Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лақтарды тазалау

Читайте также:
  1. Ауыз қуысын тазалау

Сыртқы есту жолында сары-қоңыр түстi зат-құлық бөлiнедi. Оның жиналуы құлық тығындардың пайда болып, естудiң төмендеуiне әкеледi. Сау құлақтарды күту-оларды реттi түрде сабынды жылы сумен жуу. Сыртқы есту жолын еш уақытта үшкiр заттармен тазалауға болмайды. Себебi дабыл жарғағын немесе есту жолының қабырғасын зақымдап алуға болады. Егер құлық тығыны пайда болса, оны алып тазалайды.

Мақсаты: Құлық жиналуы салдарынан естудiң төмендеуiнің алдын-алу.

Көрсеткiштер: төсек режимiндегi ауыр жағдайдағы науқас.

Қарсы көрсеткiштер: құлақ қалқанындағы, сыртқы есту жолындағы қабыну процестерi.

Жабдықтану (стерильдi): лоток, пинцет, мензурка, мақта турундалары, перчаткалар, 3% сутектiң асқын тотығы ерiтiндiсi, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдыс.

 

Кезеңдер Ескерту
Шараға дайындық
1. Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату (немесе оның туыстарымен)
2. Шараның мақсатын түсiндiру, рұқсат алу, орындау барысын айту.
3. Қолды жуып, құрғату. Қол жуудың гигиеналық деңгейi.
4. Стерильдi мензуркаға 3% сутектiң асқын тотығының ерiтiндiсiн құю.
5. Сабынды ерiтiндiсi бар ыдысты дайындау.
6. Қолды жуу, құрғату, перчатка кию. Инфекциялық қауiпсiздiк сақталады.
Шараны орындау
1. Сабынды ерiтiндiде салфетканы сулап, құлақ қалқанын сүрту, құрғақ салфеткамен кептiру. Құлақ қалқанының тазалығы қамтамасыз етiледi.
2. Пинцетпен, мақта турундасын алып, 3% сутектiң асқын тотығы ерiтiндiсiнде сулау. Есту жолында құлықтың жұмсаруы қамтамасыз етiледi.
3. Турунданы оң қолға ауыстыру.  
4. Есту жолын түзету үшiн, сол қолмен құлақ қалқанын тарту. Сыртқы есту жолына оңай кiру үшiн.
5. Турунданы айналмалы қозғалыстармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдiкке 2-3 минутқа енгiзедi. Шараның шарты.
6. Турунданы айналмалы қозғалыстармен сыртқы есту жолынан шығару. Есту жолынан бөлiнiстермен құлықтың алынуы қамтамасыз етiледi.
7. Осылайша екiншi есту жолын тазалау.  
Шараның аяқталуы
1. Қолданылған турундаларды, пинцеттi, мензурканы, дезинфекциялық ерiтiндiсi бар ыдысқа салу.
2. Перчаткаларды шешiп, дезинфекциялау.
3. Қолды жуу, құрғату.

Шаштың күтiмi

Ұзақ уақыт төсекте жататын науқастар шаштың күтiмiн қажет етедi. Ерлердiң шашын қысқартып қияды және жұмасына бiр рет гигиеналық ванна алып жатқанда басын жуады. Ваннада жуынуға болмайтын науқастар басын төсекте жуады. Шашы ұзын әйелдердiң бас тазалығын сақтау қиын. Шаңмен қайызғақты кетiру үшiн шашты күнделiктi тарау керек, ол үшiн жиi тiстi тарақты пайдаланады. Қысқа шашты түбiрiнен ұштарына қарай тарайды, ал ұзын шашты бөлiп, ұштарынан түбiрiне қарай асықпай тарайды. Сiрке қышқылына матырылған тарақ шашты қайызғақ пен шаңнан тазарады. Басты жуу, тырнақты қиып алу 7 күнде бiр рет жасалады.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Олды хирургиялық деңгейде өңдеу | Дезинфекция түрлерi. | Дезинфекцияның химиялық әдiсi. | Инвентарды өңдеуден өткізу | Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу | Шараны орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауыз қуысын тазалау| Дене қызуы көтерілген науқастарды күту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)