Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері

Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі | Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі. | Білім және кедейшілік | Халықтың денсаулығы | Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері | Лоренц сызығы | Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі | Экономикалық-саяси принциптер | Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі | Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары |


Читайте также:
  1. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
  2. Леуметтік модельдердің принциптері
  3. Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері .

Жоспарлы экономика ұрпақтар ынтымақтастығы принципіне сай құрылған зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі үшін позитивті моменттерді қамтамасыз етеді. Яғни:

· еңбекке қабілетті халықты жұмыспен толық қамту;

· демографиялық проблемаларды тізбекті түрде шешуге мүмкіндік беру, миграциялық процестерде жоспарлау:

· зейнеткерлер саны мен түсетін зейнетақы аударымдарының көлемі арасындағы қатынаста аймақтың бірегейсіздіктерді Зейнетақы қорының қаржысы арқылы орталықтан басқару және түзету;

· қаржылық тәртіпті қатаң бақылау және зейнетақы қорына аударымдардан жалтарудың мүмкінсіздігі.

Осы жағдайларда әлеуметтік бағдарламалар зейнетақының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ал жеңілдіктердің көп болуы зейнетке шығуды тездетеді. Зейнетке ерте шығу- зиян өндіріске және қиын климаттық жағдайдағы жұмысқа еңбек ресурстарын тартудың негізгі стимулдардың бірі.

Зейнетақының көлемі соңғы жылдары алған еңбек ақыға, нңбек стажына және жасына байланысты болады, алайда бір шектеу бар- зейнетақы көлемі белгілі деңгейден аса алмайды.

Бұл жүйенің негізгі сипаттамалары келесі жағдайлар бола алады:

· зейнетақы қаржысын шоғырландырудың иелікке байланыссыздығы;

· жүйе ішінде зейнетақы қаржысын қайта үлестірудің міндеттілігі;

· зейнетақы құруда азаматтарда жаупкершіліктің және бастамашылдықтың болмауы;

· әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің монополиялануы.

Зейнетақы сақтандыру жарналарын төлеуге тәуелсіз тағайындалады, көптеген нәтижесіз льготалар бар.[1]

Көптеген елдердің зейнетақы жүйесіне мемлекеттік және мемлекеттік емес (жинақтаушы) зейнетақылық қамсызданудың бөлінуіне қарай даму тән. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақылық жинақтарды сақтап қана қоймайды, сол сияқты инвестициялық және басқа жобаларға жұмсау жолымен оларды көбейтеді.

Мемлекеттік емес зейнетақылық қамсыздандырудың спецификасы салымшы мен қатысушының құқықтары мен міндеттері көлемі, сипаты, басқару формасы және қор қызметіне әсер ету бойынша ерекшеленуіне.

Жинақтаушы зейнетақы қорларын басқа да қаржылық (инвестициялық) институттардан ерекшелейтін екі маңызды жағдай бар. Бұл, біріншіден, ЖЗҚ- на жарнаны төлеу кезін олардың қаржылық міндеттерін орындауды бастау кезінен бөліп тұратын белгілі уақыттың болуы. Екіншіден, жинақталған міндеттерді бір рет алу тек екі жақпен қол қойылған келісім- шартқа сәйкес мүмкін. Ережеге сай, жинақталған міндеттемелер жинақталған табыспен бірге сәйкес ұйымға (ұйымдық- құқықтық статусы бойынша) беріледі.

Бірінші талапта беріле қоймайтын және әрқашан периодикалық толтырылып отыратын «ұзын ақшалардың» осындай шоғырлануы- инвесторлар үшін тартымды маңызды фактор. Алайда, өздерінің қаржылық міндеттемелерін кепілді орындауға тырыса отырып, әлемнің зейнетақы қорлары кенеттен төлемге қабілетсіз болып қалмау үшін актуалды (қаржылық түсімдермен міндеттемелердің болжамды көлемін баланстайтын) есеп жүргізіп отырады. Ал халық салымдарының сенімділігіне кепілдік беретін мемлекет осындай құрылымдарда болатын қаржылық тәуекел мен қажетті сақтандыру қорларын реттемелейді және бақылайды. Осы ретте Жинақтаушы Зейнетақы қорының әлеуметтік- экономикалық қатынастардың нарықтық жүйесіне сіңіп кеткен институт ретінде жемісті қызмет етуінің міндетті шарттарын құруға болады:

1) нарықтың барлық қатысушыларының тең жауапкершілігін заңды кепілдейтін тұрақты құқықтың кеңістік (өзіндік қаржылық міндеттемелері бойынша мемлекет текіреді);

2) құндық бағасы бар көптеген материалды және материалды емес объектілеріне жеке меншік құқығы (өндіріс құралдары, жылжымайтын мүлік,бағалы қағаздар, интелектуалды меншік объектілері, және т.б);

3) кез келген нарықтық құндық объектілерді қаржы құралдарын сатып алу мен сатудың тиімді ұйымдастырылған және барлық қатысушыларға тең тиетін жүйе;

4) түрлі қаржылық тәуекелмен сипатталатын әртүрлі табыстылық дәрежесі бойынша қаржы құралдарының жеткілікті көлемі;

5) қоғамның халық жинақтарына олардың өз болашағын ойлаудың негізгі компоненті ретінде және ұлттық байлықтың артудың шешуші факторы ретінде көтермелі қатынасы.[1]

Көптеген дамыған елдерде зейнетақылық қамсыздандыру үш қайнар көз арқылы жүзеге асырылады: әлеуметтік сақтандыру шегінде мемлекеттік зейнетақы жүйесі, зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары және басқа қаржылық ұйымдар. Зейнетақылық қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі барлық халыққа немесе тек мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, ал кейде темір жол персоналдарына қызмет етеді. Көптеген елдерде халықты жасы жасы және еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақымен қамтамасыз ететін негізгі институттар- кәсіпорындардың, фирманың, кәсіби одақ пен халықаралық ұйымдардың персоналдарының зейнетақы қорлары. Бұндай қорларды әдетте «жеке» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметінің бірі ретіеде зейнетақыны жеке және топтық сақтандырумен айналысады.

Елде жеке зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму дәрежесі мемлекеттік зейнетақы жүйесі халықтың қажеттіліктеріне қалай жауап беретіндігіне байланысты. Жеке зейнетақы қорлары АҚШ-та көп тараған, мемлекеттік жүйе дамыған Скандинавия, Австрия сияқты елдерде аз тараған.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 323 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру| Зейнетақымен сақтандырудың түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)