Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Файлдар тапсыруының хаттамалары.

Файлдарды жіберу хаттамалары (TFTP и FTP)

RFC 783, TFTP версии 2 хаттамасы” (The TFTP Protocol, Sollins, 1981), деп аталатын бұл хаттама файлдарды жіберудің қарапайым хаттамасы. TFTP хаттамасы FTP хаттамасының көптеген мүмкіндіктерін әдейі алып тастап, оның орнына файлдарды жіберудің екі операциясына арнайы маманданған: файлды оқу және жазу. Бұл операцияларды орындау үшін, TFTP хаттамасы пайдаланушы дата-грамм хаттамасын (UDP) пайдаланады. FTP, TFTP хаттамаларынан бөлек бұл хаттама каталог файлдарының тізімін көрсетпейді және пайдаланушы құқықтарын тексермейді. TFTP хаттамасы TFTP-сервері мен TFTP-клиенті арасындағы деректерді жеткізуге кепілдік беру үшін бекіту жүйесін пайдаланады. TFTP іс-әрекеті файлдарды жіберуді сұрайтын UDP датаграммасынан басталады. Егер сервер сұратуды қабылдап алса, онда ол қажетті файлды 512 байттық ұзындықтағы блоктармен жіберіп отырады. Сервер клиенттің деректер блогын қабылдап алғанытуралы бекітуді күтіп, тек содан соң ғана келесісін жібереді. Жіберудің аяқталу сигналы есебінде, TFTP-сервері UDP-датаграммасын ұзындығы 512 байттан кем жағдайда жібереді. Басқаша айтқанда, соңғы датаграмма TFTP хаттамасының анық және қарапайым шектеулер нәтижесінде өміршең еместігін көрсетеді.

Дегенмен 1984 жылы Стенфорд университетінен Росс Финлейсон (Ross Finlayson) TFTP хаттамасын пайдаланудың өте қызық мүмкіндігін ұсынды. Ол В RFC 906, “TFTP көмегімен жүктеу” (Bootstrap Loading using TFTP, Finlayson, 1984), деп аталатын программа ұсынды. Онда ол TFTP хаттамасын желі бойындағы операциялық жүйелердегі жүктегіштерді жіберуге пайдалануды ұсынды. Операциялық жүйенің жүктегіші— компьютер қосылған сайын орындалатын мини-программа. Жүктегіш операциялық жүйенің қажетті бөлімдерін ол жүктеу процесін атқаруы үшін компьютер жадысына орналастырады.

Файлдарды жіберудің хаттамасы FTP файлдарды жіберу операциясын орындау үшін екі ТСР-қосылуын пайдаланады: басқару қосылуы және деректерді қосу. Басқару қосылуы — клиент-серверлік әдеттегі типтік қосылу. FTP сервері ресми портта (порт хаттамасы 21) пассивті ашуды қамтамасыз етіп, клиенттен қосылуды орнату жөнінен сұратуды күтеді. FTP клиенті өз кезегінде, ресми порт хаттамасында FTP-серверімен контакт жасап, онымен ТСР қосылуын орнатады. Басқару қосылуы бүкіл FTP-сеансы бойынша белсенді түрде болады. Клиент және сервер NVT ASCII командасы жолдарымен және басқару қосылуы арқылы жауап кодаларымен алмасады. FTP файлдарды жіберудің әр операциясы үшін деректердің жеке қосылуын (және басқа жағдайларда да) құрады.

FTP төрт түрлі файл типтерін басқарады: жергілікті, бейнелеу файлдары (немесе екілік), EBCDIC және ASCII. Файлдардың жергілікті түрі әр түрлі өлшемді байттарды пайдаланатын файлдарды хостар арасында жіберуге арналған. Файлдардың “Бейнелеу” түрі (немесе екілік түрі) үздіксіз деректер ағыны ретінде беріледі. Басқаша айтқанда, бейнелеу файлдарын жіберуде деректер файлының ішкі құрылымының (каретканың қайтуы немесе қатарды қайталау) ешқандай әсері жоқ деуге болады. Әдетте FTP пайдаланушылары көптеген файлдарын осы режимде жібереді. Көптеген компьютерлер өздерінің мәтіндік деректерін бейнелеу үшін ASCII кодасын пайдаланады. Дегенмен, кейбір жүйелер, мысалы, IBM фирмасының әмбебап типіндегі ЭЕМ (мэйнфреймдер) және мини-компьютерлер, EBCDIC, (Extended Binary Coded Dermal Interchange Code) кодаларын қолданады. Бұл EBCDIC және ASCII жүйелері таңбаны бейнелеуге 8 битті қолданса, олардың осы таңбаларды бейнелейтін кодалары мүлдем әр түрлі болады.

EBCDIC типіндегі файлдарды FTP хаттамасында жіберу —EBCDIC кодировкасын қолданатын екі компьютер үшін файлдарды жіберудің қажетті әдісі. ASCII типіндегі файлдарды FTP хаттамасында жіберу – жіберудегі үнсіз келісім бойынша жіберу түріне жатады.

FTP хаттамасы форматты басқарудың үш түрлі типін анықтайды: Nonprint, Telnet және FORTRAN. Мәтіндік файлдар үшін үнсіз келісім бойынша форматты басқару — Nonprint, ол мынаны білдіреді: файлда парақты тік айналдыратын тік формат туралы ешқандай ақпарат жоқ. Ондай ақпаратты принтер қағаздағы мәтінді дұрыс орналастыру үшін пайдаланады. Форматты басқаратын Telnet, керісінше, принтерге арналған тік форматты пайдаланады. Форматты басқаратын Telnet — бұл принтерге мәтінді қалай басу жөнінде мәлімет беретін таңба тізбектері. FORTRAN (программалау тілі) ол да мәтінге енген арнайы таңбаларды пайдаланады. Форматты басқаратын FORTRAN мынаны білдіреді: әр қатардың бірінші таңбасы —FORTRAN басқару таңбасы, ол өз кезегінде жол форматын анықтайды. Қазіргі кезде FTP көптеген іске қосылған түрлері (әсіресе UNIX-жүйелерінде) Nonprint форматымен басқарумен шектеледі.

FTP хаттамасы бойынша файлдарды жіберудің соңғы параметрін, пайдаланушы анықтайды ол — жіберу режимі деп аталады. Жіберу режимі FTP хаттамасы TCP-қосылуы арқылы файлды қалай жіберуін анықтайды.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 500 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi. | Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі | Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде? | UNIX файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi. | Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP | TCP хаттамасы мен RTP хаттамасын салыстырыңыз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары.| Электрондық пошта хаттамалары: SMTP, POP, IMAP

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)