Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық-саяси принциптер

Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері | Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі | Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі. | Білім және кедейшілік | Халықтың денсаулығы | Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері | Лоренц сызығы |


Читайте также:
  1. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
  2. Леуметтік модельдердің принциптері
  3. Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері .

Егер де әлеуметтік - реттелінетін нарықтық экономиканы құру оны ұйымдастыру "технологиясын" алуғағана келіп тірелсе, онда нарықтық экономика дамыған елдердің нақты тәжірибелерін игеру қиын болмас еді. Нағыз қиындықтық өзі де осында - қазіргі заманғы нарықтыі экономика әлеуметтік, экономикалық және саяси принциптердің ерекше жүйесін мойындауды және қабылдауды талап етеді. Принциптерді осылайша алдын ала жүзеге асырусыз нарықтық экономикаға көшуі мүмкін емес.

Бұл принциптер қандай?

1. Жеке адам бостандығының негізі, оның шығармашылық күшқуатының ашылуының шарты ретінде жеке адамның экономикалық өзін - өзі билеуі.

Жеке тұлғаның экономикалық өзін - өзі билеу қоғамдық өндірісті нарықтық ұйымдастырудың негіздерінің басты шарты. Себебі бұл - өз тұрмысын дербес жақсарту құқы (мемлекеттің "мырзалығына" үнемі тәуелді болатын кемсітушілік мәжбүрлігі емес), бұл - жеке адамның қолы жететін мөлшерде дербес табыс табу мүмкіндігі. Жеке адамның экономикалық өзін-өзі билеу принципін мойындау ғана нарықтық экономикаға қатысушылардың барлығы үшін де нарықтық белсенділіктің тең мүмкіндіктерін жасайды, үнемі қамтамасыз етіп отырады және жаңғырумен болады. Жеке адамның экономикалық өзін-өзі билеуі азаматтың барлық формаларындағы экономикалық дербестікке деген, соның ішінде кәсіпкерлік қызметке деген құқында болып табылады. Осы принципті жүзеге асырудан "азаматтық қоғамның" қалылтасуы да басталады.

2. Қозғалымдағы және қозғалмайтын мүліктің барлық түрін, оның ішінде жерге де қоса меншіктің құқығы, меншік иелерінің жеткілікті саны болуы - қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының шарты.

Нарықтық экономика жағдайындағы меншік рды - онлаңсыз өмір сүру кепілдіп емес. Ол - өз меншігін сауда - саттық (коммерциямен) пайдалану нәтижелері үшін мүліктің жауапкершілік, ол үнемі нарықтық ұдайы өндірюте ұстау қажеттіп. Меншік иесі болу қоғам тарапынан қорғау, қолдау және меншіктің барлық түрлері мен формалары, теңдігі, меншік обьектілерін сауда - саттыққа қолдану құқығы және осылай қолданудан түскен табысты пайдалану құқығына кепілдік берілгенде ғана мүмкін болады. Нарықтық экономика меншіктің "капиталистік" және «социалистік" меншікке идеологияландырылған бөлінудің жеңетіндіп және оларды нақты экономикалық, әлеуметтік тиімділігіне қарай бағалайтын болады. Осы формалар арасындағы экономикалық жарыс - нарықтық экономиканың өзін - өзі қозғалысқа келтіру механизмінің қажетті элементі.

3. Кез келген заңды және жеке адамның шаруашылық қызметін жүргізудегі теңдігі - маңызды принцип. Осындай теңдік қана өндірісті нарықтық ұйымдастыруға қажет жағдайларды - оның ашықтығын, көп салалылығын және осыған байланысты салалардың (секторлардың) бәсекелестіпн тұрақты түрде туғызып отыруға қабілеттіліп.

4. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығы

оның өз өндірісінің көлемі мен құрылымын, өнімнің түр түрін және оны өткізу (сату) көлемін, оған баға белгілеу мең әріптестер таңдаудағы дербес белгілеу құқығынан көріні табады. Тауар өндірушілердің экономикалық бостандығын шектеудің экономикадан тыс кез - келген әрекеті нарықтық экономика табиғатына жат болып табылады.

5. Сауда саттық (коммерциялық) принциптердің "көлбей және тік таралуы.

Бұл экономиканың барлық салалары мен деңгейлеріне нарықтық қатынастар "ендей кіруі"тиістігін білдіреді. Осылай ету ғана барлық экономикалық субьктілерді бір тұтас нарықтық ережелер бойынша әрекет етуге мәжбүр етіп тепе - тең нарықтық жағдайға қоя алады.

6. Баға белгілеу еркінділігінде әкімшіліктің бағаны белгілеуіне экономиканың нарықтық емес салаларында (ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, экология және бсқалары)ғана жол беріледі.

Көптеген бағаны қалыптастыратын факторлардың бір мезгілде ықпалетуі (ең алдымен - еңбек шығындары динамикасы, өндіріс пен айналымының шығындары сұраным мен ұсыным, табыстар мен инвестиция көлемінің) бағаларға болжап болмайтын сипат береді. Бұл нарықты тұрақты емтиханға және өндіріске қатысушылардын барлығының арасындағы шексіз бәсекеге айналдырады. Дәл осы болжам білместік тауар өндірушілерді өндірісті тұрақты түрде жетілдіріп отыруға, оның шығындарының ең төмен мөлшерге түсіруге және нәтижелердәң сапасын арттыруға мәжбүр етеді.

7. Тауар, еңбек, капитал нарық болуы және қозғалысы, серпін беріп отырады.

Әсіресе, қоғамның жұмысшы күшінің қолайлы түрде жұмыспен қамтылуын

және қажетті түрде қайта даярлауын қамтамасыз ететін нарығы өте - өте маңызды.

8. Нарықтық экономиканы мемлекет тарапынан реттеу мынандай басты бағыттарды қамтиды:

- Өндірісті түрақтандыру ("салықтық және инвестициялык саясат");

- Ғылыми - техникалық прогресті қаржыландыру ("ғылыми мақсатты бағдарламалар саясаты");

Әлеуметтік мәнді салаларға ақшалай көмек ("дотация, инвестициялық сая-

сат");

- Бәсекелестікті мемлекеттік қолдау ("монополияға қарсы саясат");

- Ақша жүйесін тұрақтандыру және сауықтыру ("финанстық және инфляция-

ға қарсы саясат");

- Тұрғын халықтың шектен тыс мүліктік теңсіздігін жеңу ("табыстар саясаты").

 

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі| Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)