Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім және кедейшілік

ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ | ГЛОССАРИЙ | Леуметтік сфера түсінігі | Леуметтік сфераның құрылымы | Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері | Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

Білім-адамдардың тұрмыс деңгейі мен сапасына кешенді ықпал етеді. Елдегі білімділіктің анағұрлым жоғары деңгейі өзге бірдей жағдайларда еңбек өнімділігінің өсуіне, жалпы ішкі өнім көлемінің ұлғаюына және кедейшілік ауқымдарының азаюына септігін тигізеді. Кәсіптік білімділік адамдардың өз мүмкіндіктерін толығырақ іске асыруларын қамтамасыз етіп, өзге бірдей жағдайларда олардың жұмыспен қамтылуларына, материалдық игіліктеріне арқау болады және кедейшіліктің орнау қаупін азайтады. БҰҰ жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз етуге ерекше маңыз беретіні баршаға аян. Даму деңгейі төмен елдерде көбіне кедей тұрмысты адамдардың жағдайларын біршама жақсартуға бастауыш білімнің өзі де жетеді, себебі сауатты адамдар анағұрлым жоғары еңбек өнімділігін жасауға, жаңа машықтарға үйренуге қабілетті, демек, оларға кедейшілік қаупі азырық төнеді.

Қазақстанда жалпыға бірдей бастауыш білім беру мәселесі тәжірибе жүзінде орындалған. 90-жылдардың соңына қарай бастауыш біліммен қамтудың таза көрсеткіші 99,5% құрады, соның ішінде ер балалар–98,8%, қыз балалар–99,1%. 15-24 жастардағы қазақстандықтар арасындағы сауаттылық ерлерде–99,9%-ды, әйелдерде–99,9%-ды құрайды. Соған қарамастан білім сапасының проблемасы сақталып отыр және балалар мен жастарды оқумен толық қамтымау проблемасы пайда болды. Бұл білімнің барлық сатыларынан көріністабуда. Мектепке дейінгі білімдегі балаларды мектепке дейінгі тұрақты ұйымдастыру мен қамту 90-шы жылдары үш еседен артық кеміді. 15-17 жастардағы балаларды оқумен қамтудың деңгейі төмен. Жаңа мыңжылдықтың бас кезіне қарай жалпы орта білім алмаған және еш жерде оқымайтын 15 жастағы шамамен 8%, 16 жастағы 5% және 17 жастағы 7% балалар болды. Ауыл мектептерінің тең жарымына жуыға тек бастауыш және орталау білім берумен ғана қамтамасыз етіп, толық орта білім жоқ ауыл балалары санасының ұлғаюына ұшыратты. Кәсіптік-техникалық мектептердің мамандықтар тізбесі негізінен индустриялық-қалалық жағдайлардағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне нысаналанған, бұл кәсіптік білімнің осы түрінің мүмкіндігін ауылдық тұрғындар үшін азайтады. Орта және жоғары кәсіптік білім алу үшін күндізгі оқу басымдылығы кедей тұрмысты адамдардың білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Кәсіптік білімді бюджеттік қаржыландырудың жетімсіздігі де сондай-ақ кедей отбасылар перзенттері үшін кедергі жасайды.

Сарапшылар білім саласындағы өзге де проблемаларды белгілейді. Сапалы білім алу үшін ауылдық мекендегі немесе шағын қалалардағы балалардың емес, ірі қалаларда тұратын балалардың мүмкіндіктері молырақ, кедей тұрмыстылардан гөрі тұрмыстылау отбасындағы балалардың мүмкіндіктері көп; жетім балалар мен денсаулықтары осал балалар үлестен көбірек құр қалған. Мектепке дейінгі білім саласындағы нақты теңсіздік күшейе түсті, себебі оларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ата-аналардың материалдық мүмкіндіктеріне байланысты. Жалпы орта білім беруде аз жабдықталған ауыл мектептерінің саны жылдан-жылға өсе түсуде, сондағы мұғалімдер өздері алған кәсіптік білімдердің ауқымынан тыс пәндер бойынша сабақтар жүргізуге мәжбүр болады. Төмендегі 4-ші кестеден байқап отырғанымыздай күндізгі жалпы білімді мектептер саны 1995/1996ж оқу жылдарының басында барлығы 8732 болса, бұның ішнде жеке меншік мектептер 38болған.Бұл 2003/2004ж оқу жылдарының басында 8254 мектеп қалған яғни 478 мектепке қысқарған,ал жеке меншік мектеп саны 155-ке өскен. Бастауыш кәсіби білім беру оқу орындарының саны осы жылдар арасында 116-ға қысқарса, колледждердің саны 95-ке, жоғарғы оқу орындарының саны 68-ге өскен.Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздықпен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. Кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп-тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын айғақтайды, оны кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының 1,5% атап көрсетті. Бұл орайда кедей тұрмысты отбасыларындағы 59,8% орта мектепті бітірген немесе бітіріп жатқан балалардың оқуды одан әрі жалғастыруға мүмкіндіктері жоқ, осы респонденттердің 76,0% негізгі себеп ретінде ақылы оқуға ақшаның жоқтығын атады.

Үй шаруашылықтарын зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтарындағы отағасы-ерлердің білім деңгейінің бүкіл шаруашылықтар бойынша орташа алғандағыдан төмен екендігін көрсетті.

Сонымен қатар, адамдардың білім деңгейлерінің экономикалық өсуге ықпалы, адамдардың табыстары мен кедейшілікті азайту бұдан да күштірек болуы мүмкін еді. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңінде Қазақстан нарықтық экономиканы қалыптастыру мен сабақтастырылған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа үрдістерін ескеру арқылы білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін дұрыс анықтай алмады. Бұл жағдай ашылатын жұмыс орындарының саны мен құрылымы және кәсіби білім жүйесінде кадрлар даярлау арасындағы сәйкессіздікпен көрінді.

Біршама дамыған елдердің тәжірибесі, егер жоғары білімді және білікті қызметкерлер тұрмыстың анағұрлым жоғары тұтыну стандарттарын ұстаса экономиканың дамуы мен адамдардың тұрмыс деңгейлеріне оң ықпал жасайтындары туралы дәлелдейді. Жоғары деңгейдегі біліктіліктегі мамандар былайғы тең жағдайлар кезінде жоғары молшылық бюджетінен жоғары табыстар алулары және олар қоғамның дәулетті жәктеріне жатулары тиіс. Білікті жұмысшылардың табыстары олардың орташа тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуі керек. Жұмыс істейтін азаматтардың төмен табысы және қоғамның кедей тұрмысты жіктеріне жатуы былайғы тең жағдайлар кезінде кәсіптік білімнің жоқтығы мен төмен біліктілік себептерінен түсіндірілуі мүмкін.

Экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін білікті жұмысшылар, табыстарының көлемі мен тұрмыстағы тұтыну стандарттарына қарай қоғамның әркелкі жіктеріне жатады, осы қажеттіліктерді аталған табыстар қамтамасыз етеді. Кен өндіруші өнеркәсіптегі және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциядағы білікті жұмысшылардың еңбек төлемдері ең жоғары, соның салдары ретінде, солардың табыстары дәулетті адамдардың жоғары тұтыну стандарттарын белгілейді. Өңдеуші өнеркәсіпте, құрлыста, саудада, көлік пен байланыста, қаржы секторы мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтін білікті жұмысшылардың табыстары орташа тұрмысты адамдардың табыстарына жатады. Ал ауыл шаруашылығындағы, білім және денсаулық сақтау секторларындағы білікті жұмысшылардың табыстары олардың кәсіптік білім мен біліктілік алуға сіңірген үлестерін мүлде өтемейді, себебі осы жұмыскерлер халықтың төмен тұрмысты жіктеріне жатады.

Біліктілігі жоқ жұмыскерлер әлеуметтік екі жікке бөлінеді: орта және төмен тұрмыстылар. Білім мен біліктілік және тұрмыс деңгейі арасындағы сәйкессіздік экономикалық қызметтің әрбір түрінің ішінен байқалады. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы, білім мен денсаулық сақтаудағы тұрмыстың төменгі тұтыну стандарттары білікті, сондай-ақ біліктілігі жоқ жұмысшыларға да бірдей тән.

Сонымен, республикада бірқатар қызмет түрлерінде біршама жоғары және біршама төмен білімді немесе кәсіби біліктілігі төмен болса, ол сапалы еңбекті ынталандыруға нұқсан келтіреді.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.| Халықтың денсаулығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)