Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі | ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | ГЛОССАРИЙ | Леуметтік сфера түсінігі | Леуметтік сфераның құрылымы | Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері |


Читайте также:
  1. Алтыншы. ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін
  2. Халықтың денсаулығы
  3. Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері

Жалақыны саралау экономикалық қызмет түрлері бойынша халықтың сатып алу қабілетіндегі (атаулы жалақы мен күнкөріс минимумының арақатынасы) айырмашылығымен байланысты. Жұмыскерлердің атаулы жалақыларының сатып алу қабілетінің жоғары белгілері өтпелі кезеңдегі экономика секторларының даму ерекшеліктерін көрсетеді. Аумақтан тысқары ұйымдар қызметкерлеріне (мәселен, дипломатиялық өкілдіктердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері) төленетін төлемнің жоғары деңгейі нарықтық экономикасы дамыған елдердегі жоғары білікті еңбек төлеміне қолданылатын тәсілдерді көрсетеді және Қазақстан экономикасының ұлттық секторларында еңбек төлемін көтеру үшін бағдарламалар сілтейді. Қаржы секторы экономикада нарықтық қатынастарға көшу жайларында қарқында дамиды және жұмыс күшінің жоғары сұранысымен және ұсынысымен сипатталады.

Атаулы жалақы мен күнкөріс минимумы мөлшерінің арақатынасына сүйене келгенде, елдегі жұмыс істейтін халықты бірнеше кіріс топтарына бөлуге болады. Жұмыскерлердің төмен төлемді кіріс тобы атаулы жалақының төмен деңгейіндегі сатып алу қабілетін еншілейді, оның мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен немесе екі күнкөріс минимумынан аз. Орташа төлемдегі кіріс тобының атаулы жалақысының мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен, яғни күнкөріс минимумының екіден жетіге дейінгі мөлшері барлығында болады. Соған сәйкес, жоғары төлемдегі кіріс тобы жоғары молшылық бюджетінен астам немесе күнкөріс минимумының жеті мөлшерінен көп атаулы жалақы алады.

Жалпы біз еліміздің экономикасы тұрақты дамып, нарыққа тереңдеп еніп баражатқандығын нақты көрсеткіштерден байқап отырмыз және осыған байланысты жалақының да денгейі тұрақты өсуде.”Ел басының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында“ бұл жөнінде атап көрсетті: соғы 10 жылда орташа айлық жалақы 6 есеге жуық, ең төменгі табыс мөлшері 25 есеге, зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есеге өскен. Ал биылғы жылы студенттердің степендиясын 6000 тенгеге дейін, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін, мемлекет қызметкерлерінің ең төменгі жалақы мөлшерін 32 % -ға, арнайы жәрдемақы алушылардың жәрдемақыларына қосымша 1000 теңге және мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 32%-ға көтерілетіндігін атап көрсетті.

Халықтың жұмыспен қамтылу әдетте экономикадағы жұмыс орындарының құрамы мен құрлымына байласты, сондай-ақ ол еңбек төлемінің деңгейіне де қатысты. Әсіресе жастардың жұмыспен қамту құрлымы маңызды. Ол еңбек нарығының даму үрдістерін айқындайды. Жастарды тиімді жұмыстармен қамту проблемаларының шешімін таппауы болашақта кедейшіліктің қайта жаңғыруына алғышарттардың сақталуына себеп болады.

Сонымен, ең алдымен, мұнай-газ кешенінің жедел дамуына байланысты экономикалық өсу республика халқының тек шамалы бөлігінің табыстары мен жұмыспен қамтылуларына оң әсерін тигізеді. Демек, кедейшілік ауқымдарын қысқарту бүкіл шаруашылық кешенін құрылымдық қайта құруға, жұмыспен қамтылудың табыстарын қамтамасыз ететін өңдеуші өнеркәсіп пен экономиканың өзге салаларындағы экономикалық өсуге және экономикалық белсенді халықтың көпшілігі үшін өнімді жұмыспен қамтылуға байланысты. Соңғы жылдары жұмыспен қамтылғандар саны көбейіп, жұмыссыздар саны тұрақты азайып келеді. Елімізде жұмыссыздықтың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (11,4 %), ал ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында (7,3%) орын алып отыр.

Сонымен қатар, елімізде жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығы жалдама қызметкерлер (40,7%), ал 40,6%-ы мемлекеттік ұйымдарда болса, қалған 18,7%-ы мемлекеттік емес ұйымдармен шаруа қожалықтарында және өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың 92,5%-зы өз бетінше жұмыс істейтіндер, ал жұмыс берушілер үлесі 2,7% бұл әліде болса жекеменшік кәсіпорындардың аздығын көрсетеді, соның ішінде ірі кәсіпорындар аз.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі| Білім және кедейшілік

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)