Читайте также:
|
|
Науқастар көбінесе көңіл-күйінің төмендеуіне және өлім қорқынышына шағымданады. Сондықтан дәрігер:
§ Тыңдай білуі керек;
§ Вербальді емес тілді түсіне білуі керек;
§ Эмоционалдық көмек көрсете білуі керек;
§ Науқаспен ашық, сенімді түрде сөйлесе білуі керек;
§ Оған жанашырлық таныта білуі керек
§ Орындалмас үміт ұялатпай, сұрақтарға шын жауап беруі керек;
§ Сұрақ қоюға мүмкіндік беруі керек;
§ Науқастың қажеттіліктерін түсіне білуі керек;
§ Науқастың психикалық, әлеуметтік және жан дүниесінің қажеттіліктерін назардан тыс қалдырмауға және оны қанағаттандыруға тырысуы керек;
§ Қиындықтарды көре білуге және оны жеңуге дайын болуы керек;
Төмендегіні ерекше атап көрсету керек:
§ Науқас өзінің қорғалуын қалайды. Ол, оны тыныштандырып, оған қиналмайсың деп айтуын қалайды.
§ Басқа дәрігерлерден және әлеуметтік қызметкерден көмек сұрауға даяр болуы керек. Науқасқа және оның отбасына барлық мүмкіншіліктердің қолданылып жатқанын сезіну маңызды.
§ Науқас өзін оқшауланғандай, одан бір нәрсені жасырғанын сезінбеуі керек. Науқас үшін ең ауыры – дәрігердің оған көмек көрсетуден бас тартуы.
Емдеудің маңызды бір құраушысы – бұл ауру сезімін қайтаратынемдік құралдар. Ауру сезімін қайтарудың негізгі принциптері:
§ Негізгі сырқатының емделуі
§ Ауырсыну шегін азайту:
- психотерапия
- антидепрессанттар және ұйықтатқыштар
§ Анальгетиктер
§ Анальгетиктердің әсері болмаған жағдайда анальгетик еместерді эмпирикалық түрде тағайындайды
§ Үнемі бақылау
Анальгетиктерді мынадай схема бойынша тағайындайды:
§ 1 кезең - әлсіз аурсыну: есірткілік емес анальгетиктер: аспирин, 600-900 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе парацетамол, 1 г ішке әр 6 сағ сайын.
§ 2 кезең – төзімді аурсыну: есірткілік анальгетиктер (әлсіз, аз мөлшерде немесе есірткілік еместермен қосылып): кодеин, 60 мг ішке әрбір 4 сағ сайын немесе морфин, 5-10 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе оксикодон, 10 мг-ға дейін ішке әр 4 сағ сайын немесе 30 мг ректальді әр 8 сағ сайын.
§ 3 кезең – қатты аурсыну: есірткілік анальгетиктер: жақсысы морфин, 10 мг ішке әр 4 сағ сайын немесе морфин сульфаты (ұзақ әсер ететін морфин препараты) 15 мг ішке әр 12 сағ сайын.
Ұзақ әсер ететін морфин препараттарын тағайындауға нұсқау:
§ Мөлшерін әр науқасқа жеке тағайындайды; морфин таблетка түрінде 10,30,60 және 100 мг –нан шығарылады.
§ Аурсынуды тоқтатудың әсері шағымға байланысты бағаланады;
§ Емдеудің басында ұзақ және қысқа әсерлі препараттарды бірге тағайындайды, мысалы ұзақ әсерлі препарат пен 10 мг қысқа әсерлі морфин таблеткасын;
§ Ұзақ әсерлі морфиннің мөлшерін анықтау үшін, қысқа әсерлі морфиннің тәуліктік мөлшерін есептеп, оны екі қабылдауға бөледі;
§ Таблеткаларды шайнамайды да және бөліктерге де бөлмейді;
Есірткілік анальгетиктерді тағайындау:
§ Морфиннің бастапқы мөлшері орташа 10 мг (5-20 мг) құрайды ішке әр 4 сағ сайын.
§ Қажет болса морфиннің бір қабылдау мөлшерін 50% арттыру.
§ Морфинді ішке таблетка немесе микстура түрінде тағайындау дұрыс. 1 мл микстурада 1 мг морфин бар.
§ Морфинді әр 4 сағ сайын үзбей қабылдау керек.
§ Егер аурсыну қандай да бір анық әсерден пайда болса, мысалы дефакацияда, онда науқас морфинді уақтылы, аурсынудың пайда болуынан бұрын (қалыпты жағдайда 5 мг шамасында) қабылдауы қажет.
§ Морфиннің жиі кездесетін теріс ықпалының түрі – іш қатулары. Іш айдағыштарды тағайындау алдын алудың ең жақсысы. Дәреттің қалыпты болуын қадағалайды.
§ Емдеудің басында 1-2 аптаға құсқызбайтын препараттар тағайындайды, мысалы галоперидол.
§ Науқасқа және оның туыстарына препарат, оның әсері және теріс көрсетулері жайлы айтып береді.
§ Басқа заттарды (кокаин, этанол) қолдану морфиннің әсерін жоғарылатпайды.
§ Морфиннің орнына басқа есірткілік анальгетиктерді қолдануға болады.
Профилактика – бұл аурудың алдын алудың және денсаулықты сақтауға, шынықтыруға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Дәрігер жүргізетін профилактикалық шаралар:
§ Санитарлық ағарту, оқыту
§ Жалпылай тексеру
§ Бақылау
§ Иммунизация және медикаментпен алдын алу
§ Психотерапия
§ Реабилитация
Профилактикалық тексерістер анамнез жинауды, физикалық және негізгі лабораториялық және инстурментальдық зерттеулерді қамтиды.
Профилактикалық қарау:
§ Салмақты өлшеу;
§ АҚ өлшеу;
§ Холестерин деңгейін зерттеу
§ Матка мойнынан алынған жағындыны цитологиялық зерттеу;
§ Сүт бездерін зерттеу;
§ Тоқ ішек рагын анықтау;
§ Терінің қатерлі ісіктерін дер кезінде анықтау;
§ Ауыз қуысының гигиенасы және ауыз шырышты қабатының рагын анықтау;
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 277 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау | | | Орытынды |