Читайте также: |
|
Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін және "жұмыспен тапқан табыстар" құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының емір сүру деңгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренцтің сынық сызығы (53-сурет) халықтың әр түрлі тобының қоғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданылып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстары жатыр. Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 проценті қоғамның жиынтык табысының 20 процентін, халықтың 40% тиісінше табыстың 40, халықтың 80%-і табыстың 80%-тін және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді.
Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т. б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОҒ сызығындағы адамның барлық 100 процент табысты алатындығын білдіреді. ОҒЕ сынық сызығы — абсолюттік тенсіздік сызығы.
Күнделікті нақты табыстың бөлінуі — ОАВСДЕ сызығымен көрсетілген.
Бұл сызық көп ауытқыса немесе Лоренцтің қисығы ОЕ сызығымен ұлғайса, онда табыс бөлудегі теңсіздіктің көбейгені. Егер біз торланған аумақты ОҒЕ үшбұрышының аумағына бөлсек, табыс бөлудегі теңсіздік деңгейін білдіретін керсеткішті аламыз. Табысты бөлудегі теңсіздік рыноктық экономика қалыптасқан елдерде де, біздің елімізде де бар. Ресей экономикалық әдебиетінде бұл қайшылықты шешудің алғашқы шаралары ретінде әр түрлі жұмысшылар мен ұжымдардың жалақы деңгейін, олардың еңбек ығындарына сәйкестендіру керектігін кеп жазуда. Сонымен қатар енбек ақы төлеуде теңгермешілікті оюдың маңызы зор. Еліміздің тұтыну рыногының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету керек, яғни қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиістілер.
Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқаңда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығаңдықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т. б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамты-майды, ол сонымен қатар коғамдык өндіріске катысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т. б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 231 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері | | | Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі |