Читайте также: |
|
1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық органы болған кезде заңды тұлға онда орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе, ондай салық органы болмаған кезде арнайы экономикалық аймақтың аумағы заңды тұлғаның орналасқан жері болып табылады;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса;
5) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын заңды тұлға үшін мынадай шарттар сақталған жағдайда, - заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер арнайы экономикалық аймақ қатысушысының арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол осы баптың қолданылу мақсаттары үшін қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ 2015.01.01 дейін қолданыста болады (ҚР 2008.12.10 № 100-IV Заңының 57-б. қараңыз).
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн заңды тұлға:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тiркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi жоқ болса;
4) мынадай шарттар сақталған жағдайда заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының кемiнде 70 пайызын өзi өндiрген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстiң 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жүзеге асырса, ол «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Осы тармақта көрсетілген заңды тұлғалардың тізбесін арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді.
Осындай тізбені қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетiн тауарларды өндiретiн ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар;
4) инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатпайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін белгіленген ережелерін қолдануға құқылы емес.
4. Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
Алынған (алынуға жататын) кірістерді осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған кірістерге жатқызу дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу, сондай-ақ нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы бөлімде және осы Кодекстің 244-2 және 244-3-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 150-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 470-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Салық ставкалары | | | Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу |