Читайте также:
|
| № | Түрі | Тыныс белгісі | Шылау | Мысал |
| Ыңғайлас салалас | Үтір | Және, да, де, та, те, әрі. | Бір мезгілде қу шөмшектер дыбысы келді де, бірдеме қасына тасырлатып жетіп келді. | |
| Қарсылықты салалас | Үтір, үтір мен сызықша | Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де. | Ауырғанда жаным көзіме көрініп барады, бірақ анамды қинағым келмейді. | |
| Түсіндірмелі салалас | Қос нүкте, сызықша | Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады. | Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті. | |
| Себеп-салдар салалас | Үтір, қос нүкте немесе сызықша | Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б. | Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді. | |
| Талғаулы салалас | Үтір | Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я болмаса, | Бұл жолы құрбысымен не ит жығыс түседі, не болмаса оны жеңуге тырысады. | |
| Кезектес салалас | Үтір | Кейде, бірде, біресе. | Бірде желбіреген ақ сәулелі дала кездеседі, кейде қызыл бұйра тобылғылы адырлар ұшырасады, біресе көкала қамысты көлдер кездеседі. |
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.
Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
| Түрі | Ереже | Сұрағы |
| Шарттыбағыныңқы | Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. | Қайтсе? Не етсе? Не еткенде? |
| Қарсылықтыбағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді | Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен? |
| Себепбағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді | Неліктен? Не үшін? Не себепті? |
| Мезгілбағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді | Қашан? Кай кезде? Қащаннан? |
| Қимыл сынбағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді | Қайтіп? Не етіп? Қалай? |
| Мақсатбағыныңқы | Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді | Не мақсатпен? Не үшін? |
Аралас құрмалас сөйлем
| № | Сызбасы | Мысал |
| Басыңқы, бағынқы, басыңқы | Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері салқылдап тасығалы кемерлеп тұр. | |
| Бағынқы, басыңқы, басыңқы | Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, асапн айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен. | |
| Бағынқы, басыңқы, бағынқы, басыңқы | Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады. | |
| Басыңқы, бағынқы, бағынқы, басыңқы | Ол бастықтыңбөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. |
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 831 | Нарушение авторских прав
| <== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
| Айқындауыштың тыныс белгісі | | | Защитное снаряжение. |