Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · Ауыр индустрия

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Ауыр индустрия

· Депрессивтi қалалар

· Арнайы экономикалық зоналар

· мемлекеттік саясат

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылысының мен оның әкiмшiлiк-территориялық бөлiнуi. Қазақстан Республикасы Конституциясы аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттiк саясаттың қалыптасуы және оны жүзеге асыру әдiстерi.

Шағын және орташа депрессивтi қалалардың; әлеуметтiк артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз етудегi мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi мён ұйымдастыру құрылымы.

Аймақтық дамудың концепциясы мен мемлекеттiк бағдарламасын жасақтаудың рөлi және олардың қажеттілiгін аңыктау. Өндiргiш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпымемлекеттiк мүдделердi үйлестiру негіздерi. Жергiліктi шаруашылық пен жергiлiктi өзiн-өзi басқару. Жергiлiктi мемлекеттiк баскару жүйесi. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізгі, мағынасы мен тиiмділiгі.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтыланған ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеуолардың дамуының қажетті шарты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетіні негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқабөлуге болады.

· Шаруашылықтардың құрылымы экспортқа бағытталған;

· Индустриялық дамыған;

· агроөнеркәсәптік;

· дағдарыстық.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуеттің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аймақтардың экономикалық-әлеуметтік артта қаруымен, экологиялық жағдайлардың нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідеймәселелер кешенін шешуқажет деп атап көрсетуге болады:

· минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын еңгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді қарқынды игеру;

· отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициалық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғарғы дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфроқұрылымдарды құру;

· ауылдық аймақтардың дамудағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа – ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірісті әлеуетті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

· Бұл аймақтарды дамытуға шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

· шетел инвестициаларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;

· жаңа ғылымды қажетсінентін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы жаңа материалдар лазер технологиясын дамыту;

· нарықтық инфроқұрылымды дамытуды жеделдету;

Үшінші топ – ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шығын және орта бизнесті дамыту қажет.

· Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

· ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;

· ауылшаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспроттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды еңгізу және пайдалану;

· тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында тұтыну заттарын өндіретін ауылшаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа– қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымда емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

· экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;

· осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

· қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші жіне шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

· шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану;

Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:

· өндіріс қарқынының төмендеуі;

· халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандаңы табыстың төмендігі);

· жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденцилялардың етек алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

· демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.

Мемлекеттегі әрбір аймақ өзін-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбәр аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбәр аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойыншасебептерді көрсету қажет.

Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

· еліміз аймақтардың табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;

· аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайы мен халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;

· аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамуына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;

· инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;

· елдің экономикалық даму тенденциясы;

· тауар өндірісне әсер ететін технологиялық даму сатысы;

· институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдай, аймақтың даму тарихы т.б.;

· орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;

· әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;

· орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;

· орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жүктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.

Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу – еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні – жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.

2. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы-артта қалған аумақтарды даму денгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мұндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.

· Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру.

· Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, републикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвистицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар орта және шағын бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Республикамыздың кең байтақ аумағы мен оның әрбір аймағының өзіндік ерекшеліктері бар, яғни, олардың экономикалық әуелеті, республикалық еңбек бөлінісіндегі орны, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінің әркелкі болуына да байланысты.

Аймақтар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының экономикалық қауіпсіздігін бағалауды қажет етеді. Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі аймақ экономикасының оның дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілеттілігі, халықтың өмір сүру спасын жоғары әлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, ішкі және сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру. Демек, аймақ экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету-тұтас ел экономикасы өркендеуінің негізгі шарттарының бірі деп тұжырымдауға болады. Осыған байланысты экономикалық қауіпсіздіктің қатерлерін аймақтық деңгейде анықтаудың маңызы да арта түспек.

Аймақтардың саралануының күшеюі жалпы аймақтық өнім сияқты көрсеткіштер динамикасына көрінеді. Аймақтық дамудың саралануына байланысты, экономикалық қауіпсіздік факторлары әрбір аймақ деңгейінде өзінің аймақтық ерекшеліектеріне ие болады. Әрбір аймақта экономикалық қауіпсіздік факторларын анықтау нәтижесінде ғылыми негізделген шешімді талап ететін экономикалық қауіпсіздіктің ерекше мәселелері туындайды.

· Аймақтар дамуының тікелей қатерлеріне келесілерді жатқызуға болады:

· орталық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттіліктері мен жауапкершіліктердің айқын бөлінбеуі;

· аймақтардағы реформалардың жүргізілу қарқынындағы айырмашылықтар;

· халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың сралануы;

· әлемдік нарықтағы сұранысқа сәйкес Қазақстан экономикасының салық және аймақтық құрылымының өзгеруі, нәтижесінде өнеркәсіптік және аграрлық аймақтардан басым шикізат пен отын өндіретін аймақтар иерархиясы қалыптасты;

· аймақтар дамуындағы аумақтық және салалық үйлестіру қағидасының бұзылуы.

· Барлық аймақтардың дамуы үшін жалпы кедергілер төмендегідей:

· жұмыссыздық;

· ірі өндіруші кәсіпорындардың тоқтап қалуы немесе толық қуатында жұмыс істемеуі;

· экологиялық мәселелердің көбеюі;

· шағын қалалардың дағдарысты жағдайы.

Аймақ дамуының әлеуметтік қатерлері:

· жан басына шаққандағы табыстың төмен деңгейі және табыстары күнкөріс минимумының төмен халық үлесінің артуы. Кедейшілік шикізат әлеуеті төмен жұмыссыздық жоғары (Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл) аймақтар үшін ғана тән болып отырған жоқ. Кедейшіліктің күшейе түсуі мұнай өңдеу және металлургия салаларының жоғары және орташа өсу қарқындары бар және осындай аймақтардың ауылдық жерлерінде шоғырланғаны байқалып отыр;

· халық жалақысының төмен деңгейі. Бес облыста – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан-орташа айлық жалақы республикадағы орташа деңгейге жетпейді;

· жан басына шаққандағы табыспен орташа айлық жалақы деңгейі бойынша аймақтардың өте саралануы (резкая дифференциация). Мысалы Атырау облысындағы төмен деңгей арасындағы айырмашалық үш еседен артық;

· аймақтар ішіндегі айтарлықтай алшақтық – қала және ауыл тұғындарының, өңдеуші және металлургия салаларында жұмыс істейтіндер мен қалған халық табыстарының арасындағы;

· барлық аймақтарда әлеуметтік салалардың дамуындағы жағымсыз тенденциялардың сақталуы.

Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік стратегияның мақсаты шикізат бағытынан бірітіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай стратегияның қабылдауына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып отыр. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпроациялар сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда. Себебі, әлемдегі шеткері жатқан дамушы елдер шикізат жеткізуші қызметін атқарып, ал аталмыш институттардың құрылуына негіз қалаған орталықтағы мемлекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату үрдісі болашақта шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайларға тәуелді болып қалу қауіпін тудыруда. Әлемдік тәжірибе көсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір табысқа ие болады да, өнеркәсіптің жаңа саласын дамытуға ынталанбайды. Дегенмен, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да тұрақты даму тұрғысынан алғанда шикізатты ел көптеген мәселелерге тап болуы мүмкін. Бастапқыда шикізат мемлекеті болып табылатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері, инновациялық саясатты қолдану, яғни сервистік-технологиялық экономикаға өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп береді.

Жалпы алғанда, жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдік экономикадағы басым үрдістері төмендегідей жіктеуге болады:

· дамыған елдерде индустриялдық экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға өту;

· ғаламдану;

· экономиканы ырықтандыру;

· ғаламдық бәсекенің артуы және аймақтық ықпалдасуы.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде экономикасы дамыған елдер индустриялдық даму сатысынан аса жоғары сервистік-технологиялық экономикаға өтті. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлкен бөлігі қызмет көрсету секторында қалыптасты. Мұндай қызметтердің аймақ байқалатын ғылыми және инновациялық негізі бар.

Экономикасы дамыған елдерде санаткерлік ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндіріс, әсіресе, еңбекті көп қажет ететін өндірістер бірітіндеп әлемнің экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдеріне ауысуда.

Елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында дүние жүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасының дамуында орын алған бірқатар мәселелер көрсетілген, олардың негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасуының әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық ықпалдасуының босаңдығы; ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы; ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі және т.б. Сонымен қатар бағдарламада экономиканың үрдістерін талдау және Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелер де қарастырылған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ғаламдық экономикада әлемдік тауар нарықтарына мұнай, газ, қара түсті, сирек кездесетін және қымбат металдар мен уран өнімдерінің шығаратын ел ретінде таныла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде астық экспортының келешегі бар. Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвистицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне орай Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялдық сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржылық ресурстар жинақталуда.

Индустриялық-инновациялық стратегияға сәйкес өңдеуші саланы дамытудың алғашқы шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жоғарғы технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды қаржыландыру, сырттан инвистиция тартуға негізделген инвестициялық, инновациялық қорлар, даму банкі, экспорттық несиелер мен инвистицияларды сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Даму банкі құрылғалы бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты.

Индустриялық стратегияның негізгі міндеттерінің бірі - аймақтық және халықаралық ауқымды еліміздің бәсекелестік артықшылығын анықтау болып табылады. Үкімет трансұлттық компаниялармен, шетелдік және ірі Қазақстандық компаниялармен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруда. Ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдегі жетекші компаниялар «Майкрософт», «Хьюлетт-Паккард», «Сменс», «Циско» және басқалармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл басқа машина жасау мен металлургияда ірі жобаларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдануда. Мәселен, «Қазақстан - КАМАЗ» автомобиль консорциумы құрылды, оның басты мақсаты - өз елімізде автомобиль және трактор жасауды дамыту.

Сонымен Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес еліміздің бірқатар аймақтарында нақты істер мен шаралар жүзеге асырылғанын келтірілген деректер анық аңғартады. Алдағы кезеңде негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағытындағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталған іс-шаралар жүргізу.

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 640 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)