Читайте также:
|
|
Желілік деңгейдегі негізгі хаттама ретінде Интенет хаттамасын (IP) атаймыз, оны пакеттердің бір интерфейстен екіншіге көшу үшін IP-модуль пайдаланады.
Интернет хаттамасының 4 версиялары (Internet Protocol, IPv4) мынандай екі негізгі фунцияны орындайды: адресация және фрагментация. Модуль IP пакетті маршруттауды пакет тақырыпшасындағы адрес бойынша орындайды. Сонымен бірге, ол жерде егер желілік пакеттің ең үлкен ұзындығы (Maximum Transfer Unit – MTU) адрестелген интерфейстегі MTU мәнінен бөлек болса, онда фрагментациялаудың/дейтаграмма жинақтаудың тәсілі жайлы мағлұмат болады.
IP деңгейіндегі пакеттер диаграммалар деп аталады. Диаграмма — ол ұзындығы өзгеріп тұратын пакет. Ол екі бөліктен тұрады: тақырып және деректер. Тақырып ұзындығы 20 биттен 60 битке дейін болады, және онда маршруттау мен жеткізу жайлы мағлұматтар болады. Әдетте, TCP/IP тақырыбы төрт секциядан тұрады. Тақырыптың әр өрісінің қысқаша сипаты төменде берілген.
-Версия (VER).Бұл 4 биттен тұратын өріс IP хаттамасының версиясын анықтайды: қазіргі кезде бұл 4 версия - IPv4 (екілік кодасы0100). Бірақ бірнеше жылдан кейін 6 версия бұл 4 версияны толық ауыстыруы мүмкін. VER өрісі өңдеуші компьютерде қызмет атқаратын IP программалық қамтамасына, дейтаграмманың 4 версия қалыбында екенін көрсетеді. Сондықтан барлық өрістер хаттаманың 4 версиясындағыдай болуы қажет. Егер компьютер IP версиясының басқа түрін қолданса, онда дейтаграмма қабылданбайды, және дұрыс түсіндірілмейді.
-Тақырып ұзындығы (HLEN – Header Length).Бұл 4 биттен тұратын өрісдейтаграмма тақырыбының толық ұзындығын 4-байттықсөз арқылы анықтайды. Ол қажет нәрсе, өйткені тақырып ұзындығы айнымалы шама болып табылады.
-Әр түрлі қызметтер (сервистің бұрынғы түрі). Бұл өрістің атауы мен түсіндірмесін 8 битке IETF жақында өзгерткен. Бұл өріс бұрын сервис түрі (Service Type – TS), деп аталған, енді ол әр түрлі қызметтер (DS – Differentiated Service) деп аталады.
-Толық ұзындық көрсеткіші. Бұл 16 биттік өріс, IP дейтаграммысының толық байттық ұзындығын (тақырып плюс деректер) анықтайды. Жоғарғы деңгейден келіп түсетін деректердің ұзындығын анықтау үшін толық ұзындықтан тақырып ұзындығын алып тастайды. Тақырып ұзындығын HLEN өрісінің мәнін төртке көбейту арқылы алуға болады.
Деректер ұзындығы = толық ұзындық – тақырып ұзындығы.
Өріс ұзындығы — 16 бит болғандықтан, IP дейтаграммысының толық ұзындығы 65 535 (216 – 1) байттар мен шектелген, оның из которых 20-60 байттары тақырып болып табылады да, ал қалғандары — жоғарғы деңгей деректері.Көрсетілген 65 535 байттар көлемі көп болып көрінгенмен, IP дейтаграммысының көлемі жақын болашақта үлкеюі мүмкін, өйткені қазіргі негізгі технологиялар жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді (өткізу қабылеті жоғарылайды).
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі | | | UNIX файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi. |