Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәрумендер

Дәрумендерге әр түрлі құрамы жоғары химиялық-биологиялық белсенділігі бар заттар жатады. Олар өмір сүру процесіне ағзада айырбасталмайтын және өте аз түрімен үлкен рөл ойнайды. Бүкіл ағзаның қорғаныс күші дәрумендер мен ферменттердің тығыз байланысуымен көтеріледі, жұмыс қуаты, денсаулығы сақталынады.

Ағза дәрумендерді қажет етеді, оны түрлі тағамдармен толықтырады, тамақтың дәруменге толы болатындығы оны дайындаумен байланысты. Адам ағзасына дәрумендер жақсы сіңуі үшін оларды ең алдымен ерітіп алу керек. Бұл белгісі бойынша дәрумендерді былай деп бөледі: суға еритіндер мен майға еритіндер. Суға еритін дәрумендер: С, В тобы, PP. Майға еритіндер -А, Д, Е, К дәрумендері.

Минералды заттар

Адам ағзасының өмір сүру процесін реттеуші - минералды заттар, олар - макроэлемент, микроэлементтер деп бөлінеді.

Макроэлементтерге - ағзада биік концентрацияда болушы (натрий, кальций, магний, фосфор, хлор, күкірт) жатады. Микроэлементтер ағзада өте аз кездесіп жатады. Жақсы зерттелген адамда қажеттісі көп микроэлементтер: темір, мыс, марганец, цинк, кобальт, йод, фтор жатады. Макроэлементтердің қажеттілігі грамм өлшемімен есептеледі, ал микроэлементтер мұқтаждығы милиграммен және микрограммен өлшенеді. Ағзаға минералды заттар тағам, сұйықтық түрінде түседі.

Су

Орта жастағы адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Әсіресе, су жас ағзада көп болады. Қартайған сайын ағза мен ұлпада су азаяды. Ағзаның өмір сүруінде су басты рөлді ойнайды. Заттар қалыпты өмір сүру үшін ұлпа мен ағзаға керек, олар суда еріп, ағзаның жан-жағына таралады.

Су - қоректі орта, ол биохимиялық және биофизикалық реакция жүретін, зат алмасу процесімен байланысқан, өмір сүруге керекті зат тасымалдау жүйесінің жұмысын атқарады (тағам заттарды тасымалдайды). Су арқылы ағзадан зат алмасу процесінің заттары шығарылады, термикалық (біркелкі мөлшерін) сақтайды. Ағзаның қызуы қоршаған ортаға су буы дене ішінен өкпе арқылы шығарылады. Секрет бөлінуіне, ұлпа мен жасуша аралығындағы қысым күшінің байланысының күйіне, нәжістің сұйықталуына су қажет. Қалыпты жағдайда адамның су жоғалтуы бір тәулікте орташа есеппен 2300-2800 мл (зәрмен 1500 мл, тері және бумен 400-700 мл, тыныс алумен 300-400 мл, нәжіспен 70-200 мл). Осыған байланысты адамға (1 кг дененің кесек өлшеміне 34-45 мл) судың орташа көлемі керек. Ауыр жұмыс істегенде және сыртқы ортаның температурасы жоғары болғанда су қажеттілігі көбейеді. Қалыпты жағдайда су тамақ арқылы түседі. Сондықтан, ағзаның суға қанағат болуы үшін қосымша 1200-1500 мл шамалы бос сұйықты (су, сүт, сорпа, шырын) қолдану қажет.

Адамға судың қажеттілігі шөл сезімін тудыртады, ол қан қысымына байланысты болады. Негізінен, судың сіңуі ішекте болады, қанға ол 20 минуттан кейін ғана түседі, су ішкеннен кейін бірден шөл қанбайды. Физиология бойынша шөлдегенде суды шамалап ұрттап, 5-10 минут бойы ішу жөн болады. Ағзада судың тоқтап қалуы натрий тұздарына, артық тамақтанғанда, тағамның көмірсу мен ақуыз байлығына байланысты. Оларға қарсы калий, кальций тұздарын сұйықтықпен ағзадан шығаруға итермелейді. Көп сұйықтықты қолдану қан тамыр-жүрек жүйесінің жұмысына әсер етеді, ақуызды ыдыратады, ағзадан минералдық тұздарды жуып жібереді. Сұйықты аздап қолданғанда циркуляциядағы жүрген қан өлшемі азайып, қоюланады. Ағзада тағамның болмауымен салыстырғанда, су болмаса адам ағзасына ауыр әсер етеді.


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Науқасты қабылдау және санитарлы өңдеуден өткізу | Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу. | НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ | Науқастың функциональды жағдайын бағалау: ақыл есін, төсектегі жағдайын, тері жабындыларын, тыныс алуын бағалау | Артериялдық қысымды өлшеу | Шараны орындау | Ауыз қуысын тазалау | Лақтарды тазалау | Дене қызуы көтерілген науқастарды күту | Ақуыздар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Көмірсулар| Тамақтандыру тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)