Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары.

Читайте также:
  1. Аралық бақылау сұрақтары
  2. Бiрiншi бағыт: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
  3. Биполярлы транзистордың жұмыс істеу режимдері. Транзисторлардың жіктемесі. Транзистордың негізгі параметрлері.
  4. Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
  5. Жұмыс оқу бағдарламасы.
  6. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы
  7. Жұмыс орнындағы микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

World Wide Web - WWWбүкiләлемдiк өрмекшiнiң торы - әлем елдерiн көпшiлiгiнде сақталатын және байланыс каналдары бойынша түйiндер веб- арқылы түсiнiктi болатын гипермәтiн және басқа құжаттардың көптiк бiрiктiретiн глобалдi гипермәтiн ақпараттық жүйесi.Тораптар, желі тұрғысынан ақпаратты алу және беру көздері болып табылады. Біріккен төрт төменгі деңгей берілетін ақпарат түріне тәуелді емес. Төртінші деңгеймен байланысқан әр қолданба өз портының айрықша нөмірімен таңбаланады (идентификацияланады). Порт нөмірлері 0 ден бастап 65535 дейінгі диапазонды алып жатыр. Бұл диапазондағы 0-1023 порт нөмірлері желіаралық қолданбаларға бөлінген (well-known ports), ал 1024-49151 порт нөмірлерін арнайы программалық қамтама жасайтын құрушылар пайдаланады, ал 49152-65535 порт нөмірлері байланыс сеанс уақытындағы пайдаланушы қолданбаларына динамкалық жағдайда бекітіліп беріледі. Ақпаратты жіберуде желінің әр түрлі элементтері пайдаланылады – соңғықұрылғылар, коммутациялық құрылғылар және серверлер. Тораптар топтары коммутациялық құрылғылар көмегімен жергілікті желілерге біріктіріледі, жергілікті желілер өзара шлюздер (маршрутизаторлар) арқылы қосылады.

 

Торлық хаттамалар. Торлық хаттамалардың стегi.

Топтарды басқарудың желіаралық хаттамасы (IGMP – Internet Group Message Protocol) – пайдаланушы топтарына бір уақытта хабар жіберуге қызмет ететін хаттама.

Протоколдардың желілерда кең қолданылатын көптеген стектері бар. Олар халықаралық және ұлттық стандарттар болып табылатын стектер, кез-келеген фирма жабдықтарының таралуының арқасында таралған фирмалық стектер. Протоколдардың атақты стектеріне Novell фирмасының IPX/SPX стегі, Internet желілерінда және UNIX операциялық жүйесі негізіндегі көптеген желілерда қолданылатын ТСР/IP стегі, стандартизация бойынша халықаралық ұйымдарының OSI стегі, Digital Equipment корпорациясының Digital Equipment стегі және басқа да стектер мысал бола алады.Желіде коммуникациялық протоколдың қайсыбір стегін қолдану көбінесе желі түрі мен сипаттамасын анықтайды. Кішігірім желіде тек қана бір стек қолданылады. Әртүрлі желілерді байланыстыратын ірі корпоративті желілерда ереже бойынша параллель бірнеше стек қолданылады. Желілерда қолданылатын коммуникациялық аппаратура қайсыбір протоколды жүзеге асырады, жүзеге асырылған протокол (немесе протоколдар жиыны) оның маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.

15.Доменнiң қауiпсiздiгiнiң ұйымы.

Домендік атаулар жүйесі.

Орталықтан алыстау әдісі домендік атаулар жүйесінде (DNS — Domain Name System) қолданылады. Атаулардың иерархиялық кеңістігінде әр атау бірнеше бөліктен тұрады. Оның бірінші бөлігі ұйым табиғатын анықтаса, екінші бөлігі — ұйым атын, үшінші бөлігі — ұйымдағы департаменттерді осылайша жалғана береді. Бұл жағдайда атаулар кеңістігін басқару және оның өкілеттігі орталықтан алыстау жағдайында болады. Орталық өкілеттілік атаудың ұйым таиғаты мен оның атына байланысты бөлігіне тағайындалады. Атаудың басқа бөліктеріндегі өкілеттіктерді ұйымның өзі тағайындайды. Ұйым атауға оның хост ресурстарын анықтайтын суффикс немесе префиксті қоса алады.

Домен атауларының иерархиялық кеңістігі тағайындалады. Бұл жағдайда атауды тағайындау түбірі төбесінде болатын терістелген (инвертированного) ағаш құрылымы арқылы анықталады. Ағашта 128 деңгей болуы мүмкін: 0 (түбір) деңгейінен 127 деңгейіне дейін. Түбір бүтін ағашты біріктіреді деп есептесек, онда ағаштың әр деңгейі иерархиялық деңгейді анықтайды.

Ағаштың әр түйінінде таңба болады. Ол ең көп саны 63 болатын таңбалар жолымен беріледі. Түбір таңбасы – нөлдік жол (бос қатар). DNS талабы бойынша түйін "балаларындағы" (сол түйінен тараған бұтақтар олар да түйін) таңбалар әр түрлі болу керек. Өйткені олар домен атауларының айрықшылығына кепілдік береді.

Ағаштың әр түйінінің өзінің домен атауы болады. Толық домен атауы — нүктемен (.) бөлінген таңбалар тізбегі. Домен атауларын түйіннен түбірге қарай оқиды.

Соңғы таңба — ол таңба-түбір (нөл). Ол толық домен атауы ылғи нөл белгісімен аяқталады деген сөз. Ең соңғы таңба – нүкте болады, өйткені нөлдік жол ештеңені білдірмейді.

Егер таңба нөлдік жолмен аяқталса, онда ол "толық анықталған домен атауы" (FQDN — Fully Qualified Domain Name) деп аталады. FQDN – хост атауы, онда хостың толық атауы бар. Оның құрамында арнайы таңбадан бастап, жалпы таңбаға дейінгі хост атауын айрықша анықтайтын барлық таңбалар бар.

Егер таңба нөлдік жолмен аяқталмаса, онда ол "ішінара анықталған домен атауы" (PQDN — Partially Qualified Domain Name) деп аталады. PQDN түйіннен басталады да, бірақ түбірге жетпейді. Ол егер компьютерде атау клиентке де, сайтқа да қатысты болса, қолданылады.

Домен — домендік атаулар кеңістігіндегі ағаш фрагменті. Домен атауы – ағаш бөлігінің төбесіндегі түйіннің домен атауы. Домендік атаулар кеңістігіндегі ақпараттар жинақталуы мүмкін. Бірақ осындай көп ақпаратты сақтауға бір компьютерді ұстау тиімсіз, және сенімсіз.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 206 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi. | Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі | Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде? | Электрондық пошта хаттамалары: SMTP, POP, IMAP | Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP | TCP хаттамасы мен RTP хаттамасын салыстырыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
UNIX файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi.| Файлдар тапсыруының хаттамалары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)