Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зейнетақы қорының мәні

Білім және кедейшілік | Халықтың денсаулығы | Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері | Лоренц сызығы | Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметі | Экономикалық-саяси принциптер | Леуметтік қорғау жүйесінің түсінігі | Леуметтік қорғау жүйесінің бағыттары | Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру | Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері |


Читайте также:
  1. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  2. D) Істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады
  3. I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
  4. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
  5. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
  6. Зейнетақымен сақтандырудың түрлері

Зейнетақы қоры - қатысушыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен оларды пайдалануды білдіретін түрлі жоспарлы қызметпен айналысатын ұйым. Әрбір зейнетақы қоры өз заңдарына сәйкес жұмыс істейді, және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен байланыссыздербес заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Зейнетақы қоры өзі құрылған және персоналдары қызмет ететін мекеме міндеттемелері бойыншажауап бермейді. Алайда зейнетақы қорының тәртіптерінде оны құрған ұйым қордың ағымдық дефицитін жабуы немесе қысқартуы тиіс жағдайлары қарастырылған. Көптеген зейнетақы қорының негізінде зейнетақыны өзін-өзі толық қаржыландыру принципі жатыр.

Зейнетақы қорының (міндетті немесе ерікті) қатысушысы болып қор іс-әрекеті тараған ұйымда тұрақты, кейде мерзімді жұмыс істейтін қызметкер табылады. Жеке тұлға бірнеше зейнетақы қорында тізбектеліп қатыса алады- жұмыстың ауысуына байланысты қор да өзгереді. Сәйкесінше, әрқорда тұлға өзін біраз зейнетақымен қамтамасыз етеді.

Зейнетақы қорының қызметін әртүрлі инвестициялық процесс ретіндеқарастыруға болады. Бір адам үшін қор құрылған кездегі абстрактілі жағдайды қарастырайық. Бұл процесс екі сатыдан тұрады. Периодикалық жарналардың бірінші жолында қор құрылады, қаржыны жинақтау жедел жүреді, себебі алынған ақша табыс алу үшін инвестицияланады. Екінші сатыда (инвестициядан түсім) қаржы зейнетақы төлеу үшін щығындалады. Теория тұрғысынан зейнеткер өмірінің соңғы күндерінде құрылған қор жұмсалып бітеді. Айтылған зейнетақыны сақтандыру мәнін көрсетеді. Өмір ұзақтығының түрлілігіне байланысты жеке қатысушының жарнасы мен төлемдерінің нақты балансын алу мүмкін емес. Бір жастағы және жынысты бір адамдар тобы үшін ғана осындай баланс алуға ұмтылады.

Зейнетақылық қамсыздандырудың екі түрінде де- өндірістік және жеке сақтандыру кезінде әртүрлі дәрежеде болса да сақтандыру принциптері қолданылады. Алайда олардың арасында ерекшеліктер болады. Олрдың негізгісі жеке компаниялар және мекемелер кезінде құрылған зейнетақы қорында кәсіпкерлік пайда жоқ. Бос қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс, әдетте, өзінің негізгі массасында қатысушыларға арналады. Сақтандыру ұйымдарында зейнетақысақтандырған кезде компанияға тиесілі кәсіпкерлік табысты қарастырады.(егер ол акционерлік қоғам болса, пайданың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі). Бұл сақтандыру зейнетақы қорларына тән.

Басқа ерекшеліктерді атауға болады, мысалы, өндірістік зейнетақы қорында зейнетақылық қамсыздандыру көлемі мен жарна сомасы арасында қатаң байланыс жоқ. Зейнетақы деңгейі әдетте тәжірибе мен орташа жалақыға байланысты. Зейнетақыны жеке сақтандыру кезінде жарна деңгейі сақтандырылатын зейнетақы мөлшерімен анықталады және алатын жалақы деңгейіне тәуелсіз. Зейнетақы сомасы сақтандыру ережелерімен анықталатын шекте кез келген болуы мүмкін.

Соңғы кезде шетелде байқалған өндірістік зейнетақы қорының дамудың тездеуі факторларға баланысты. Ең алдымен, персоналдың қордағы қатысуын ынталандырушы факторларды ерекшелейміз. Олардың негізгісі- жұмысберушінің зейнетақыны бөлшектеп қаржыландыру. Нәтижесінде қор қатысушысына зейнетақыны жеке сақтандыру жолымен өз жарнасымен зейнетақыны толық қаржыландыруға қарағанда әлдеқайда арзанырақ келеді. Басқаша айтсақ, зейнетақы қорына қатысу жасырын қосымша жалақы алуға тең. Осы жерден зейнетақы қорының шарты- жұмыс орнын таңдау кезіндегі маңызды момент. Зейнетақы қорының болмауы маңызды теріс фактор болып саналады.

Кәсіпкер жайында айтсақ, зейнетақы қорын қаржыландыруда құру мен қатысу кадрлардың ағылып кетуін тоқтатады, персоналды дайындау шығындарын азайтады. Жұмыс беруші үшін тағы бір ерекше фактор- зейнетақы қорында жинақталған, өз акциясын қорға сату түрінде жинақталған резервтен өзіндік несиелеу мүмкіндігі.

Зейнетақы қорының дамуында салық саясаты маңызды рөл атқарады. АҚШ- та және басқа елдерде жұмыс берушінің қорға жарнасы өндірістің қажетті шығындары ретінде қарастырылады да, федералды салық салынбайды. Қор инвестициясының табысы да толық немесе бөлшекті салықтан босатылады.Сонымен, мемлекет зейнетақы қорын қаржыландыруға жанама қатысады.

Қарастырылуы тиіс тағы бір фактор бар- кәсіподақ әсері 50-жылдардың басына дейін АҚШ- та кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларына жақсы қарамады, өштесті. Себебі қордың пайда болуынан кәсіпорын персоналдарына әсер ету деңгейі азайды. Кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларының шартын жасауға қатысу құқығын алғаннан кейін, жағдай өзгерді.

 

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 215 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зейнетақымен сақтандырудың түрлері| Индустриалды технологиялық стратегия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)