Читайте также: |
|
· Ассоциотивтік әдіс
· Оперативтік
· Болжау принциптері
· Ізденісті болжауда
Қоғамда болып тұратын әр түрлі құбылыстарды алдын ала болжаумен білудің маңызы өте зор. Болжау экономикалық, әлеуметтік, техникалық салалардың ықтимал жағдайы келешекте дамуы жөнінде ғылыми негізделген топшылық. Болжау объектілеріне: макроэкономикалық көрсеткіштер, құрылымдық заңдылықтар, салалардың даму келешегі жатады.
Макроэкономикалық болжау құрамына демографиялық болжаулар да кіреді.
Болжау кезеңінің ұзақтығына қарай: оперативтік (айлық, тоқсандық), қысқа мерзімді (3ж. дейін), орта мерзімді (3-10ж. дейін), ұзақ мерзімді (10ж. жоғ) болып бөлінеді.
Функционалды белгілеріне қарай болжау ізденісті және нормативті болып бөлінеді.
Ізденісті болжауда базалық көзқарас болса (мақсат қол жетерлікте ме?), ал нормативті болжауға мақсаттық көзқараста (мақсатқа жету үшін қандай өзгеріс болуы керек). Болжауды жүргізуші негізгі субъектілерге ғылым академиясы жүйесіндегі ғылыми институттары, жалпы экономикалық және салалық министрліктер, ведомоствалар, экономикалық жоғарғы оқу орындары, арнайы мамандардан құрастырылған уақытша шығармашылық ұжымдар және әртүрлі ғылыми бөлімдер т.б. жатады.
Болжау принциптері:
- болжауды кешенді түрде жүргізу яғни болжау объектілерімен жұмыстарының өзара байланыстарын қамтамасыз ету;
- болжаудың ғылыми дәлелденгендігі;
- болжаудың баламалығын қамтамасыз ету;
Болжау әдістері жалпы түрде интуитивті және формальды болып бөлінеді. Интуитивті болжау объектісі өте қарапайым немесе болмаса өте күрделі болғанда көптеген факторлар әсерін ескеру мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда эксперттердің ой-пікіріне жүгінеді. Алынған эксперттік бағалаулар болжау ретінде қолданылады. Интуитивті әдісті екі топқа бөлуге болады. 1. жеке эксперттік бағалаулар; 2. ұжымдық эксперттік бағалаулар.
Жеке эксперттік баға беру тобына келесі әдістер жатады:
- интервью алу әдісі;
- ұжымдық эксперттік баға беруге анкета жүргізу;
- комиссия әдісі;
Болжаудың формальді әдісі болжау ұзақтығы м<1 болғанда қолданылады.
Әрекет етудің жалпы принциптеріне байланысты формальді әдіс келесі топтарға бөлінеді:
- экстрополяциялық;
- жүйелі құрылымдық;
- ассоциотивтік;
- ақпараттық.
Экстрополяциялық басқару әдісінің тобына ең аз квадраттар әдісі, экспоненсия, ықтималды модельдеу және бейімделу әдістері жатады.
Жүйелі құрылымдық әдіс тобына функционалды ирархиялық моделдеу, матрицалық моделдеу жатады.
Ассоциотивтік әдісті иммитациялық моделдеу және тарихи логикалық талдау әдістеріне бөлуге болады.
Ақпараттық әдіс тобына: публикация тасқының талдау жатады. әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда кез-келген болжау құралы экстрополяция кестесі болып табылады. Экстрополяция формальді және болжамды болып бөлінеді.
Формальді экстрополяция болжау объектілерінің болашақта бұрынғы және қазіргі даму тенденциясын сақтай отырып болжауларға сүйенеді.
Болжамды экстрополяцияда нақтылы даму зерттелетін процестің келешектегі физикалық және логигаклық маңызын ескере отырып оның динамикасы жөніндегі гипотизамен байланысты болады.
Жалпы жоспарлаудың әдістемелік базасы жоспардың тұжырымдамаларының принциптерінің және әдістерінің өзара байланысы және қарым-қатынасы арқылы құрастырылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу және нарықтың өзін-өзі реттеу механизмдері ғылыми және әдістемелі тұрғыдан қамтамасыз етілсе, дұрыс нәтижелі жұмыс жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жоғарғы нысаны- жоспарлау. Оның міндеті: экономиканы мемлекеттік реттеу барлық элементтерін ғаламдық мақсаттарға кешенді түрде пайдалану. Жоспарлау объектілеріне төмендегілер жатады:
- салалар;
- аймақтар;
- ғылыми зерттеу жұмыстары.
Экономиканы жоспарлау субъектілеріне:1. жоспарлауды құруға жауапты оны жүзеге асыратын, бақылау жүргізетін мемлекеттік мекемелер және арнайы органдар жатады.
Стратегия түсінігі гректің “стратегос” – адамдарды басқару өнері деген сөзінен шыққан. Стратегиялық жоспарлаудың концепциялары экономиканы мемлекеттік реттеудің басты тетігі ретінде өзара байланысты шаралар мен көрсеткіштер жүйесін біріктіреді. Ал оның орындалуы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлаудың концепциясының басты принциптері:
2.республиканың халық шаруашылығының және оның шаруашылық жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығының және тепе-теңдігінің тиімділігін қамтамасыз ету;
3.жалпы экономикалық, салалық және аймақтық сипаттағы басымдықтарды ғылыми тұрғыда дәлелдеу;
4.ағымдағы орта және ұзақ мерзімді жоспарының үздіксіз жүргізілуін және өзара байланыстылығын қамтамасыз ету;
5.келешекке жоспар жасауда бұрынғы жылдардың жоспарларының нәтижелерін ескеру керек.
Әлемдік тәжірибеде стратегиялық жоспарлау процесінде свот талдау тәсілі яғни жоспарлайтын объектінің әлді және әлсіз жақтарын талдау жүйесі қолданылады. Көрсеткіштерді талдау үшін оларға әсер ететін факторларды ескеру керек:
- жоспарлау объектісінің деңгейі, оның халықшаруашылық кешені (макроэкономика), халықшаруашылық салалары, экономикалық территорияның әлеуметтік шаруашылық кешені, кәсіпорын экономикасы (микроэкономика) деп бөлуге болады;
- жоспар қамтитын уақыт интервалы;
- жоспарлық және нақты көрсеткіштердің салыстырмалығына қол жеткізу қажеттілігі.
Стратегиялық жоспар жасау процесі оның ғылыми дәлелденген әдістерінсіз жүзеге аспайды. Стратегиялық жоспарлауда экстрополяция сараптамалық бағалау әдісі жиі қолданылады. Стратегиялық жоспарлаудың ұйымдастырушылық негізі заңдар болып табылады.
Жоспарлау –басқару жүйесінің басты элементі, мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық саясатын жүзеге асырудағы маңызды құралдардың бірі.
Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың қажеттілігі көптеген себептерге байланысты, мысалға: жоспарсыз мемлекеттің әр түрлі аймақтары мен шаруашылық субьектілерінің мүдделерін бір-біріне қисындау мен сәйкестендіру мүмкін емес.
Нарықтық жүйенің сұраныс пен ұсыныс(нарықтық баға), бәсеке негізінде өздігінен реттелетін қабілеті бар.Алайда, кейбір салаларды өздігінен реттелу жеткіліксіз, мысалы: сыртқы ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануда.Рынок аймақтар арасындағы инвестициялық,, қаржылық, еңбек ресурстарын бөлуде тепе-теңдікті сақтай алмайды. Еркін рынок экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды.Бұл мәселелердің тек жоспарлау негізінде,экономикаға мемлекеттік реттеу шараларын жүргізу арқылы ғана шешуге болады.
Жалпы мемлекеттік жоспарлау - әлеуметтік –экономикалық жүйелердің негізгі даму бағыттарын анықтайды, сондай-ақ нақты міндеттер мен қойылған мақсаттарға жету шараларын белгілейді.
Нарықтық экономикада жалпы мемлекеттік жоспарлау бюджеттік жоспарлау,мемлекеттік әлеуметтік- экономикалық бағдарламалар,мемлекеттік тапсырыс, мақсатты кешенді бағдарламалар, мемлекеттік сектордың даму жоспарларынан құралады.
Жоспарлаудағы негізгі шарт- мақсаттарды белгілеу мен оған жету жолдарын анықтау.
Жоспар нақты сандық параметрлерге (көрсеткіштерге) негізделеді.Сандық көрсеткіштер әлеуметтік- экономиканың дамуындағы соңғы және аралық нәтижелерін, ресурстарға шығындарды бейнелейді. Әлеуметтік- экономикалық жоспарлау басқарудың барлық деңгейінде дайындалады,олар:
- федералдық және аймақтық жоспарлау – бұл жоспарды мемлекеттік басқару органдары құрады.
- Жергілікті жоспарлау- бұл жергілікті басқару органдары арқылы жүргізіледі.
- Кәсіпорын жоспары – кәсіпорынның өз мүмкіндіктерін ескере отырып жасалады.
Жоспарлау бірнеше түрге бөлінеді: дерективті және индикативті, стратегиялық және тактикалық.
Дерективті жоспарлау – заң күші бар жоспарларды құру үрдісі. Дерективті жоспарлаудың ерекшелігі нақты мекен – жайға бағытталуы, яғни ол жоспарды орындау міндетті. Ол жоспарды жүзеге асырудағы орындаушылардың жауапкершілігі қаралған. Қазіргі кезде дерективті жоспарға макродеңгейдегі қаржы жоспары мемлекеттік бюджет, аймақтық мақсатты бағдарламалар мемлекеттік мұқтаж үшін, азық – түлік тапсыру жоспары жатады. Әрбір кәсіпорынның өз жоспары дерективті жоспар болып табылады.
Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуын нақты параметрлер арқылы (индикаторлар) анықтау үрдісі мен белгіленген индикаторларды жүзеге асырудағы жанама мемлекеттік экономикалық шараларды әзірлеу. Индикаторлар – экономиканың құрылымы мен тиімділігін, қаржы жағдайын, ақша айналымын, тауар рыногы мен құнды қағаздар нарығын,сыртқы экономикалық байланыстарды бейнелейтін көрсеткіштер.
Бұл жоспарлаудың ерекшелігі оның тек кеңес берушілік сипатты болуы.Шаруашылық субьектілеріне ол жоспарды орындау міндетті емес, алайда мемлекет экономикалық әдістер (салықтар немесе субьседиялар т.б) арқылы,сондай-ақ құқықтық актілер т.б.әдістер арқылы индекативті жоспарды жүзеге асырады. Көптеген елдерде дайындалатын индекативтік жоспарлар болжау түрінде болады. Мыс: Франция экономикасының жоспары – мемлекет пен жеке кәсіпкерлер арасындағы ақпарат алмасу, соның негізінде олардың жоспарларының бір-біріне сәйкестігін анықтау мен оның экономикалық дамуын, өзара қолайлы жалпы стратегиясын дайындау болып табылады. Индекативті жоспарды әзірлеуде әртүрлі субьектілер тең құқылы, жоспар көрсеткіштерін орындау міндетті емес,қызметті ұйымдастыруда бағыт – бағдар беруші сияқты ерекшеліктермен сипатталады.
Стратегиялық жоспарлаудың мәні: экономиканың дамуындағы басты басыидылықты таңдау. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының басты бағыттарын анықтау және ұлттық экономиканың табысты дамуын қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау біртұтас болғанмен оның нақты жағдайларға байланысты икемді болу қабілеті бар.
Тактикалық жоспарлау – стратегиялық мақсаттарға жетуде нақты операцияларды жоспарлау мен оны жүзеге асыруға қажетті ресурстардың көлемін анықтау. Тактикалық жоспар қысқа және орта мерзімге жасалады.
Жоспарлауды мерзімге қарай: Қысқа, орташа, ұзақ мерзімдік деп бөледі. Ең алдымен қзақ мерзімдік мақсаттар белгіленеді,кейін оны жүзеге асыру үшін орташа және қысқа мерзімдік жоспарлар құрылады.
Жалпы мемлекеттік жоспарлау ғвлвми негізделгенболжамдарға сүйенеді.Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау – жоспарлық шешімдерді қабылдауға алғашқы кезең болып табылады.
Мемлекеттік болжау-мемлекеттің әлеуметтік даму бағыттары туралы ғылыми негізделген жүйесі.Мемлекеттік болжау-даму болашағын алдын ала анықтауға ғана емес кәсіпорындар мен компанияларға мемлекеттің іс-әрекеті жөнінде саяси ақпараттар беріп отыруға да мүмкіндік береді.
Барлық болжамдарды мынадай екі топқа бөлуге болады, олар: базалық және әлеуметтік-экономикалық.
Базалық болжамдарға:демографиялық болжам, табиғи ресурстар болжамы, ғылыми-техникалық прогресс, экологиялық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, ішкі болжамдар жатады.
Әлеуметтік-экономикалық болжамдарға- экономикалық өсуге, жиынтық сұранысқа, инфляция деңгейіне болжау, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына болжау, халықтың жұмысбастылық деңгейіне болжау, әлеуметтік саланың даму деңгейіне болжау жатады.
Зерттеу логикасына немесе функционалдық белгілеріне байланысты болжамдарды:іздеушілік және нормативтік деп бөледі
-Ізденушілік болжам – экономикалық көрсеткіштердің бүгінгі өзгерісін сақтай отырып, болашақтағы мүмкін жағдайларды анықтайды, бұл болжауға базалық кезең тән.(қазіргі)
-Нормативтік болжам- болашақтағы белгілі мақсатқа жету үшін қазіргі кезеңде қандай өзгерістер болу қажеттігін болжайды. Нориативті болжау күрделі қойылған мақсаттың қаншалықты мүмкін екендігін, оның жолдары мен тәсілдерін анықтайды. Бұл болжауға мақсатты кезең тән.Болашақты негізгі деп алады.
Мерзіміне қарай болжамдарды төмендегідей жіктеуге болады:
Оперативтік болжам – айлық, тоқсандық 1 жылға дейін.
Қысқа мерзімдік болжам – жылдық немесе 3 жылға дейін.
Негізгі әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.
2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.
3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.
4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.
5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.
6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.
7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.
9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008
10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006
11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 425 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Негізгі түсініктер | | | Тақырып бойынша сұрақтар |