Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі

Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері | Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі | Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі. | Білім және кедейшілік | Халықтың денсаулығы | Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері |


Читайте также:
  1. D) Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады
  2. Бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
  3. Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау
  4. Бап. Қылмыстың қайталануы
  5. Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру
  6. Леуметтік сфераның қызметі
  7. Лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі

Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу — мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әлауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең теменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту — рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметгік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап ету керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты — осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе та-бысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.

Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорынын белінуі женіндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.

Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. 0ның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 процентке дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25—30%-і ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын). Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.

Қогамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.

Бірінші бағыт халыққа берілетін телемдер. Олардың келемі еңбекшілердің бұрынгы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайганлығьна байланысты зейнетакы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан караған жөн. Өйткені стипенидия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.

Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт — адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда кеп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.

Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытын ын ерекшелігі — жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі "қосымша" табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қша желша пайдалануға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қогамдык қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады. Табысты белудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жыл-дардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттік реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта белу процестеріне мемлекеттік араласудың шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі темендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар тобын өсірмей ме?

Жоғарыда аты аталған американ экономисі П. Хейне мынаны керсетеді: желкенді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойьшша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген жел-кенді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін "қоқыстанмын", жарлымын дегендердің саны жедел өседі

Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының (бағалылық заңының) объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс ифференциациясын (әркелкілігін) түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.

Қайта бөлу процестерінің келемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты белуді алып, үй шаруашылығынын 10 тобына топтастырғанда (53-суреттегі халықтың 20% емес, 10%) онда мынадай корытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгі 10%-не қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ (салықты төлегеннен кейін) онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз келемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы (салықты төлегеннен кейін) еңбекрыногының динамикасын төмендетті. Сонымен қатар рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға кемектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жогары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 524 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лоренц сызығы| Экономикалық-саяси принциптер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)