Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Читайте также:
  1. Акционерлік қоғамдардың эмиссиялық қызметі
  2. Акционерлік қоғамның қызметінің сипаты
  3. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметі
  4. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі
  5. Сақтандыру компаниялары қызметін ұйымдастыру
Ереже Мысал
  Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі –анықтауыш.Сын есім ілік септікте тұрып, заттаныпкеліп те анықтауышболады. Біп-биік тау шыңыкөгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай. Жақсының сөзі балдай, Жаманныңсөзі удай (мақал).
  Сын есім сөйлемнің жіктеліп немесе заттанып келсе баяндауышыболады. Туған жер, сен неткен көріктісің.Сіз осы әулеттің үлкенісіз.
  Сын есім етістіктің алдында тұрып, қалай? деген сұраққа жауап берсе, пысықтауышболады. Үйдің ауласындағы заттар ұқыптыжиналыпты.Сөйлеушің судайесілген, тыңдаушың бордайезілген.
  Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектессептіктерінің жалғауын меңгеріп, заттанып келіп, толықтауыш болады. Жақсыданүйрен, жаманнан жирен.
  Заттанған сын сеім атауы септігінде тұрып, бастауыш болады. Сыпайысырын сақтар,әдепті арын сақтар.

 

Ескерту: Сын есім көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Бұл жалғауларды жалғаған жағдайда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуын сын есімнің заттануы – субстантивтенуі дейді. Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншектің (адамның?) – анықтауыш.

 

Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.

 

Құрамына қарай екіге бөлінеді:

Дара сан есім – бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз.

Күрделі сан есім:

а)екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен – сегіз он.

Сан есімдер мағынасына қарай алты түрге бөлінеді:

Түрі Ереже Жасалу жолы Мысал
  Есептік сан есім Нақты санын, есебін білдіреді.(қанша, неше?)   Төрт, жетпіс, мың, сегіз,алпыс
  Реттік сан есім Заттың саналу ретін білдіреді. (нешінші?) Сан + (-ыншы,-інші, -ншы, -нші) Қырық екінші, жетінші
  Жинақтық сан есім Заттың жинақталған санын көрсетеді. (нешеу?) Сан + (-ау, -еу) («1,2,3,4,5,6,7») Біреу, екеу, үшеу, бесеу
  Болжалдық сан есім Заттың санын дәл білдірмейді, шамамен болжап көрсетеді.(қанша, неше, қай шамалы, қаншадан?) 1)Сан+(-лаған, -леген, -даған, -деген, -таған, -теген,-лап,-леп,-дап,-деп,-дай,-дей,-тай,-тей) Жүздеген, қырықтай
2)Сан + көптік жалғауы + барыс, жатыс септік жалғ. Жасы қырық+тар-да, сағат алты+лар-ға шақырды
3)Сан + қосарлануы арқылы жасалады. Отыз-отыз бес, екі-үш, елу-алпыстай
4)Сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады: Елу шамалы, он шақты, мың қаралы, жетіге таман,
  Топтау сан есім Заттың санын топтап көрсетеді, нешеден, қаншадан? Сан+шығыс септік жалғауыжалғануы арқылы Үштен, қырықтан,бес-бестен
  Бөлшектік сан есім Заттың бөлшектік санын білдіреді 5\10 (оннан бес), 3,01 (үш бүтін оннан бір) 1\2 (екіден бір, екінің бірі, екіден бірі)

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі:

Ереже Мысал
  Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі –анықтауыш. Сегіз қызым – бір төбе, Кенжекейім – бір төбе.
  Сан есім атау септігінде тұрып, бастауышболады. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау а ла болса, ауыздағы кетеді.
  Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгерсе, толықтауышболады. Тоғызға (неге?) сегізді (нені?) қосу, оннан (неден?) бесті (нені?) алу, он үшпен (немен?) есептеледі.
  Сан есімдер етістіктің алдынан келіп, пысықтауышболады Тоғызда басталады, бес-бестен б өліну керек, алтыдан топтадық.
  Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауышболады. Келген адамдар алтау екен. Біз бәріміз тоғызбыз.

 

Есімдік -зат есім,сын есім және сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. Соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Мағыналық түрлері:

Түрі Ереже Мысал
  Жіктеу есмідігі Белгілі бір жақ түрінде қолданылады Мен, сен, сіз, ол, сендер, сіздер.
  Сілтеу есімдігі Нұсқау және көрсету мағыналарын білдіреді Сол, мынау, аналар, міне.
  Сұрау есімдігі Жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар Кім, не, неше, қайда.
  Өздік есімдігі Әр түрлі тұлғадағы «өз» деген бір ғана сөз Өз, өзім.
  Жалпылау есімдігі Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіреді Барлық, бәрі, күллі, барша, тегіс.
  Белгісіздік есімдігі Затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап көрсетеді Кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқандай
  Болымсыздық есімдігі Болымсыздық мағынаны білдіреді Еш+(кім,қайда,қашан), ештеңе,дәнеме.

Етістік -заттың іс-әрекетін қимылын білдіреді.

құрамына қарай екіге бөлінеді: дара етістік; күрделі етістік.

тұлғасына қарай екіге бөлінеді:

1) негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған.

2) Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады :ой-ла,ақыл-дас

Болу-болмауына байланысты:

Болымды: алды, жаздыр, өшірді.

Болымсыз: 1)етістікке+ма-ме-ба-бе-па-пе; жоқ, емес.

мағынасына қарай екіге бөлінеді:

Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады

Салт етістік табыс септіктен басқа (атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес)септіктегі сөздермен тіркесе береді:Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т. б.

Етістіктің сөйлемдегі қызметі:


Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 1116 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар | Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі | Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері | Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі. | Айқындауыштың тыныс белгісі | Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, жалғаулық шылаулары мен тыныс белгісінің кестесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түбір| Есімше де – екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметтеқолданылатын етістіктің ерекше түрі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)