Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудегі отбасының ролі

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ | Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері | Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы | Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы. | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. | Дәріс тақырыбы: Еңбек тәрбиесі бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру | Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы. | Дәріс тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу |


Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс
  4. Дәріс 1.
  5. Дәріс 10.
  6. Дәріс 11.
  7. Дәріс 12.

1. Қазіргі заманғы отбасының міндеттері.

2. Жанұя тәрбиесі педагогтармен ата-аналардың әрекеттесу формалалары

3. Ата-аналарды оқыту.

4. Отбасының сензитивтік кезеңдегі бастауыш сынып оқушысына әсері.

1. Жарық дүниеге жас нәресте, ұрпақ сабақтастығын жалғастыра жаңа адам келді. Оның қандай азамат болып қалыптасатындығы көбіне-көп отбасында ата-анасының, аға-апасының, ағайын-туғандарының тағылымына, оқитын мектебінде оқытатын ұстаздарының тәлім-тәрбиесіне, аулада-аға буын өкілдерінің, көрші-қалаңның, құрбы-құрдастарының өнегелі үлгісіне, қоршаған нақты әлеуметтік ортасының ықпалына байланысты. Қоршаған ортаның-қоғамдық болмыстың, нақты әлеуметтік ортаның көмегінсіз жас баланың адам ретінде қалыптасуы, бойына адамзат қауымдастығына тән саналармен қасиеттерді сіңіру екі талай.

Өмірге жаңадан қадам басқан жас баланың әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге даярлау тәрбиешінің де тәрбиеленушінің де белсенді іс-әрекетін қажетсінетін күрделі процесс. Ол тәрбиешіден өсіп-өніп келе жатқан әр жас баланың өзіндік және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгілі бір жағдайлар да керек нәтиже беретін тәлім-тәрбиелік әдістер мен тәсілдірді таңдай және қолдана білуін қатаң талап етеді.Ал тәрбиеленушіден өзінің қабылдау мүмкіндіктерін дүұрыс әрі орынды пайдалана отырып, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруды талап етеді.Соның арқасында оның бойын да өз мінез-құлқын басқалармен салыстырып, бағалау қоғамнан өз орнын табу, өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті жетіледі.

Жанұя әлеуметтендір институты ретінде.

Жанұя-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі. Оның сапасы бірнеше деңгейлер,салалар арқылы анықталады.

Әлеуметтеу жанұяны тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі қоғам жасушасы әлеуметтік тәрбиелеу ұжымы ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік экономикалық сфералар болып жататын өгерістер жанұяда көрініс табады. Бірақ өзге әлеуметтік ұжымдардан айырмашылығы (өндірістік, кәсіби, саяси) жанұя тікелей қайта құруға ұшырасады. Жанұяның моральдық функциолдық жаңару процесі ұзақ және күрделі процес. Жанұя бала үшін өмір сүру және тәрбиелеу ортасы болып табылады. Жанұяның ықпалы баланың алғашқы өмір сүру кезеңінде басқа тәрбие ықпалына қарағанда күштірек болады. Зерттеу қорытындысы бойынша бұл уақыттағы жанұя мектепті бұқаралық ақпарат құралын қоғамдық ұйымдарды еңбек ұжымын, достарын әдебиет пен өнердің ықпалын бейнелейді. Бұл педагогтар үшін белгілі бір тәуел-ті шығ-ға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның қалыптасуының сәттілігі ең алдымен жанұяға негізделеді. Неғұрлым жанұя күшті неғұрлым бұл тәжірибе де күшті ықпал жасайды, соғұрлым тәрбиеде адамдық, денелік, еңбек тәрбиесі нәтижелері жоғары болады. “Ұяда некөрсең, ұшқанда соны ілесің”, “Яблоко от яблоки не далеко падает”. Бұл тәуелділік практикада тек қана баламен әңгімелесу және байқау арқылы оның қандай жанұяда тәрбиеленіп жатқанын түсінеді. Немесе керсінше ата-анамен әңгімелесіп отырып, олардың жанұяда қандай балалар өсіп келе жетқанын анықтауға болады. Жанұя және балалар бір-бірінің айнасы.

Егерде жанұя жеке тұлғаның қалыптасу нәтижелеріне және үрдістеріне күшті әсер етсе, онда ең алдымен қоғам мен мемлекет жанұяға, оның дұрыс тәрбие ықпалын ұйымдастыруына үлкен көңіл бөлулері қажет. Денсаулықтары зор, рухани бай жанұялар мемлекеттің күштілігінің көрінісі. Қазіргі таңдағы жанұялар жақсы күш кешулерден алыс. Көптеген жанұяның ата-аналары күштері мен уақыттарын балаларының рухани қалыптасу мен дамуына емес, материалдық қамсыздануға жұмсап жатыр. Әлеуметтік зерттеулер қортындысы бойынша, жұмыс жасайтын әйел адам баланың тәрбиесіне тәулікке 16 минут, ал демалыс күндері 30 минут. Ата-аналардың балаларымен рухани қарым-қатынас жасауы, олардың бірлескен жұмыстары, көптеген жанұялар үшін мүмкін болмай отыр. Балалардың жанұяда қанағаттанарлықсыз тәрбиеленуінің кейбір өзекті себептерін қарастырайық:

1) Жоғары емес экономикалық деңгейі

2) Қоғамдық өмірдің төмен мәдениеттілігі (жұмыстан айырыламын деген қорқыныш, ертеңгі күнге сенімсіздік, әлеуметтік дағдарыс, басшылардың екі жүзділігі) Бұл жағдайлар адамдарды қысымға түсулеріне, стресске ұшырауына алып келеді.

3) Әйел адамға қос ауыртпалықтың түсуі (жанұя жұмысы)

4) Ажырасудың жоғары көрсеткіші, ажырасу бұл әр кез балалар тәрбиесінің мәселесі

5) Қоғамда қалыптасқан пікір – ер адам тек әйелге бала тәрбие жөнінде көмек етеді.

6) Жанұя мен мектеп арасындағы алшақтықтың өсуі. Соңғы 60-70 жылда біздің қоғам қараусыз қалған балалар мәселесі мен соқтығысты. Кейбір бөлігі (5-6% балалардың тіптен отбасылық қараудан қалған.) бұл жағдайларды түзеу жолдары:

1) жанұядағы қатнастарды гуманизациялау

2) нақты жанұядағы нақты мәселеге бағытталған мектеп пен шіркеулің бірлескен іс-әрекеті.

Гуманитарлық қорлармен, қоғамдар мен соның ішінде Қызық крес ұйымымен, қайырымдық – тәрбиеліәк программаларды бірлесіп жасау.

Әлеуметтік- мәдени деңгей ата-аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына, әлеуметтік-экономикалық деңгей тұрмыстық жағдайға, ата-аналардың жұмыс бастылығына; техникалық –гигиеналық деңгейі, үйінің жабдықталуына, өмір сүру еркшеліктеріне, демократиялық деңгей отбасы құрамына байланысты. Бала дамуының бағытын, қай кезеңін алсақ та, ең басты рөлді отбасы атқаратыны анық.

Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:

-бала денсаулығына қамқорлық;

-оқуына көмек, жетекшілік;

-еңбек тәрбиесі, мамандық таңдауға көмек.

-жеке тұлғаның әлеуметтендірудегі көмек.

-адамгершілікке тәрбиелау

-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал.

-шығармашылық икемділіктері мен қызығушылығын дамыту.

-өзін -өзі тәрбиелеуге, болашақтағы отбасылық өмірге дайындау.

Сонымен. отбасылық тәрбиенің мәңгі ажырамас бөліктері.

-отбасылық тәрбие ахуалы (өзіндік дәстүр, жайлы жағдай, қарым-қатынас).

-отбасы өмірінің тәртібі.

-іс-әрекеттің мазмұны (әкенің, ананың, ата,әже, балалардың)

Қазіргі отбасылар әрі саналы, жаңа әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда дамып келеді.Бір жағынан, қоғамның, отбасының келелі мәселелері мен қажетттіліктеріне бет бұрысы байқалады, бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын бекітумен жоғарлату бағытында жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Екінші жағынан,қоғамды жанұядағы келеңсіз жағдайлардың күшеюін әкеліп соқтыратын құбылыстарда байқалады. Отбасылардың көпшілігінің әр түрлі себептен тұрмыс жағдайларының төмендеуі неке мен жанұяға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, ішкі тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ата-аналардың айрылысуы, толық емес яғни әкесі не шесесі жоқ отбасыларының көбеюі жанұядағы балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі т.б. Осының бәрі әлемдегі,елдердегі, қоғамдағы жағымсыз жағдайлардан, отбасының әлеуметтендіру институты ретінде шырқының бұзылуынан екені сөзсіз. Жанұяның келелі мәселелері балалардың өздерінде толғандырады «Бәрінен бұрын өмірде неге қол жнткізгің келеді?» деген сұраққа, жасөспірімдердің «61,7 пайызы» -жақсы отбасын құру деп жауап беруі тектен тек емес.

Отбасы-тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Ол жанұяда адам аралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі.Жанұяда өз ретінде қарапайымда жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

Осыларды жинақтай келе келесідей қорытындылар жасауға болады:

- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек.

Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;

- Қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;

-отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады.Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді.

-салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;

-отбасының маңызды әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;

-отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

2. Жанұя-бұл белгілі дәстүрлерді, адамшылдық бейнені, идеялды, жақсы өнегелерді сақтаушы. Осындай әдет-ғұрыптармен баланың жеке басы және интеллектуалдылық өмір қадамы және мінезі қалыптаса бастайды, моральдық норманы игеруге тырысады. Сондықтан жанұя өмірі жеке адамның азамат болып қалыптасуының негізі болады.

Ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Ал бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, санасын және тиімділігін жақсарту үшін жанұямен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

Баланы жан-жақты тәрбиелеуге жанұя мен мектеп ұжымы тікелей міндетті. Олар білім және тәрбие процесін іске асыруды өзара бірігіп күш салады, нәтижелі жұмыс істеуге тырысады, балалардың дер кезінде жалпы орта және кәсіптік білім алуына қажетті жағдай жасайды.

Мектептің отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру мынадай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады:

1. Мектептің педагогикалық ұжымының, ата-аналар комитетінің, тұрғын орны бойынша қоғамдық кеңестің, клубтардың,кітапханалардың, стадиондардың, полиция және денсаулық сақтау ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарының жоспарын үйлестіру және тәрбиелік процеске қатысушылардың әрбіреуінің функцияларының анық болуы

2. Мектептің күшімен ата-аналарды және жұртшылықты педагогикалық біліммен қаруландыру.

3. Тәрбиелік жұмыстың барысын және нәтижесін мұқият зерттеу және бірлесіп талқылау.

Мектеп ата-аналармен әр түрлі аталатын ата-аналар бірлестігімен, яғни ата-аналар комитеті, кеңестер, конгресстер, ассоциациялар, комиссялар, клубтар т.б.

Мектеп ата-аналармен байланысты, көбіне сынып жетекшілерінің күшімен жүргізеді.

Ата-аналар бірлестіктерінің басты міндеті ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық ағартудың түрлері:

-педагогикалық бірлестік университеті, «Университет» бағдарламасы сынып оқушыларымен ата-аналардың құрамын ескеріп құрылады.

Дәріс.Тақырыптары: балалардың жас ерекшелік психологиясы, отбасындағы жыныстық тәрбие т.б.

Конференция. Тақырыптары: бала өмірден ойын, отбасындғы адамгершілік тәрбиесі т.б.

Практикум-бұл ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық жағдайларды тиімді шешу жолындағы өзіндік жаттығулары.

Ашық сабақтар. Ата-аналарды оқу жылында 3-4 рет ашық сабақтар қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

- педагогикалық пікірталас.

- Рөлдік ойындар.

- Тақырыптық жеке кеңестер.

- Оқушының үйіне бару.

- Хат арқылы байланыс.

- Ата-аналар жиналысы.

Сонымен балалармен жеткіншіктерді жан-жақты және үйлесімді етіп дамытуда жан ұяның педагогикалық ықпалы тәрбиенің басты принциптеріне негізделеді.

Олар: ата-аналардың жалпы тәрбиенің мақсатын жете түсіне білуі, жанұядағы бірауыздылық, өзара сыйластық пен түсіністік, жылы шырай-жанұя мүшелерінің рухани күшінің сарқылмас қоры; ата-ананың жанұядағы беделі бала үшін, барлық жанұя ұжымы үшін байыпты үлгі, ата-аналар мен мұғалімдердің баларға бірыңғай талап қоя білуі.

Осы принциптерді жүзеге асыру мектеп пен жанұя арасындағы істелетін жұмыстардың мақсаттарына, мазмұнына, формаларына байланысты.

3. Ата-аналарды оқыту.

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар.

Ата-аналарға түрлі тақырыптарда әңгімелер мен лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрижесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай бяндалуы қажет. Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы балалар тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері, іс-әрекеттерінің түрлері, әсіресе алты жастағы балалар мен ұйымдастырылатын істердің формалары, әдістері мен тәсілдері жайлы. Сонымен бірге қиын балалармен жұмыс істеуде кездесетін кейбір қиыншылықтарды болдырмауды алдын-ала қарастыру, олардың таным қабілетін еңбекке деген ынтасын, қызығушылығын оятып, мұғалімдер ата-аналармен әңгіме өткізеді, пікір алысады, қажетті кеңес береді.

Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің барысында, олардың өмірге дген көзқрастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды консультациялар алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін есепке алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандарды, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.

Конференция өткізу.

Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікі алсу негізінде қарама-қарсы (параллельді) сыныптар оқушыларының ата-аналарының конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының өкілдері де қатысады. Конференцияда талқыланатын тақырыптарды күні бұрын, яғни алдын-ала ұсынуға болады. Мысалы: «Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы», «Отбасы тәрбиесінде жұртшылықтың рөлі» т.б.Сонымен бірге кейібір жанұяда бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың: Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда «Мен балама қалай көмектесемін», «Біздің жанұядағы еңбек тәрбисі», «Жанұяда бала бос уақытын қалай пайдалану керек» сияқты баяндамалары тыңдалады.

Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрайымы я болмаса республикалық еңбегі сіңген озат мұғалым ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алсу болады.Конференция өз жұмысын қысқа әдстемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, жанұялық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгілі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн тәртібі, жанұя тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың мәтріні т.б.

Ата-аналар лекторийлері: Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнайы жоспар бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады.

Обылыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің жоспарын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді.Мысалы, шағын жоспарда мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

  1. Жалпы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
  2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында ортаның және тәрбиенің рөлі.
  3. Қоғамдық және жанұя тәрбиесі, олардың бірлігі.
  4. Тәрбиенің психологиялық негіздері, принциптері мен жалпы әдістері.
  5. Ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесі.
  6. Балармен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, қалаған мамандығын саналылықпен таңдауға мектеп, өнер кәсіптің ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік рөлі.
  7. Эстетикалық және дене тәрбиесі.
  8. Әскер-патриоттық тәрбие.
  9. Жыныс тәрбиесі, жастарды отбасылық, некелік өмірге дайындау.
  10. Ғылыми педагогикалық тәрбие.

Тәрбие жұмысының маңызды бөлігі ретінде педагогтардың ата-аналармен қарым қатынас ұйымдастыру болып табылады.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 710 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Класс жетекші жұмысындағы диагностика.| СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)