Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

TCP хаттамасы мен RTP хаттамасын салыстырыңыз.

Читайте также:
  1. Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP

Жіберуді басқару хаттамасы (TCP – Transmission Control Protocol) көлікттік деңгейдің қолданбаларға көрсететін толық қызметін қамтамасыз етеді. TCP — ағынның нағыз көлікттік хаттамасы. Ол логикалық қосылуды тағайындайтын дуплексттік байланыс режиміне бағытталған. Ол үшін әр жіберілетін пакет реттік нөмірмен қамтамасыз етіледі, және оның дұрыс қабылдануын қабылдаушы жақ мақұлдауы керек. Осы жағдайда «ағын» термині мынаны білдіреді: екі жақтағы хабарлар жіберілуден бұрын алдымен қосылу орнатылады. Протокол TCP хаттамасының кодасы 6 (оналтылық кодада – 0x06) және ол ақпаратты жіберудің кепіліділігі ретінде қолданылады.

Желілік деңгейде (анығырақ айтқанда, желіаралық деңгейде) TCP/IP желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттаманы қолдайды, ал ол өз құрамында төрт хаттама ұстайды: адресті анықтау хаттамасы (ARP — Address Resolution Protocol), және орналасуы бойынша желілік адресті анықтау хаттамасы (RARP– Reserve Address Resolution Protocol), Internet басқару хабарларының хаттамасы (ICMP — Internet Control Message Protocol) және топтарды басқарудың желіаралық хаттамасы (IGMP – Internet Group Message Protocol). Осы аталған деңгейде маршруттау хаттамалары қолданылады: маршруттық ақпараттар алмастыру хаттамасы (RIP — Routing Information Protocol), «қысқа жолды бірінші ашу» (OSPF — Open Shortest Path First), маршруттық шекаралық хаттамасы (BGP — Border Gateway Protocol).

Желіаралық қатынастарды қамтамасыз ететін (IP) хаттамасы — TCP/IP хаттамалары пайдаланатын жіберу механизмі. Бұл дейтограмманы жеткізетін бірақ қосылу орындалмаған аса сенімді емес қызмет түрі, бірақ «жіберу күші барынша көп» (best-effort).

Мұндағы «жіберу күші барынша көп» термині мынаны білдіреді: ақпаратты қажетті орнына жеткізу үшін бүкіл бар мүмкіндіктер пайдаланылады, бірақ IP ешқандай қатені тексермейді де оны сүзгіден өткізбейді. IP негізгі деңгейлерде аса сенімді емес, ол сервис деңгейіне кепілдік бере алмайды.

Нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көлікттік хаттама (Real-time Transport Protocol — RTP) —бұл хаттама нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін трафикті Интернетке ыңғайластыру үшін құрылған. RTP хаттамасында қатынау механизмі жоқ (циркулярлық шақыру, порт нөмірлері және тағы басқа); бұл хаттама UDP хаттамасымен бірге қолданылуы керек. RTP хаттамасы TCP/IP және UDP хаттамалары стектері мен қолданба программалары арасында болады. Главный вклад RTP хаттамасының негізгі жетістігі — уақыт таңбасын, тізбектелген нөмірлеуді немесе араластыруды қамтамасыз ететін механизмді енгізген.

RTP хаттамасының өзі көліктік деңгейдегі хаттама болса да, RTP-пакеті тікелей IP-дейтаграммасына инкапсуляцияланбайды. Оның орнына RTP хаттамасы қолданба программа сияқты өңделіп, пайдаланушының UDP дейтаграммасына инкапсуляцияланады. Бірақ ол басқа қолданба программалары сияқты берілген портты пайдаланбайды. Ол тағайындаған портты пайдаланады. Бұл портқа бір ғана шектеу қойылады: порт нөмірі жұп нөмір болуы керек. Келесі нөмірді (тақ) RTP хаттамасы, нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көліктік басқару (Real-time Transport Control Protocol — RTCP) хаттамасы пайдаланады.

RTP хаттамасы жіберу көзінен жеткізу орнына хабардың бір түрлі типтерін жібереді. Көптеген жағдайда сеанс кезінде басқа хабарлады да жіберу қажеттігі болады. Бұл хабарлар ағынды және деректерді жіберу сапасын басқарады, және қабылдаушыға бір жіберу көзінен екіншісіне кері хабарлар жіберуге мүмкіндік береді. Нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін көліктік басқару (RTCP) хаттамасы осы мақсатта орындауға құрылған. RTCP хаттамасында хабардың бес түрлі типтері бар.

RTCP хаттамасы, RTP хаттамасына ұқсас, берілген UDP-портты пайдаланбайды. Таңдалған UDP-портта RTP хаттамасына арналып таңдалған және кезекті UDP-порт нөмірінен кейін нөмірі жүретін нөмір белгісі болуы қажет. Оның нөмірі тақ нөмір болуы керек.

Енді нағыз уақыт масштабында жұмыс істейтін интербелсенді қолданбалардың бірі— IP-телефонияны қарастырайық. Бұл қолданба мақсаты –Интернетті қосымша мүмкіндіктері бар телефон желісі есебінде пайдалану. Коммутаторлар арқылы өтетін коммутацияны бұл қолданба Интернет арқылы өтетін пакеттер коммутациясы есебінде қолданады. Бұндай коммутация типтеріне арналып екі түрлі хаттамалар жасалған: SIP және H323.

 

 

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 474 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: OSI моделі, OSI моделінің үлгiсi. | Сурет. 0SI ашық жүйесінің өзара байланыс моделі | Жергiлiктi және ғаламдық жүйедегі желілік деңгейдегі хаттамалармен шешілген есептердің айырмасы неде? | UNIX файл жүйесi. Файл жүйелерiнiң түрлерi. | Тор аралық жұмыс iстеудiң құралдары. | Файлдар тапсыруының хаттамалары. | Электрондық пошта хаттамалары: SMTP, POP, IMAP |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пошта жіберудің қарапайым хаттамасының командалары SMTP| Теплотехнический расчет наружных стен.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)