Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. Глоссарий
  4. ГЛОССАРИЙ
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ

 

Кiтаптың бiрiншi парағы – титул парағы деп аталады. Титулда – оқырмандарға маңызды басты мәлiметтер – кiтаптың авторы, тақырыбы, баспа үйi және оның мекен-жайы, кiтаптың шыққан жылы және т.б. жазылады.

Титул парағы – бiр парақты (екi беттен, парақтың оң және терiс бетiнен) және екi парақты (кiтап ашқандағы алғашқы төрт беттен тұрады). Екi парақты титул парағының бiрiншi бетi – авантитул деп аталады. Бұл беттi көбiне ашық қалдырады немесе баспаның атын және маркасын, девизiн басады және т.с.с. Екiншi бетi – контртитул немесе фронтиспис деп аталады. Контртитулда – соңғы мәлiметтердегi (выХодные сведения) кейбiр бөлiгi немесе аударма басылымдарда түп-нұсқаның титулдық мәлiметтерi басылады. Контртитул негiзгi титул парағында мәлiметтер тым көп болғанда, к-да осы мәлiметтердi бөлiп басады. Контртитулдың тағы да бiр мақсаты – кiтаптың ашылуын созып, маңызын арттырып, салтанаттандыру.

Контртитул мен авантитул – екi қосымша бет – олардың көркемдiк және логикалық қажеттiлiгiн – алдымен шешiп алу керек. Фронтиспис – (сурет немесе көбiне автордың бейнесуретi) орналастырылатын бет. Негiзгi титул бетiне қарсы орналастырады. Фронтисписте автордың портретi немесе бүкiл кiтапқа арналған сурет басылады. Фронтиспистегi бейнесурет кiтаптың маңызын, мазмұнын арттырып, оқырмандарға деген әсерiн асырады. Бұл кiтапты жарнамалауға да маңызы бар.

Титул парағының екiншi және үшiншi бетi ашық титул бетiн құрайды. Онда екi бетке қатар орналасқан, немесе бiр беттен екiншi бетке жалғастыра орналастырылған мәтiн немесе жалғастыра орналастырылған мәтiнмен сурет немесе сурет орналастыруға болады.

Шмуцтитул – кiтаптың iшкi беттерiндегi ең бiрiншi бет. Бұл беттiң оң жақ бетiнде шығарманың тек тақырыбы немесе бөлiмнiң тақырыбы, кейде тақырыпқа сәйкес сурет бейнесi бар немесе эпиграф, немесе тақырыпшалардың тiзiмi жазылады, ал керi бетi не таза болады, немесе шығарманың немесе бөлiмшенiң мәтiнiмен толтырылады. Шмуцтитул кiтап бетiнiң тақ санды оң жағында орналасады. Шмуцтитулдар алдымен оқырмандарға керек, олар шығармалар мен бөлiмшелердi бiр-бiрiнен алшақтатып, оларды iздеп табуды жеңiлдетедi. Осы шмуцтитулды пайдаланып, суретшiлер шығармаға немесе бөлiмшеге сәйкес келетiн бейнесуреттердi шмуцтитулдың оң жақ немесе керi жақ бетiне орналастырып кiтапты көркемдiк безендiрiлуiн асырады. Ал егер шмуцтитулдардың бетiн түгелдей бояп қойса (плашкамен), кiтап iшiндегi жаңа шығарманы немесе басқа бөлiмдi тез тауып, ашуға қолайлы болады.

Автомат – (от греч. Automatos – өзі жұмыс жасаушы) – ақпараттарды немесе материалдарды, энергияларды тарату, айналдыру, адамның қатысынсыз берілген бағдарламар бойынша орындайтын құрылғы.

Корректор – редакцияның, баспахананың қызметкері. Ол терілім кезінде жіберілген қателерді гранкадан немесе газеттердің, журналдардың, кітаптардың беттерін жасау кезінде түзетеді.

Корректура – түпнұсқаны теру кезінде немесе бет жасау кезінде жіберілген қателерді түзету процесі.

Диапозитив – фотографиялық тікелей бейне.

Қағаз табақшасының бөлшегі – қағаз табақшасының көлемін белгілі бір санға (әдетте 8, 16, 32, 64) бөлу. Баспа табақтағы беттің саны қағаз табақшасының бөлшегіне тең келеді. Мұның өзі әр басылымның форматы қандай екеніне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Колонтитул – шығарманың негізгі атын немес оның бір бөлімінің, тарауының атын, сондай-ақ беттің кезекті нөмірін көрсететін жазулар жиынтығы. Әдетте кітап бетінің жоғарғы жағынан беріледі.

Каптал — кітаптың мұқабасының немесе блоктың үстіңгі жағының түсіне ұқсас жібек немесе мақта-мата кездемесінен жасалған жінішке лента. Ол мұқабаның түптеуі мен блоктың үстіңгігі бетінің екі арасына бекітіледі Кез-келген кітаптың жалпы безендірілуінің қосымша бір түрі болып табылады.

Түптеу — кітаптың блок салынған екі жақ қаптамасы. Қапың құрылысы жағынан түптеме тұтас және құрамды, қатты, жұмсақ, кесімді және кантты болып бөлінеді. Сыртқы материалы картоннан, қатырма қабаты бар баспа қағазынан, техникалық немесе кәдімгі кездемеден, былғарыдан болады.

Перфорация — қағаз бетінде майда, белгілі бір дәрежедегі сызық бойын­ша жасалған үсақ тесіктер. Мұндай тесіктердің көмегімен қағазды жырту сызығы пайда болады.

Баспа табақ — кез келген басылымның көлемін өлшеуге колданылатын жалпыға бірдей қабылданған өлшем. Ол форматы 60x90 сантиметрлік қағаз табағының бір бетіне басылым көшірме түсірілген табақ. Баспа табақта жасалған беттің жалпы саны қағаз табағы үлесінің тап сол басылым үшін қабылданған түріне сай келеді (1/8 үлес бол-ран кезде 8-ге, 1/16 үлес болған кездс 16-ға, 1/32 үлес болған кезде — 32-ге, 1/64 үлес болған кезде — 64 бетке тең келеді). Бланкалық және билеттік өнімдердің баспа табақ мөлшерін өлшеу үшін 60х84 сантиметрлік форматтағы қағаз табақшасы алынады.

Полиграфиядағы өлшем жүйесі — баспаханалық материалдарды, шрифтерді, мәтін бағаналарының енін, терілімнің форматын тағы басқаларын өлшеу үшін қолданылатын ерекше өлшем бірлігі. Ондай өлшем бірлігін баспаханалық өлшемдер жүйесі не­месе типометриялық жүйе деп атайды. Оның негізіне сызықтық өлшем бірлігі — 0,376 миллиметрге тең 3/8 миллиметрге жуық) пункт алынған. Неғұрлым ірі көлемдегі өлшемдер үшін басқа өлшем бірлігі 48 пунктке немесе 18 миллиметрге тең квадрат алынған, басқа өлшем бірліктері осы көрсетілген өлшем бірліктерінен туындайды. Мысалы: 3/4 квадрат немесе 36 пункт: 1/2 квадрат немесе 24 пункт: 1/8 квадрат немесе 12 пункт: 1/8 квад­рат немесе 6 пункт. Бұл өлшем бірлігінің жүйесі европа елдерінің көпшілігінде қабылданған. Дегенмен өлшем жүйесінің негізіне 0,351 милли­метрге 1/72 ағылшын дюймі) тең пункт алынған ағылшын-американ баспаханалық өлшем жүйесі де бар

Басылым тәсілдері — терілімнің басылым көшірмелерін көбейту тәсілдері. Оның негізгі үш түрі бар: шығыңқы, ойыңқы және жазық басылым.

Кітап - сөзі араб тілінен аударғанда "хат", "сауат", "жазба", ал түсінік тілінде "дәптер" деген ұғымды білдіреді. Әр баспа табақ — 16 беттен тұратындығын ескерсек, ЮНЕСКО халықаралық ұйымы белгілеген норматив бойынша кітап 3 баспа табақтан, яғни 48 бетген кем болмауы керек. Сонымен кітап дегеніміз көлемі 48 беттен артық мерзімді емес басылым. Ал 48 беттен кем көлемдегі басылым — брошюра, яғни кітапша деп аталынады.

Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға;

Авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары

Кiтап пiшiмдерi: DUHAo (841 х 1189 мм) толық төрт шаршы табақтық бүктемесiз көлемдi – олиант кiтап DUHA1(594 х 841 мм), бiрбүктемдi жарты табақтық (3/4) көлемдi кiтап DUHA2(420 х 597 мм) қос бүктемдi – инфолию кiтап, DUHA3(297 х 420 мм) көлемдi кiтап, DUHA4(210 х 297 мм) қос қосарлы екi бүктемдi – инкварто кiтап, DUHA5(148 х 210 мм) көлемдi кiтап, DUHA6(105 х 148 мм) қосарлы үш бүктемдi – иноктаво кiтап, DUHA7(74 х 105 мм) көлемдi кiтап, Полианттан басқа ДUH1- үлкен көлемдi, ДUH2- әдепкi көлемдi, ДUH3– орта көлемдi, ДUH4, ДUH5, ДUH6, ДUH7– кiшi көлемдi кiтаптар, ДUH8– (52 х 74 мм) қосарлы төрт бүктемдi – седең кiтап. Осыдан арғы кiтаптар жан қалталық, төс қалталық кiтаптар деп аталынады. Олар, сондай-ақ: ДUH9(37 х 52 мм), ДUHА10(26 х 37 мм), (ДUH11(18 х 26 мм), ДUHА12(13 х 18 мм), ДUHА13(9 х 13 мм) көлемдi кiтаптар.

Офсеттік басу әдісіне тән мынандай ерекшеліктер болады: біріншіден–басу формаларын дайындау барысында басу және ашық жол элементтерінің өзіндік физико-химиялық ерекшеліктері бар. Басу формасындағы басу элементтері майлы бояуды қабылдап, ылғалды қабылдамайды, ал ашық жол элементтері, керісінше ылғалды қабылдап алады да, майлы басу бояуын қабылдамайды. Себебі ашық жол элементтері гидрофильді, ал басу элементтері олеофильді (немесе гидрофобты) болып келеді. Сондықтан басу процесінде, формаға алдымен ылғалды ертінді жағылады, сонан соң бояу беріледі.

Computer-to-Рlate–технологиясы бойынша басу формаларын арнайы шығару құрылғыларының көмегімен дайындайды. Мысалы лазерлі принтер немесе жазып алушы лазерлі құрылғы. Осы жабдықтарды «Computer-to-Рlate» жүйесі немесе «плейтсеттер» деп атайды. Лазерлі принтерлер негізінде құрылған жүйелер бұл технологиясының ең қарапайым түріне жатады. Мұнда бір бояулы, растр линиатурасы 40-48 мин/см болатын өнімдерді дайындайды. Себебі лазерлі принтерлердегі электрофотографиялық процестің нүктелендіру қабілетінің мүмкіншіліктеріне байланысты болады. Бұл технологиядағы формалық материалға жарыққа төзімсіз гидрофильді полиэфир пленкасы жатады.

Басудан кейінгі өңдеу процестері - басылым өнімдерін дайындаудың соңғы кезеңі болып есептеледі. Парақты өнімдерден басқа барлық басу өнімдері - кесу, бүктемелеу, перфорациялау, із салу (биговка), парақтарды немесе дәптерлерді жинақтау, басылым блоктарын тігу немесе басқа әдістермен бекіту және тағы да басқа басудан кейінгі процестердің көптігі – көптеген технологиялар мен жабдықтарды қажет етеді.

Сандық басылым - Жұмысының әр бір цикілін баспа жүйесінің ЭЕМ басқарып, басу формасында баспа-таңба алу технологиясы.

Трафареттік басылым - басу форамсының тесіктері арқылы бояуды қысып шығару жолымен мәтінді, графикалық кескінді қайта басып шығару.

Ылғалдандыру - офсеттік басу форамсына ылғалдандырғыш ерітінді беру. Басу процесі кезінде басу машинасының ылғалдандырғыш аппаратының көмегімен жүргізілетін процесс.

Басылым - басу формасынан қағазға, матаға немесе т.б. материалға бояуды жағу арқылы баспа- таңба алу процесі.

Басу машинасы - кітапты, газет-жорналды, орама өнімнің және т.б. басу формасы көмегімен басып шығаруға арналған машина.

Басу формасы - бетібасылым және ашық элементтерден тұратын цилиндр немесе, пластина, типоргафиялық жиынтық және т.с.с.

Шығыңқы басылым - басылымның негізгі түрлерінің бңрң. Басу элементтері шығыңықы болып келетін, ал ашық жол элементтері ойыңқы болып келетін формадан алынатын баспа-таңба алуға мүмкіндік беретін басылым түрі.

Ойыңқы басылым - басылатын негізгі түрлерінің бірі. Ондай басылымда формасының басу элементтері ойылып жасалынады.

Бояу аппараты - бояуды әзірлеп, басу формасына жағуға арналған басу машинасының бөлігі.

Басу машинасы - кітапты, газет-жорналды, орама өнімнің және т.б. басу формасы көмегімен басып шығаруға арналған машина.

Басу формасы - бетібасылым және ашық элементтерден тұратын цилиндр немесе, пластина, типоргафиялық жиынтық және т.с.с.

Басу-өңдеу желісі - кітаптынемесе кітапшаны бір жұмыстық цикл ішінде жасап шығаратын көп агрегатты жабдық.

Басылым бояулары - боялған заттардан (пигменттерден) және байланыстырғыштардан тұратын күрделі зат.

Жазық басылым - басылатын негізгі түрлерінің бірі. Басу формасындағы басу ашық жол элементтері шамамен алғанда бір жазықтықтаорнплпстырады.

Жазық басу машинасы - басу процесі кезінде қағаз парағы басу цилиндрімен басу формасына басылады. Басу формасы талерге бекітіледі. Талердің өзі қайтармалы-ілгермелі қозғалыс жасайды.

Ротациялық басу машиналары - басу формасы үздіксіз айналатын цилин цилиндр болатын басу машиналары. Басылатын қағаз ол цилиндрлер арасынан қысымы өтеді.

Трафареттік басылым - басу форамсының тесіктері арқылы бояуды қысып шығару жолымен мәтінді, графикалық кескінді қайта басып шығару.

Ылғалдандыру - офсеттік басу форамсына ылғалдандырғыш ерітінді беру. Басу процесі кезінде басу машинасының ылғалдандырғыш аппаратының көмегімен жүргізілетін процесс.

Ылғалдау аппараты - офсеттік басу машинасының бөлігі. Оның көмегімен басу формасына ылғалдандырғыш ерітіндіні береді. Ол ерітінді басу процесінде ашық жол элементтерге бояудың жұғылмауын болдармайды.

Ылғалдандырғыш ерітінді -офсеттік басуда басу формасының ашық элементтерін ылғалдандыру үшін пайдаланыт сұйықтық.

Сандық басылым - Жұмысының әр бір цикілін баспа жүйесінің ЭЕМ басқарып, басу формасында баспа-таңба алу технологиясы.

Баспа-таңба – қағазға, қатырмаға немес т.б. материалға, полиграфиялық тәсілмен алынған басылым, яғни басу формасынан қысым арқылы бояуды беру арқылы алынған басылым.

Офсеттік машина -офсеттік басуға арналған полиграфиялық машина.

Офсеттік басылым - жазық юасу тәсілі.Онда бояу басу формасынан алдымен аралық эластикалық рәзіңкелік бетке беріледі де, одан кейін басылатын материалға беріледі.

Басу цилиндрі - басу кезінде басылатын қағаз парағына тірек болатын цилиндр. Ол басылатын қағазда басу байланысының зонасы арқылы өткізеді және беру механизмінің қысу элементі болады.

Формалық цилиндр - формалық пластиналарда орнықтырып қоюға арналған басу құрылғысының цилиндрі. Оның басу формасын бекітуге арналған және оны шеңдер бойымен, жанама бойымен сәйкетендіруге арналған айла-бұйымы бар.

Офсеттік цилиндр - басу формасынан басылатын қағазға бейне-кескінді беруге арналған аралық буын қызметі атғаратын басу құрылғысының цилиндрі.

Бояу беру білікшесі - бояуды алып-беру білігінен жаймалауын біліктерге беруге арналған білікше.

Жаймалауыш білікшелер - бояуды жаймалауға арналған жаймалау тобының білікшелері.

Гидрофильдік - заттың сулану қабілеттілігі.

Гидрофобтылық- заттың суланбау қабілеттілігі.

Ракель - српімді болат пластиналы пышақ. Оның көмегімен ойыңқы басудың формалық цилиндр бетіндегі артық бояуыды алып таста мынада.

«Кітапшалау» - деген термин – кітапша деген сөзден, яғни 5-80 беттен тұратын, жұмсақ мұқабамен қапталған басылым деген сөз. Ал, «түптеу» деген термин түптеме, түптелген қап, яғни кітап блогын түптеуге арналған қап деген сөзден шыққан.

Кітапшалау процестеріне бүктемелеу, бүктелген дәптерлерден блокты жинақтау, нақты бір әдіспен блокты бекіту, дайын блокты жұмсақ мұқабаға қондыру, шыққан кітапшалардың сапасын тексеру және орап-буу процестері жатады.

Түптеу процестеріне - қатты түптеу қаптарын дайындау (картон, түптеу материалдарын кесіп, пішу). Осы түптеу қаптарына кітап блогын қондыру, түптеу қабына із салу (биговка), бронзалау, лак жағу, инкрустациялау, фольгамен престеп өңдеу, түптеу бояуларын қолданып, басып шығару және т.б. операциялар жатады Барлық кітап-журнал, кітапшалар және тағы да басқа полиграфия өнімдерін дайындауда кітапшалау-түптеу процестерінде орындалатын барлық қалған операциялар жатады.

Кітап блогы жалпы саны 50-ге дейін және одан да көп, бүктемеленген (қағаздың қалыңдығы мен блокты бекіту ерекшеліктеріне қарай) дәптерлерден немесе белгілі бер ретпен жинақталған және жіппен, сыммен, желіммен бекітілген қағаз парақтарынан құралады.

Түптеу қабы - дегеніміз кітап блогына форзацтардың көмегімен, түптеме және қаптама (корешковые и оконтовочные) материалдары арқылы немесе осыларсыз да (журналдар мен кейбір кітапшаларда форзацтар болмайды) бекітілетін кітап өнімінің сыртын қаптайтын қаптама.

Дәптер деп полиграфиялық әдіспен басылған қағаздың немесе оттискінің кесілген бөлігін бүктемелеу арқылы дайын болған кітап-журнал өнімінің құрылымдық элементі.

Бүктемелеу дегеніміз қағаз полотноларын немесе парақтарды әзірленген немесе әзірленбеген бүгілім сызығы бойымен бүктеу. Фальцовка сызығы түптеу ісінде фальц деп аталады. Бүктелетін материалдарға (шикізаттарға) қағаз полотнолары және басылып шыққан жартылай өнімдер жатады. «Түптеу» парағы деген термин бүктемеленетін парақ үшін алынған.

Форзац қатты мұқабаның негізгі элементі. Оның көмегімен кітап блогы мұқабамен бекітіледі. Форзац – 4 беттік дәптер иілімге берік қағаздан жасалынады. Форзац көмегімен мұқабалар блоктың бірінші және соңғы беттерінің түптерімен бекітіледі.

Металды фольганы пресстеу оттискінің керекті жерлеріне, металды пленканы ыстық беріп пресстеп, бастырып, алтын мен күмістің жылтырлы мен түсін береді. Бұл процесс тығыз, қатты қағаздарда басылған открыткаларды, грамоталарды, түптеу қаптарын және т.б. өнімдерді өңдеуде қолданылады.

Түссіз пресстеп бастыру қысым мен пресстеу арқылы, оттискіні деформациялап бейне алу процессі оттискінің барлық жерін немесе кейбір жерлеріне рельефті бейне беру.

Прессшпан — қатты тығыздалған, жылтыр картон. Түптемдер үшін қолданылады. Екі маркалы А және Б боп шығарылады. Екі маркасының қалыңдығы 0,35-тен 1,20 миллиметрге дейін жетеді) 1 куб сантиметрінің салмағы 0,9 грамм, қалыңдығы — 0,6 миллиметрге дейінгі прессшпан рулондармен және бет үлгісінде шығарылады. Қалыңдығы — 0,7 миллиметр және одан көптері бет үлгісінде шығарылады.

Түптемдік коленкор — дегеніміз ақталған мақта-мата немесе сұр мата, әр түрлі артиклді кездеме болып келеді. Мұның екі жағына крахмалды заттардан, минеральдық толтырғыштардан және бояғыштардан пленка жапсырылған. Түптемемен фальчиктерді жасау үшін қолданылады.

Түптемдік мата — бұл да әр түрлі артикульде мақта-мата сұр немесе әбден өңделіп ақталған (крахмал сіңірілген) мата — кездеме болып келеді. Мұның бір жағына толтырғыштары бар нитроцеллюлоза пленка жапсырылған. Баспа орындарының заказы бойынша түрлі-түсті өрнекті және батырылып басылған әрі тегіс етіліп шығарылады. Мата рулондарының ені — 60, 71, 82, 86, 91, 103 және 106 сантиметр, ұзындығы — 50 және 150-200 метр болып келеді

 

 

МАЗМҰНЫ

1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ-SYLLABUS

1.6 Пәнді оқыту..........................................................................................................3

1.7 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі.......................................4

1.8 Курстың саясаты мен процедурасы....................................................................5

2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері...............................................................................9

2.3 Тәжірибелік жұмыстардың жоспары................................................................89

2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын

студенттердің өзінідік жұмыстары бойынша

өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)......................................................................................................................91

2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)............92

2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары……………………….93

2.7 Өзін-өзі тексеруге арналған тестілік тапсырма................................................93

2.8 Тестік сұрақтардың жұрыс жауаптарының тізімі............................................98

2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары....................................................................99

ГЛОССАРИЙ...........................................................................................................102

 

 

Сақабекова Шолпан Қабыжанқызы

Медетбекова Зина Оразымбекқызы


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 424 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу | Дәріс тақырыбы №7. Негізгі басылым әдістерінің басу формаларын даярлау | Дәріс тақырыбы № 8. Басу процесі. Басу процесінің негіздері. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №10. Басу машиналарын жіктеу. | Бақылау сұрақтары | Дәріс тақырыбы №12. Кітапшалау процесі. | Дәріс тақырыбы №13. Әр түрлі әдістермен блоктарды бекіту. Мұқабалар мен түптеу қаптардың түрлері. | Дәріс тақырыбы №14. Түптеу процестері | Дәріс тақырыбы №15. Полиграфияда қолданатын автоматтандырылған ағынды желілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Курс бойынша емтихан сұрақтары| Delfa NDK10

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)