Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дене қызуы көтерілген науқастарды күту

Читайте также:
  1. Онкологиялық науқастардың туыстарын психологиялық сүйемелдеу

Денi сау адамдардың дене температурасы 370С-дан аспайды. Температураның тұрақты болуы жылу өндiру және жылу шығаруды реттеу жолдарымен жүзеге асады.

Организмдегi жылу бұлшықеттердегi және iшкi мүшелердегi тотығу процесстерiнiң нәтижесiнде пайда болады. Неғұрлым алмасу процесстерi қарқынды болса, соғұрлым көп жылу өндiрiледi.

Дене температурасы терiнiң және iшкi мүшелердiң нейрогуморалды реттелуiмен қамтамасыз етiледi. Жылу өндiру, жылу сәулелену және булану жолдарымен шығарылуы мүмкiн. Жылу шығару сонымен қатар қан тамырларға байланысты организмде жылу өндiру жеткiлiксiз болса, қан тамырлар рефлекторлы тарылып, жылу шығарылу азаяды. Бұл кезде терi салқын, құрғақ болады, қалтырау байқалады. Керiсiнше, жылу көп болғанда, қан тамырлар рефлекторы кеңейедi, терiнiң қанмен қамтамасыздануы жоғарылап, организмдегi жылу сыртқа шығарылады. Егер бұл жеткiлiксiз болса, жылу термен бiрге сыртқа шығады.

Сонымен жылу өндiру мен жылу шығару процесстерiнiң қарым-қатынасы организмнiң температурасын тұрақтандырып мүшелер мен тiндердiң қалыпты қызметiн қамтамасыз етедi. Бұл қарым-қатынастың бұзылуы дене температурасының төмендеуiне немесе жоғарлауына әкеледi.

Дене температурасын медициналық термометрмен өлшейдi.

Науқастың дене температурасын тәулiгiне 2 рет өлшейдi: таңертең аш қарынға (7-ден 9 сағ дейiн) және кешке соңғы ас қабылдау алдында (17сағаттан 19 сағ дейiн). Басқа жағдайларда дене температурасын әрбiр 2-3 сағатта өлшейдi.

Темометрді көбiнесе қолтық астына қояды, балаларда - кейде шап аймағына. Қолтық астындағы температура қалыптыда 36-370С.

Тәулiк iшiнде дене температурасы физиологиялық өзгеруi мүмкiн: таңертеңгiлiк пен кешкi температуралар айырмашылығы 0,3-0,50С.

Қарт адамдар температурасы орта жастағыларға қарағанда төмендеу болады. Балаларда дене температурасы тәулiк бойы өзгерiп отырады, тұрақсыз болады.

Орындалу кезектiлiгi:

1) термометрдi құрғатып сүрту;

2) сынап резервуардың ең төмен шкала көрсеткiштерiне түсу керек (350С төмен);

3) науқастың қолтық асты аймағын құрғатып сүрту

4) қолтық асты аймағын қараңыз: гиперемия, жергiлiктi қабынуда температураны өлшеуге болмайды;

5) термометр резервуары қолтықасты ойығына салынады, ол терiмен жанасу керек;

6)10 мин кейiн термометрдi алып, оның көрсеткiшiн анықтайды;

7) термометр көрсеткiшiн жалпы температуралық бетке тiркейдi;

8) термометрдi сiлкiп, оны дезинфицирлеушi ертiндiге салады.

Посттық температуралық бетте науқастардың фамилиясы, температураны өлшеу күнi және уақыты көрсетiледi (күндiз, кешке).

Температураны өлшеу көрсеткiштерiн посттық температуралық беттен жеке ‘’температуралық бетке’’ көшiредi. Температуралық бетте температурадан басқа пульс жиiлiгi (‘’П’’ шкаласы) және артериялық қысым (‘’АҚ’’ шкаласы) көрсеткiштер тiркеледi.Температуралық беттiң төменгi бөлiгiне 1мин-ғы тынысалу жиiлiгi көрсеткiштерi, тәулiк бойы iшкен сұйықтық көлемi, тәулiктiк зәр мөлшерi көрсетiледi. Санитарлы өңдеудiң жүргiзiлуi туралы мәлiметтер ‘’+’’ белгiсiмен көрсетiледi.

Температуралық беттегi ‘’Т’’ шкаласындағы бiр бөлiндi 0,20 С көрсетедi. ‘’Стационарда болған күнi’’ бағанасы екiге бөлiнедi: ‘’Т’’ (таңертең) және ‘’К’’ (кешке)

Таңертеңгiлiк температура ‘’Т’’ бағанасында нүктемен белгiленедi, кешкi температура ‘’К’’ бағанасында нүктелердi қосқанда температуралық қисық түзiледi (температураның өзгеру графигi).

Термометрлер дезинфекциясы:

-2% хлорамин ертiндiсi –15мин. Толық батыру, сумен шаю, құрғақ күйiнде сақтау.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 1214 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу | Шараны орындау | Ауыз қуысын тазалау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лақтарды тазалау| Ақуыздар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)