

- бекітілген заңдылықтарға сүйеніп, министрліктің аумақтық органдарының жетекшілерінің және көші-қон бойынша комитет орынбасарының және министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;

- өкілеттілігіне сәйкес келетін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Министрліктің ұжымдық құрылымы мен санын министр бекітеді.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері| Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)