Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау

Читайте также:
  1. АЛА МЕН БАСҚА ҚОНЫСТЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫН ӘЗIРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРДIҢ ҚҰРАМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
  2. АЛАЛАР МЕН БАСҚА ДА ҚОНЫСТАРДЫҢ БӨЛIКТЕРIН ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ
  3. Аржының функциялары, табиғаты және қажеттілігі
  4. БАЙЛАНЫСТЫРАМЫН
  5. Жанжалды, даулы әңгімелесушімен қалай болу керек. Жеке адамның жанжылды жағдайдағы әртүрлі стилдегі әрекеті.
  6. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі
  7. Жоғарғы жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық өзгерістеріне байланысты тілдік бұзылулар.
  1. Тамақтандыру кезіндегі (оның ішінде жасанды да) науқастың алғашқы реакциясын бағалау.
  2. Науқасқа түсіндіру, көндіру арқылы психологиялық көмек көрсету
  3. Науқасқа өз сезімдерін жеңуге көмектесу, тамақтандыру жайлы өзінің сезімдерін, эмоциясын айтуға мүмкіндік беру.
  4. Науқасты тамақтандыруға ақпараттық келісімнің барлығын тексеру.
  5. Тамақтандыруды ұйымдастыру, барлық керектіні дайындау.
  6. Тамақты қабылдау кезінде көмек көрсету.
  7. Тамақтандыру кезінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру.
  8. Қажет жағдайда науқасты және оның туыстарын үйрету, тамақтану ережелері туралы, тамақтандыру жайлы ақпарат беру.
  9. Тамақтандыруға науқастың реакциясын бағалау.
  10. Тамақтандырудан кейін науқасты бақылау.

 

Тамақты қабылдау кезіндегі көмек

  1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдағысы келетіндігін сұрау.
  2. Қолдың ішкі жағына бірнеше тамшы тамызу арқылы ыстық сусындардың температурасын тексеру.
  3. Сусындарды түтікше арқылы ішкен дұрыс.
  4. Сұйықты ауыз қуысында қатты тамақ жоқ кезде ішу керек.

 

Науқастарды күту кезінде және оның жанұясының мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде коммуникативті дағдылары бойынша білімдерін қолдану

 

Мейірбике науқаспен ғана емес, оның туған-туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек. Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек. Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді, жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйкесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алу керек. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай, түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ, олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін, сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтықтық пен әдептілікті білдіру керек. Науқастың (әйел адамға қатысты болса), жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келушілермен сөйлесер алдында, дәрігермен ақылдасып алу керек, ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын, не хабарламауын сұрау керек. Әсіресе, телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды, әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ, ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін, мамандығын, бөлімін айту керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы, бірақ анық түрде қайыру керек.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Өз кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін тереңдетуге, жаңа дағдыларды игеруге ұмтылысы -медбикенің міндетті қасиеті болу керек. Медицина қызметкерінің парызы - өзінің кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрінде атқарылуын Конституцияда, денсаулық сақтау туралы заңнамаларда, ведомстволық нұсқауларда, ережелерде қарастырады. Медқызметкердің жауапкершілігі қызметінің ерекшелігінде негізделген: медицина қызметкері мен науқастың екі жақтық сенімінде. Медицина қызметкерінің адамгершілігі, әлде біліктілігі төмен және ішкі сезімінің күйзелісі, сасқалақтауы ауруға қолайсыз нәтиже туғызады.

Дәрігердің негізгі қызметі – ол отбасымен жұмыс. Отбасыдағы татулық – оның мүшелерінің жанының саулығының және қоғамның тұрақтылығының кепілі. Бірақ дәрігер іс жүзінде көптеген психоәлеуметтік дағдарыстармен кездеседі.

Дәрігер науқастың тәнін ғана емес, оның жанын да емдейді. Оның қолындағы ең қуатты қару – ол отбасының қолдауы.

Жақсы дәрігер отбасыдағы қарама-қайшылықтарды көріп қана қоймай, оның шешілу жолдарын табуға көмектесе де алады.

Сау отбасының сипаттамасы:

• Қарым-қатынас жасауы және сезімдерін еркін көрсетуі;

• Отбасы мүшелерінің бас еркіндігі және ерлі-зайыптылар арасында рольдердің бөлінуі;

• Отбасының мүмкіндігіне қарай жеке бастың тұтынуын сәйкестендіру;

• Отбасы мүшелерінің өзін-өзі сыйлау сезімінің артуына ықпал ететін өзара мадақтаулар;

• Іштен және сырттан қолдау көрсету; бұл жердегі басты роль дәрігерге тиесілі.

• Бірлесіп дем алу және жұмыс істеу – бұл отбасы саулығының негізгі көрсеткіші.

• Отбасы психотерапиясын жасау үшін некенің маңызы зор;

• Отбасының әр мүшесінің өсуі және тұлғаға айналуы;

• Діни құндылықтары: бірігіп құлшылық ететін отбасы,ол берік отбасы.

Дәрігерге күйзеліске ұшыраған отбасылармен (отбасының бір мүшесімен болған бақытсыздық жағдай немесе ауру, жақын адамның өлімі, айрылысу, жұмыссыздық, қаржылық жетіспеушілік, т.с.с) жиі кездесуге тура келеді.

Көп жағдайда отбасының бір мүшесінің қатты ауруы сырт көзге тату болып көрінетін отбасында да қарама-қайшылықты тудырады. Мысалы, баладан айырылу ерлі-зайыптылардың бір-бірінен алшақтауына, содан кейін ажырасуына әкеледі.

Кейде науқастың өзіне қарағанда оның жақындарының қатты зардап шегуі де болады. Бұл көбінесе балалармен болады. Олар нашар оқиды және өздерін жаман ұстайды.

Сондықтан дәрігер тек науқасқа ғана қарамайды, оның көмегі бүкіл отбасы мүшелеріне де керек.

Жалпы ұсыныстар:

• Отбасының өзіңіздің жағыңызға тартыңыз, керек болса отбасылық кеңесті жинаңыз;

• Отбасымен үнемі қарым-қатынас жасаңыз. Жақындардың науқасқа қарым-қатынасы өзгеруі мүмкін – отбасында ашушаңдық пен ренжудің пайда болуына жол бермеңіз;

• Отбасына науқастың стационарда емделуінің ұзақтығы жайлы мәлімет беріңіз;

• Күшті отбасылық жанжалдар бола қалған жағдайда психологқа жүгініңіз.

Дәрігерді секем алдыруы керек:

• Үйлесімсіз отбасылық қарым-қатынастар мен жыныстық қатынастың бұзылуы;

• Отбасының бір немесе бірнеше мүшелерінің дәрігерге жиі қаралуы («қалың ауру тарихы»);

• Баланың жағдайының өзгеруі;

• Ауыр науқас;

• Босану алдындағы және босанғаннан кейінгі қате күтім;

• Алкоголмен немесе есірткімен әуестену;

• Әйелге немесе балаға дене немесе жыныстық жәбір көрсету белгілері;

• Психикалық ауытқулар;

• Жиі аурулар;

• Мазасыздық.

Отбасындағы өзгерістерді білу үшін:

• Отбасындағы өзара ара-қатынастарды бақылаңыз;

• Мүмкіндігіне қарай бүкіл отбасыны консультацияға шақырыңыз;

• Тосыннан келу (мысалы, қан анализінің қорытындысын айту) отбасы жайлы көптеген құнды мәліметтер береді.

Отбасылық психотерапияның басты шарты отбасыдағы келеңсіздіктің пайда болуының себебін анықтау болып табылады. Мына ұсынылған қарапайым схема дәрігерге көмектеседі. Ол бес кезеңнен тұрады: фон, көзқарас, мазасыздық, шешілуі, күйзеліске ортақтасу.

Фон

Келеңсіздікке әкелген жағдайларды анықтайды.

• Сіздің өміріңізде не болды?

• Сіз ауырғаннан бері не өзгеріді?

• Отбасының болып жатқанға қатынасы қандай?

Көзқарас

Сұрастырылғаннан оның отбасына, жақындарына және басқаларына деген көзқарасын анықтайды.

• Сіз өз отбасыңызға қалай қарайсыз?

• Өз өміріңіздегі өзгерістерге қалай қарайсыз?

• Әйеліңізге (еріңізге, қызыңызға және т.б.) қалай қарайсыз?

• Жұмысыңызға (оқуыңызға) қалай қарайсыз?

• Сіз бақыттысыз ба?

Мазасыздық

Болып жатқанның сұралушыны қаншалықты мазасыздандыратынын анықтайды.

• Болған жағдайда сізді не көбірек мазалайды?

• Сізді үйде, жұмыста не мазалайды?

• Осы келеңсіздіктер сізге қалай әсер етеді?

Шешілуі

• Сіз қиындықтарды қалайша жеңесіз?

• Сізге кім көмектеседі?

• Отбасыңыз сізге көмектеседі ме?

Күйзеліске ортақтасу

Консультация алушыға түсіністік пен күйзелісіне ортақтасып көңіл білдіреді.

Дәрігер консультация барысында науқаспен бірге дағдарыстан шығу жолдарын қарастырады. Бұл жағдайда Fabb және Fleming науқастың өзін-өзі ұстауын өзгертуге арналған психотерапия жүргізуді ұсынды. Олардың моделі негізгі бес кезеңнен тұрады:

• Қанағаттанбаушылық

- Консультация алушы өз өміріне қанағаттанбайды;

• Альтернатива

- Бұлайша өмір сүруіне альтернатива табады;

§ Эмоционалдық күйлеу

- Өмірін өзгерту үшін эмоционалдық қорек керек;

§ Қайтым

- Науқас жаңа модельдің нәтижелі болатынына көз жеткізуі және оны тәжірибеде орындауы керек;

§ Қолдау

- Жаңа модель тек дәрігер мен отбасының қолдауымен ғана орнығады.

Өзін ұстау психотерапиясы барлық кезеңдерді ретімен орындағанда ғана жақсы нәтижеге жеткізеді. 4 және 5 кезеңдерге мән бермеу жаңа модельдің дұрыс орындалмауына әкеледі.

Жұбайлар арасындағы қатынастардың үйлесімсіздігінің себебін анықтау отбасыны көптеген келеңсіздіктер мен жанжалдардан сақтайды.

Жұбайлар арасындағы қатынастардың үйлесімсіздігінің себептері:

§ Эгоизм;

§ Себепсіз күту;

§ Кедейшілік, сараңдық;

§ Өзара түсінспеушілік;

§ Эмоционалдық ауытқулар;

§ Есірткі мен алкоголге салыну;

§ Қызғаныш, әсіресе ер адамның;

§ Кемшіліктерді тіміскілеу;

§ Бірін бірі пайдалану;

§ Амбициялық;

§ Ересеймеу;

§ Қарым-қатынас тапшылығы.

Жұбайларға кеңес:

Жұбайлар қарым-қатынасы сәттілігінің кепілі – махаббат пен жауапкершілік.

§ Өз-өзіңізді танып-біліңіз. Өзіңізді қаншалықты жақсы білсеңіз, жұбайыңызды да соншалықты жақсы білесіз.

§ Қызығушылықтарыңыз бен мақсаттарыңыз ортақ болсын. Тым тәуелсіз болмаңыз. Ортақ достар, қызығушылықтар және әуестіктер біріктіреді. Бір біріңізге деген көңілдеріңізді жиі білдіріңіздер.

§ Тойдан кейін де бір-біріңізді күтіңіз. Некеден кейін де жұбайлардың бірін-бірі қалауы өте тамаша. Романтикалық кештер, күтпеген сыйлықтар, билер өмірді әрлендіре түседі.

§ Сүйіңіз, сүйіңіз, сүйіңіз. Жыныстық үйлесімдікке жетуге жылдар қажет. Қолыңыз жететін әдебиеттер мен бейнефильмдерді пайдаланыңыз. Өзіңізді (бет-әлпетіңізді) күтіңіз.

§ Қатынастарыңызды құрметтеңіздер. Бір-біріңізбен жарыспаңыздар. Жұбайыңыз жайлы құрметпен сөйлеңіз, оны төмендетпеңіз.

§ Ата-ана болуға дайындалыңыздар. Отбасыларыңызды жоспарлаңыздар. Баланың тууы және тәрбиесі жайлы көп білуге тырысыңыз. Сақтану жолдарын үйреніңіз. Бақытты ата-аналар – ең жақсы тәрбиешілер.

§ Көмек сұраудан қысылмаңыз. Дәрігерден қолдау іздеңіз. Ауыр, жағдайсыз көңіл-күй неке үшін өлім қаупін тудырады.

§ Жұбайыңызға сізге қалай қарағанын қалайсыз солай қараңыз. Бір-біріңізге сезімтал болыңыз. Осыған негізделген кез-келген отау ұзақ және бақытты болады.

Жұбайлық қағидалар:

§ Алдамау

§ Адал болу

§ Сүю

§ Қалаулы болу

§ Үнемі көңіл бөлу

§ Жақсы қатынаста болу

§ Кешірімді болу

§ Оның жалғызы болу

§ Кең пейіл болу

§ Қамқор болу

Жұбайлардан келесі тапсырманы орындауды сұраңыз. Содан кейін нәтижелерін салыстырыңыз.

§ Ата-аналарыңыздың жақсы және жаман қасиеттерін атаңыздар;

§ Бір-біріңіздің жақсы және жаман қасиеттеріңізді атаңыздар;

§ Жұбайыңызда нені өзгерткіңіз келеді?

§ Жұбайыңыздан нені күтесіз?

Осы сұрақтарды аптасына бір рет талдап отырыңыздар.

Дәрігерге отбасымен тым жақындасуға, «құтқарушысы» және «құдайы» болуға болмайды. Дәрігер өз көзқарастарын насихаттай бермей және отбасының тәуелсіздігін сақтай отыра, оның өз алдына қойған мақсаттарына ғана жетуіне көмектесуі керек.

Дәрігер жұмысының басты қауіптері

§ Оның отбасы өміріндегі өзгерістерге жауапкершілігі;

§ Отбасының көмегін керек етпеу;

§ Қамқоршының ролі.

Басқа да қауіптер:

§ Сырттай кеңестер;

§ Дәрігерлік құпияның отбасында ашылуы;

§ Отбасылық келіспеушілікте қайсыбірінің жағын қабылдау;

§ Отбасыдағы шеңберлік қолданысты тани алмауы;

§ Өз тәжірибесін асыра бағалауы.

Қателіктердің алдын алу үшін:

§ Өзіңізге науқастың жұмысының бір бөлігін салуға жол бермеңіз;

§ Әріптестеріңізбен ақылдасыңыз;

§ Орындалмайтынды уәде етпеңіз;

§ Отбасыны біріктіріңіз;

§ Айыптыны іздеуге жол бермеңіз;

§ Дереу нәтижеге қол жеткізуге ұмтылмаңыз;

§ Дәрігерлік құпияны сақтаңыз;

§ Өз ұстанымдарыңызды алға тартпаңыз.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 626 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу | Шараны орындау | Ауыз қуысын тазалау | Лақтарды тазалау | Дене қызуы көтерілген науқастарды күту | Ақуыздар | Көмірсулар | Дәрумендер | Тамақтандыру тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сауықтыру тағамдарын ұйымдастыру| Ауыр науқастарға және олардың туыстарына көмек

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)