Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · стратегиялық индустриялды-инновациялық даму өнеркәсіптік өндіріс

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· стратегиялық индустриялды-инновациялық даму

Әр елдің экономикалық жағдайы көбінесе оның өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты. Елдің өнеркәсіптік жиынтығының құрылымын және даму динамикасын стратегиялық және тактикалық тапсырмалардың тиімді орындалу мүмкіндігімен анықтайды. Яғни экономикалық тәуелділікті, ұлттық қауіпсіздікті басқару, халықтың өмір сүру деңгейін қалыптастыру және жоғарылату, қоршаған ортасын экономикалық сауықтандыру, тең талаппен және тең пайда әкелетін жағдай арқылы дүниежүзілік экономиканы интеграциялау.

Ұлттық экономикалық өмірде өнеркәсіптің жалпы мәні және рөлі келесі факторлар арқылы анықталады.

Біліншіден, өнеркәсіптік өндіріс ЖІӨ құрылымының, ішкі тұтыну тауарларының және экспорттық тауарлардың және экспорттық тауарлардың қайнар көзі болып табылады. Экономикасы жақсы дамып келе жатқан мемлекеттерде ЖІӨ көлемінің 40 пайызын өнеркәсіптік өнімдір құрайды. Қазақстан Республикасында 2005 жылы (қыкүйек айындағы жедел деректер бойынша) өнеркәсіптік өнімдердің үлесі 29,6 пайызды құрайды.

Бұрынғы КСРО экономикасында 90 жылдары ол көрсеткіш 60 пайызды құрады. Өнеркәсібі жақсы дамып келе жатқан мекемелерде жалпы жұмыс күшінің 40 пайызы осы сала бойынша жұмыспен қамтылады.

Екіншіден, өнеркәсіптің рөлі экономиканың негізгі саласы ретінде келесідей анықталады: яғни ол барлық қалған салалармен қоғамдық өндіріс салалары үшін жетекші факторы болып табылады. Өнеркәсіп аталған салалардың техникалық-технологиялық деңгейін, ғылыми-техникалық база құрылымын, сала ішінде және салааралық бірлестіктердің құрылымын анықтайды. Нәтижесінде өнеркәсәп осы саладағы өндіріс көлеміне белсенді әсер етеді. Яғни ұлттық өндірістегі ЖІӨ-нің бәсекелестік деңгейін, мемлекеттік бюджеттің қалыптасуын, жұмыс күшінің жұмыспен қамтылу деңгейін анықтайды, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын анықтайды.

Үшіншіден, көптеген салалар мен өнеркәсіптік бірлестіктер және қоғамдық топтар өнеркәсіптік өнімдер мен қызметтерді тұтынушы болып табылады. Сондықтан олардың төлем қабілеттілігін анықтай алады. ЖІӨ құрамындағы өнеркәсіптік өнімдерді тұтыну көлемін анықтай отырып, экономикалық тепе-теңдікті ұстап тұрады.

Қазақстанның 2005 жылдың қаңтар-қырқүйегінде өндірілген жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі жедел алынған деректер бойынш 5169,3 млрд. теңге болып белгіленді. Оның нақты көлемінің өзгеру қарқыны 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызды құрайды. ЖІӨ-нің 8,9 пайызғы өсуі экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің: өнеркәсіпте – 4,2 пайызға, ауыл шаруашылығында 7,4 пайызға, құрылыста – 38,8 пайызға, көлік және байланыстағы қызмет көрсету – 9,5 пайызға. Саудада – 9 пайызға өсуіне байланысты болып отыр. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде дефлятор-индекс жалпы экономика бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,5 пайызды құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде – 112,8 пайызды, қызмет көрсетуде – 108,6 пайызды жетті. Ағымдағы кезеңде ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,2 пайызды және 52,9 пайызды құрады. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,6 пайызды) алады. Ол негізінен мұнай өнімдерін өндірумен байланысты. Сондықтан болашақта өндірістің барлық салаларын жан-жақты дамытуымыз керек.

Экономикалық өмірде өнеркәсіптің рөлі, маңызды және жан-жақты болғандықтан дамыған елдер өздерінің өнеркәсіптік-өндірістік бірлестігіне көп мән береді. Өйткені өнеркәсіп – ұлттық экономиканың негізін қалаушы, барлық елдердің экономикалық даму деңгейін сол анықтайды. Сондықтан олар экономиканы белсенді, жан-жақты, реттеуші саясаттың бірі ретінде өнеркәсіптік саясатты таниды.

Көрнекті орыс экономисі Л. Абалкиннің айтуынша, мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты құру және жүзеге асыру мемлекеттің негізгі және басты экономикалық қызметтерінің бірі болып табылады, ол қоғамның прогрессивті жетілуіне байланысты. Ресей үшін өнеркәсіптік саясат қажет болғандықтан кейбір авторлар мынаны жазады: “Өнеркәсіптік саясат болу немесе болмау сұрағы Ресейде қоғам арқылы қабылданған, ғылыми дәлелденген, ал өнеркәсіптік саясаттың салтанатты түрде, болу немесе болмау мәселесі біздің елде XXI ғасырда индустриялды дамыған дүниежүзілік державалардың қатысуымен қабылданады” – деді.

Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен құрылымын өзгертіп заңдастыру Қазақстан үшін басты жағдай болып табылады. Өнеркәсіптің рөлі экономикалық өмірде ауқымды және жан-жақты болғанымен экономикалық құлдырау кезінде ең көп зиян шегетін сала. Сонымен қатар өнеркісптегі өндірістік технологиялық апаттар көбінесе – ескі, орташа деңгейдегі, қолдану мерзімі 20 жылдан асқан, тозу деңгейі 45-50 пайызды құрайтын құрал-жабдықтардың қолданыста болуымен байланысты. Ондай жағдайлар өндірістік зардаптар мен техногендік зияндарды туғызуы мүмкін.

Кейбір аймақтардың тек шикізат өнімдеріне мамандандырылуы – олардың тек бір салаға мамандануына әкеледі, олар тек ішкі нарықта ғана қызметатқарып, әлеуметтік-экономикалық қайшылық туғызады және республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда даму деңгейі мен өнім сапасы басқа аймақтардың өмір сүру жағдайымен салыстырғанда артта қалғандығын көрсетеді. Осы немесе басқа теңсіздіктер мемлекет тарапынан белсенді араласуды талап етеді.

Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаттың мақсаты - өнеркәсіптегі экономикалық күрделі және маңызды қатынастарға, елдің перспективті қызығушылығына, халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сияқты мақсаттарға біржақты бағытталу.

Өнеркәсіптік саясаттың алғашқы тәжірибесі 1998 жылы Қазақстан Республикасыүкіметінде қабылданды. Онда арнайы әлеуметтік құжат бекітіліп; «ҚР 1999-2003 жылғы өнеркәсіптік саясатты» атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – қалыптасқан мәселелердің сапалығына жағдай жасау. Оның ең бастылары:

· Өнеркәсіптің барлық салаларының тиімді және диверсификация жолымен дамуы, экспорт және импорттың дамуы.

· Техникалық жаңартулар мен ғылыми өндірістердің дамуы.

· Ішкі және сыртқы нарықта Қазақстандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру т.б.

2003 жылы«ҚР-2003-2015 жылдарға арналған стратегиялық индустриялды-инновациялық даму » құжаты қабылданды. Онда негізгі мақсат ретінде мыналар қаралды: «Елдің тұрақты дамуы үшін экономика саласында диверсификация жолын таңдау, бұл шикізат бағытынан бас тартып, ұзақ мерзімді жоспар бойынша сервистік-технологиялық экономикаға жол бастау». Негізгі жүктемелер, сатылар мен өңдеу кезеңі, қажетті ресурстар және қаражат көзі, болашақтағы нәтижелер, есепке алынып, алдын ала қаралуы шарт. Яғни Қазақстан өнеркәсәпті реформалау жолын іздестіруде – шикізат бағытын өзгерту, тең құқықты, тең пайдалы жағдайда интеграциялау.

Өнеркәсіп саясатындағы мәселелер соңғы кезде оқу әдебиеттерде салыстырмалы қарала басталды. Бірақ ғылыми әдебиеттерде «өнеркәсіптік саясат» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Сол анықтамаларға талдау жасау арқылы өнеркәсіптік саясаттың объектісін, субъектісін, мақсатын және құралдары мен құрылымын анықтауға болады.

Өнеркәсіп саясатының объектісінегізінде барлық өнеркәсіптік кешені анықталады. Оған өнеркәсіп саласының ғылыми-техникалық деңгейіне әсер етуші құрылымдық білім және барлық сала бірлестіктері мен оның құрылымдарын жатқызуға болады. Сондықтан «өнеркәсіптік саясат» туралы сөз қозғалысқа салалық, құрылымдық, ғылыми техникалық, инновациялық саясат қарастырылады, себебі олар барлығы бір жиынтықты құрайды және мақсаттары да ұқсас.

Өнеркәсіптік саясаттың субъектісі мемлекет және оны құраушы барлық деңгейдегі басқару органдарынан басқа, көптеген басқа да шаруашылықтар болуы мүмкін. Олар ірі корпорациялар, қаржылық өнеркәсіптік топтар, акционерлік қоғам және ірі құрылымдық шаруашылықтардан құралады. Олардың өзіндік мүдделері, мотивтері, өнеркәсіптік саясатты жүргізушілік мүмкіндігі болуы керек және олар ірі капитал иелері болғандықтан өз тарапынан өнеркәсіптік саясат жүргізу мүмкіншілігіне ие.

Дегенмен, басты субъект ретінде мемлекеттің рөлі жоғары болуы шарт. Ол ұлттық экономиканың барлық мүддесін мемлекеттік деңгейде мақұлдап, өнеркәсіп дамуының жалпы бағыттарын қарастыру, барлық шаруашылық субъектілерінің өнеркәсіптегі мүмкін болатын үлесін анықтау керек. Өнеркәсіптік саясатты қалыптасытру кезіндегі ең негізгі мемлекеттің рөлі – бұл саясатты қалыптастырудың мақсатын дұрыс таңдау. Өнеркәсіптік саясатына нақты негізгі қолданылатын құралдар мен басымдықтар жүйесі және оның нақты мазмұнына айқындаумен байланысты. Өнеркәсіп саясатындағы басты шарт – шынайы нәтижелік, экономикадағы қүрделі шаруашылық жағдайларды есепке алу. Сондықтан кейбір авторлар көзқарасы дұрыс болып саналады. Олар өнеркәсіптік мақсаттарды төмендегідей бөледі.

Басты мақсат ретінде келесі мақсат алынады: аграрлық шикізатты қалыптастыру және тиімді олигополиялық нарықтық құрылымды қалыптастыру, ол жоғары деңгейлі техникалық-технологиялық өндіріс арқылы жүзеге асырылады.

Орташа деңгейлі мақсаты – бұл халық шаруашылығының индустриялды базисінің құрылымдық және технологиялық өзгеруі, өндірістің кеңеюі.

Тактикалық мақсат болып жатқан жүктемелердің орындалу жағдайын реттейді, яғни өндіріс құралдарын қадағалайды, экономикалық өзгерістерге, тұрақты өсуге ерекше сипаттама береді.

Өндірістік саясаттың негізгі әдістерін былайша топтастыруға болады: заңды-құқықтық, қаржы-несиелік, әкімшілік.

Өнеркәсіптің экономикалық индустриялды деңгейін көтеру үшін және ішкі, сыртқы өзгерістерге индустриялды деңгейін көтеру үшін және ішкі, сыртқы өзгерістерге қабілеттілігін нығайту үшін заңды құқықтық, қаржы-несиелік және әкімшілік әдәстерді үйлесімді қолдану керек.

Өнеркәсіптік саясат өндіріс дамуын анықтайды және өнеркәсіптің басты буындарының дамуына әсер етеді. Ол саясаттың басқа саясатпен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері мен бағыттары бар. Соған сәйкес өнеркәсіптік саясат экономикалық әдебиеттерге әр түрлі жіктейді:

A. Экономикалық өсу мінездемесі бойынша – теңестірілген (баланстандырылған) және теңестірілмеген (баланстандырылмаған) өнеркәсіптік саясат.

B. Әсер ету әдісі бойынша – белсенді және пассивті.

C. Бағыты бойынша – жалпы жүйелік және селективті.

D. Мазмұны бойынша - өндірістік саясаттың экспроттық, импорттық және инновациялық түрі бар.

E. Ауқымы бойынша – жалпы ұлттық және аймақтық.

Олардың практикада қолданылуы елдегі нақты жағдайға және ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты.

Шаруашылықтың өндірістік тәжірибесінде өнеркәсіптік саясаттың іріктелген түрлері мен оның өндіріске сәйкестігін анықтау арқылы қолданылады. Мысалға өнеркәсіптік өнімдерді экспортауға әсер ету әдісі бойынша белсенді немесе пассивті болып келеді, бағыты бойынша – жалпы жүйелік және селективті баланстандырылған әдістер қолданылады. Олар бір уақытта қолданылуы мүмкін, бірақ әр түрлі салаға, аймаққа, мекемеге байланысты дифференциалданған түрде жүргізіледі.

Селективті әдісті сыртқы нарықта бәсекелестік қабіілеті бар саламен және мекемемен жұмыс істеуді қолдануға болады. Өнім өндіру кезінде белсенді, пассивті әсер ету әдістерін қолдануға болады.

Қазақстандық экономистер пікірінше, көбінесе өнеркәсіптік саясаттың баланстандырылмаған түрі кеңінен қолданылуда, өйткені қаржылық ресурс арқылы барлық өнеркәсіп саласын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, жоғарыда айтылған өнеркәсіптік саясат типтері бір саясаттың әр түрлі аспектісі болып табылады. Жалпы сызба 1-суретте көрсетілген.

 

 


Экономиканың өсу сипаттамасы бойынша Әсер ету әдәсі бойынша Мазмұны бойынша Бағыты бойынша Ауқымы бойынша
Баланстандырылған баланстандырылмаған Белсенді пассивті Экспорттық, импорттық, инновациялық Жалпы жүйелік, селективті Жалпы ұлттық және аймақтық

 

 


1-сурет. Өнеркәсіптік саясат типтері

Әлемдік тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың ең басты принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады.

 

Ø Ұлттық экономиканың өзгеруімен байланысты сапалы жетістіктерге жету;

Ø өнеркәсіптік өндірістің дүниежүзілік критерияларға бағытталуы;

Ø басым салалар мен өнеркәсіптік өндіріс сферасын анықтау;

Ø өндірістік өнімге жаппай сұраныс пен рентабельділікті анықтау;

Ø өнеркәсіптік саясатты құраушы барлық элементтердің өзара байланыстылығы;

Ø сыртқы экономикалық іс-әрекеттермен байланыстылығы;

Ø өнеркәсіптік әлуетке иелік етуге сенімнің болуы;

Ø кәсіпорындар мен ведомствалар арасындағы өнеркәіптік саясаттың ерекше қызмет бөлімдері мен оны жасақтау жағдайы.

Қазақстан жағдайындағы өнеркәсіптік өзгеріс – бұл ұзақ мерзімдік және көп сатылы үрдіс. Сондықтан өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде ең маңызды жағдайды есепке алу керек. Олар: елдің өнеркәсіптік құрылымының күрделі салаларын, оның техникалық жобасын, шаруашылық байланыстар нысандары, түрлері және өнеркәсіптік мекеме мөлшерін мамандандыру. Бұл жағдайлар өндіріс дамуда ұзақ мерзімдік қайта бағалауды қажет етеді. Сондықтан өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру үшін қойылған мақсаттардың орындалуына қарай оны нақты кезеңдерге бөлуге болады. Ол 2003 жылы қабылданған «ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған стратегиялық индустриялды-инновациялық даму» құжаты бойынша келесі сатыларға бөлінеді:

1-саты 2003-2005 жылдар;

2-саты 2006-2010 жылдар;

3-саты 2011-2015 жылдар.

Өнеркәсіптік саясатта өнеркәсіпті қолдану шараларының заңдық жүйесіне көп көңіл бөлінеді. Мұнда өндіріс дамуының жалпы және мақсаттық шаралары мен инвестициялық және инновациялық іс-әрекеттері белгіленеді. Жалпы шаралар барлық өндірістік кәсіпорындарға, ал мақсатты шаралар – ішкі тұтыну немесе мемлекеттік басымдылықтағы тауарлар мен ірі шаруашылық субъектілер үшін жеке тауар тобын өндірушілерге бағытталады. Олар мемлекеттік қаржылай қолдану нәтижесінде шаруашылықтың белсенді іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Жалпы шаралардың ішіндегі ең тиімдісі келесідей:

1. Өнеркәсіпті ынталандыру механизмін салықтық жүйе арқылы реттеу; салық жеңілдіктері, бәсекелестік өнімді өндіруші кейбір кәсіпорындарды салықтан босату және т.б.

2. антимонополиялық қорды пайдалану мақсатын қадағалау.

3. Жеке инвестициялық кәсіпорындарды ынталандыру.

4. Өнеркәсіпті инвестициялау үшін несие беру жағдайын өзгерту.

Мақсаттық шаралар дифференциалданғандықты кәсіпорындарда қолданылады. Өндірістің негізі мен соған сәйкес критерийлердің тиімді бірлестігі негізінде қолданылады. Бұл мынадай критерийлер болуы мүмкін: кәсіпорынның болашақтағы тауарларға мамандануы; бюджеттің қалыптасуына араласуы; өндіріс базасының материалдық-техникалық құрылымы, инвестициялау тиімділігі және басқалар.

Мақсаттық шаралардың ішінде келесілер көбірек қолданылады:

1. Өнеркәсіптік кәсіпорынның борыштарын қайта есептеу шаралары.

2. Салықтық – несие немесе салықтан босату арқылы айналым құралдарын толықтыру.

3. Бекітілген мемлекеттік инвестициялық бағдарламада атқарылатын жұмыстар үшін инвестициялық және басқа да шараларды ұсыну.

4. Мемлекет тарапынан отандық және шетел инвесторларына кепілдіктің берілуі.

Аталған жағдайлар атауы мекеменің таңдауы арқылы жүзеге асады. Оларға сәйкес критерийлер таңдалынып, маркетингтік талдау жолымен болашақтағы нәтиже анықталады.

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 356 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Меркантелизм ілімі қай ғасырда пайда болды. | Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны | Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Тақырып бойынша сұрақтар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)