| Читайте также: 
 | 
Есімше ешқандай қосымшасыз қандай? Қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметінде: Айтылған (қандай?) сөз– атылған (қандай?) оқ; кім? Не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін атқарады: Көрмес (кім?) түйені де көрмейді. Ақылды байқап сөйлер. (қайтер?)
Есімше төрт түрлі жолмен жасалады:
| № | Жұрнақ | Мысал | 
| -қан, -кен, -ған, -ген(өткен шақ есімше) | алған, келген,кеткен | |
| -ар, -ер, -р,– с (болжалды келер шақ есімше) | барар,оқыр,оқымас | |
| -мақ, -мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек (мақсатты келер шақ есімше) | Бармақ, келмек,жүзбек | |
| -атын, -етін, -йтын, -йтін (ауыспалы өткен шақ) | алатын,санайтын,өретін | 
Есімше көптеліп, тәуелденіп, септеліп, жіктеліп олданылады.
Есімшенің сөйлемдегі қызметі:
| № | Ереже | Мысал | 
| Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып, анықтауыш болады. | Оқығанадам озады. | |
| Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып, бастауыш болады. | Көрмес-түйені де көрмес. | |
| Есімше атау мен іліктен басқа септіктерде заттанып қолданылса, толықтауышболады. | Естігенді ұмытпайды. | |
| Есімше барыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктерінде келіп немесе көсемше есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп, пысықтауыш болады. | Ол сұрақтың жауабын білетіндей жауап берді. | |
| Есімше жіктеліп келіп, сөйлемдебаяндауышболады. | Адал кісі арымас. Сыпайы сырын сақтарү | 
Көсемше: пысықтауыш пен баяндауыштың қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі.
Көсемшенің жұрнақтары:
1)-а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады.Боран соғады, мал төлдейді, ит ү реді;
2)-ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Сыпайы сызып айтады, шорқақ үзіп айтады.
3) -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары келер шақ көсемше жасайды. Айтқалы отыр, кеткелі жатыр, оқығалы жүр, келгелі отыр.
Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды, яғни көсемше көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Тек -а, -е, -й және - ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер ғана жіктеледі, ал
-ғалы, -гелі, -қалы, -кел тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.
Көсемшенің сөйлемдегі қызметі:
| № | Ереже | Мысал | 
| Көсемше іс-әрекеттің түрлі күйін білдіріп, пысықтауыш болады. | Мен сөйлескелі(не үшін?) келдім. Ол жымиып (қалай?) күлді. | |
| Көсемше жіктеліп немесе күрделі етістіктің құрамында келіп баяндауышболады. | Алып та халықтан үйренеді. Ол үйіне барып келді. Ол өз ойын айта салды. | 
| Үстеу іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді.Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. | 
| Тұлғасына қарай | Құрамына қарай | ||
| Негізігі үстеу | Туынды үстеу | Дара үстеу | Күрделі үстеу | 
| Бөлшектеуге келмейтін төл үстеу | Жұрнақпен жасалған үстеу | Бір ғана түбірден тұрады | Кемінде екі сөзден тұрады | 
| Ең, ертең, бұрын | Бірге,зорға,балаша | Ілгері, былтыр | Бүгін, қыс бойы | 
Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
| № | Жұрнақ | Мысал | 
| -ша, -ше | құсша, ізінше, балаша | |
| -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей | осылай, жүрелей, жаздай, күндей | |
| -дайын, -дейін, -тайын, -тейін | бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын | |
| -шама, -шалық | соншама-соншалық, мұншама-мұншалық | |
| -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше | оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша | 
Септік жалғаулары арқылы туынды үстеудің жасалуы:
| № | Септік жалғау | Мысал | 
| Барыс септігі | бекерге ( жүрме ), ертеңге (дейін), зорға (жетті) | |
| Жатыс септігі | өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), | |
| Шығыс септігі | төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады) | |
| Көмектес септігі | кезекпен (сөйлеу), ретімен (айтты) | 
Күрделі үстеудің жасалуы:
| № | Күрделі сөз түрі | Мысал | 
| Бірігуарқылы | қыстыгүні(қыстың+күні),ендігәрі(енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т.б. | |
| Қосарлануарқылы | ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б. | |
| Тіркесуарқылы | таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б. қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б. | 
Үстеудің мағыналық түрлері:
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 379 | Нарушение авторских прав
| <== предыдущая страница | | | следующая страница ==> | 
| Сын есімнің сөйлемдегі қызметі | | | Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметі |