Читайте также: |
|
Стандарты и протоколы вычислительных сетей к\о
Хаттамалардың стектерi. Стектердiң деңгейлерi. Мысал келтiрiңiз.
Интернет желісінің хаттамалар стегі OSI үлгісіне дейін жасалған болатын. Сондықтан Интернет желісінің хаттамалар стегінің деңгейлері OSI үлгісінің осыған ұқсас деңгейлеріне сәйкес келмейді. Интернет желісінің хаттамалар стегі бес деңгейден тұрады: физикалық, деректерді жіберу буыны, желілік, көліктік және қолданбалық.
Көліктік деңгейде стекті екі хаттама анықтайды: жіберуді басқару хаттамасы (TCP) және пайдаланушының Дейтаграммалық хаттамасы (UDP). Желілік деңгейде — желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) бас хаттама анықталады. Сонымен бірге бұл деңгейде басқа да түрлі хаттамалар болады.
Физикалық деңгейде және деректерді жіберу буыны деңгейінде TCP/IP хаттамалар стегі бірде бір хаттамаға ерекшелік жасамайды. Ол барлық кабельдер, оптоволоконды байланыс сызығымен, радиоканалмен жіберілетін стандартты және жеке хаттамаларды ұстап тұрады. Бұл хаттамалар осы деңгейдегі желілік технологиялармен (PDH — Plesiochronous Digital Hierarchy, SDH — Synchronous Digital Hierarchy, ATM — Asynchronous Transfer Mode және де басқалармен).
Каналдық деңгейде коммутациялық құрылғылар әр түрлі технологияларды пайдаланады: Ethernet, Token Ring, FDDI, PPP және басқалары. Интернет ақпарат көзінен алушыға дейінгі ақпараттың кез келген түрін жіберуге арналған.
2.OSI стек.
OSI стегі АҚШ-та емес Еуропада кең танымал, себебі Еуропада жеке протоколдарын қолданатын ескі желілер аз орнатылған. Сондай-ақ Еуропада әртүрлі елдер көп болғандықтан, мұнда ортақ стекке сұраныс үлкен. Бұл халық аралық, өндірушіге тәуелсіз стандарт. Ол корпорациялар, серіктес және жеткізуші арасындағы байланысты қамтамасыз ете алады. Бұл байланыс мәліметті адрестеу, ат беру және оның қауіпсіздігі мәселелерінен қиындықтар туғызуда. Бұл мәселелердің барлығы OSI стегінде біртіндеп шешілген. OSI протоколдары орталық процессордың есептік қуатының көп шығынын қажет етеді, бұл олардың персоналдық компьютерлер желілеріне емес, қуатты машиналарға сәйкесірек етеді. Көптеген ұйымдар OSI стегіне өтуді әзір жоспарлап қана отыр. Бұл бағытта жұмыс істейтіндерге АҚШ әскери-теңіз ведомствосын және NFSNET желісін жатқызуға болады. OSI-ді қамтитын ірі өндірушілердің бірі AT&T компаниясы болып табылады. Оның Stargroup желісі OSI стегіне толығымен негізделген, бұл қолданушыларды AT&T ішінде OSI әлемдегі ең ірі инсталляциялық база етеді. OSI стегі ашық жүйелердің өзара байланыс моделінің барлық жеті деңгейі үшін маңызы бар.
OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi.
OSI моделі
Стандарт бойынша халықаралық ұйымы (International Organization for Standardization – ISO) өңдеу тәжіребесі мен алғашқы есептеуіш желілеріның эксплуатацияларын жария етті және жүйенің өзара байланысты әртүрлі деңгейлеріне стандартты атаулар бере отырып, олардың әрқайсысының қандай жұмыс істеу керек екендігін нақты айқындайтын модель өңдеп шығарды.Бұл модель ашық жүйелердің өзара байланыс моделі (Open Systems Interconnection - OSI) немесе ISO/OSI моделінемесе жай ғана OSI моделі.. Бұл модель есептеуіш желілерінда стандартизациялаудың концептуальды негізі болып табылады.
OSI моделінде өзара байлыныс 7 деңгейлерге бөлінеді.
Әрбір деңгей белгілі бір аспектімен өзара байланыста болады және әрбір деңгей үшін желінің түйіндер арасында өзара байланыс ережелері, яғни протокол бар болады.
Мұндай протоколды жүзеге асыру үшін әрбір деңгей өзінен төмен орналасқан деңгейге орындау үшін тапсырма береді.Бұл тапсырманы жіберу үшін көршілес деңгейлердің өзара байланысу ережелерін анықтайтын деңгейаралық интерфейсті қолданамыз
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1230 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетинговые и рекламные материалы | | | Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі |