Читайте также: |
|
Емдік тамақтандыру (диетотерапия) - кешенді терапияның ең маңызды қүралы. Әдетте, ол басқа емдік терапиямен (фармакологиялық препараттармен, физиотерапиямен) қатар жүргізіледі. Кейбір жағдайда, ас қорыту жүйесінен немесе зат алмасу жүйесін емдегенде - емдік тамақтандыру басты емдік терапияға жатады, басқа жағдайда - науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімділігін береді.
Тәуліктік емдеу рационы жасалып, оны диета деп атайды. Диеталық тәртіп аурудың ерекшелігіне, өтпелілігіне, сырқаттың жағдайына қарай белгіленеді. М.И. Певзнер ұсынған сауықтыру диетасы жүйеленген 15 түрлі негізгі диетаны қарастырады. Бұдан басқа негізгі бөлімге жататын (1, 4, 5, 7, 8, 9, 10) бөлімдер бірнеше нұсқаларға ие, бұлар орыс алфавиті әріптерімен белгіленеді, оларды негізгі нөмірдің жанынан көреміз (1а, 1б, 5а). Емделушінің сауықтыру тағамы оның ауру тарихына немесе тағайындау қағазында көрсетіледі. Палаталық мейірбике күнделікті тағайындау қағазын тексере отырып, күнара мөлшердегі талап бойынша қанша мөлшерде диеталық тағам керектігін және қай бөлімге екендігін белгілеп отырады. Мөлшер күнара жасалып, аға мейірбикемен келісіліп, бөлім бастығы бекітеді, сонан соң тағам бөліміне жіберіледі. Жаңа түскен науқасқа, қай бөлімге және қай уақытта (кешке не түн мезгілінде) түссе, ол туралы мәліметті қабылдау бөліміндегі мейірбике жазады.
Дәрігердің кеңесі бойынша палаталық мейірбике науқасқа тағайындалған диетаның дұрыс және нақты орындалуын қадағалап, науқасқа диетаның маңызын, дұрыс және уақытылы қабылдануын, науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруға тиісті.
Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды. Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен бөлімше басшысы айналысады. Тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог-дәрігер атқарады, ол аурухана асханасын басқарады. Тамақ дайындаудың ең тиімді тәсілі орталық асханада дайындалған тағамды кейін бөлімшелерге арнайы ыстық тағамға арналған ыдыстармен таратады. Әрбір бөлімшеде керекті жағдайда тағамды ысытып беретін плиталар бар. Дайын тағамды буфетші немесе палаталық-мейірбикелер арнайы мөлшер бойынша таратады. Буфетте тағам мәзірі әр тағамның салмағы көрсетілген диеталық мәзір ілулі тұруы керек. Өзіндік жүріп-тұруға жарайтын науқастар ауқатты асханаға барып қабылдай алады. Төсек тартып жатқан науқастарға буфетші немесе палаталық мейірбике тағамды палатаға әкеліп береді. Бөлме жинаушы санитарлар тағам таратуға араласпайды. Ауыр науқастарды палаталық мейірбике өзі тамақтандырады. Науқастар тамақтанып болғаннан кейін, бөлме іші және асхана залалсыздандырылып, ыдыстар мұқият жуылады.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 326 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тамақтандыру тәртібі | | | Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау |