Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері

Читайте также:
  1. A) ғылыми болжамдар
  2. B) бейбітшілікті нығайту мақсатындағы бір мемлекеттің басқа мемлекетке ықпал етуі
  3. Курстық жұмыстардың тақырыптары
  4. Оқыту міндеттері
  5. Оқыту міндеттері.
  6. Оқыту міндеттері.
  7. Оқыту міндеттері.

Дәрістің мақсаты:

Экономиканы мемлекеттік реттеудiң (ЭМР) объективтi қажжетiлігi мен оның мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.

Жоспар:

1.Меркантелистер іліміндегі мемлекеттің рөлі

2.Экономикалық либерализм идеялары

3.Дж. М. Кейнстің реттеушілік нарық теориясы

4.ЭМР- дің жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі факторлары

Негізгі түсініктер

· «Көрінбейтін қол» ұғымы

· Мемлекет – «түнгі күзетші»

· Неоклассикалық бағыт

· «Мемлекеттік дирижизм»

· Кейнстік үлгі «мотор» ұғымы

· «Ұлы депрессия»

· Экономиканың индустриалдық түрі

 

Экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттiң рөлi. Мемлекеттiң экономикалық рөлi жөнiндегі мәселелердiң негiзгi ғылыми бағыттары: неоклассикалық және кейнсиандық ағым, монетаризм, институтционализм және т.б. Мемлекттiң экономикалық функциясы және оның транзиттi экономика жағдайындағы iс-әрекетiнiң ерекшелiгі.Ұдайы өндiрiс процесi мен экономиканың циклділігі, оның объектитвтi және субъективтi себептерi. Экономика мен әлеуметтiк сферадағы дағдарыстан шығудағы мемлекеттiн iс-әрекетi.

Институционализм және оныц негiзiн салушылар. Күрделi институционалдық құрылымдар және олардың өндiріс пен тауар (қызмет) айналымы тиімдiлігiмен өзара байланысы. Трансакциялық шығынлардың мәнi. (Нобель сыйлығның лауреаты Р.Коуз). Трансакциялық шығындар экономикалық агенттгердің мiнез-құлқының бейнесi және экономикалық келiспеушiлiктер ретiнде. Трансакциялық шығындар осуiнiң негiзгi себептерi мен оны төмендетудегi мемлекеттiң рөлi. Бұл шығындардың институт құрамын таңдау мен меншiктiк құқықтың анықталуына тәуелдiлiгi.

Мемлекттiк реттеудiң объектiлерi: макросфера, экокомиканың өндiрiстiк, инфрақұрылымдық, әлеуметтiк сфералары мен олардың аймақтық құраушылары. Ресурстардың тауар мен ақшаның толассыз ағымдары және фирмалардың, шаруалар мен ұй шаруашылықтарының сәттiлiгiн камтамасыз етудегi мемлекеттiң рөлi. ЭМР—дің субъектiлерi, олардың әлеуметтiк - экономикалық және шаруашылық мүдделерi. Бұл мүдделердi бiр арнаға бағыттау — мемлекетiң маңызді мiндетi. ЭМР пәнiнiң құрылымы және оны оқып--үйренудiң негiзгi тапсырмалары.

Әлемдік экономикадағы ХХғ. Басындағы экономикалық өсудің басты қозғаушысы болып табылатын кейнстік үлгі өнеркәсіптің күрт дамуымен сипатталады. Қоғамның материалдық-техникалық базасында терең өзгерістер болып, капиталдың шоғырлануы мен орталықтандырылу үрдісі қалыптасты. Сонымен қатар монополиялық ұйымдар пайда болып, бәсекелестік күрес одан әрі дами түсті. Қоғамның әлеуметтік құрылымында да өзгерістер болып жатты. Әсіресе бұл өзгерістер әскери қақтығыстарда көрінді, мысалы: 1-ші дүниежүзілік соғыс, Ресейдегі қазан көтерілісі, антиколлониалық соғыстардың күшеюі, т.б.

Бұның бәрі мемлекет рөлінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге негізделіп, оның экономикалық қызметтерінің кеңеюін дәлелдеді.

Аталмыш үлгінің негізгі белгілері мынадай:

v негізгі өндірістік ресурстарға ірі монополиялық меншіктің болуы және негізгі әскери күш пен өндіріс салаларына мемлекеттік сектордың үстемдік етуі;

v бәсекелестік күресінің түрлері мен әдістері өзгеріп, еркін бәсекелестік жетілмеген бәсекелестікке алмасты;

v монополиялық кәсіпорындар белгілі шеңберде бағаларға қатал бақылау орната отырып, өндіріс көлемін реттеді;

v мемлекеттер арасында экономикалық дамудың алшақтығы байқалып, бай мен кедей елдердің арасындағы алшақтық өсе түсті, одан басқа кедейлер одан да қатты кедейленіп, байлар болса, керісінше байыды;

v экономикалық дамудың циклдық өзгерістері-өрлеу, құлдырау, тоқырау мен жандану фазалары 8-10-жылдарда үнемі қайталанып, экономикалық құбылыс болып қалыптаса бастады. Себебі экономика өз-өзін реттейді деген тұжырым болғандықтан циклдық динамика бірқалыпты сақталмады.

Бұл үрдістер «Ұлы депрессия» деп аталатын 1929-1933-жылдарда болған дүниежүзілік тоқырау кезінде айқын көріне бастады. Экономиканы нарық механизмдерінің элементтері арқылы реттеу монополиялық тенденциялар мен оның циклдық қозғалыстарын, жиынтық сұраныс көлемінің азаю себебін, жұмыссыздық, кедейшілік және т.б. үрдістерді реттей алмады. Бұл мәселелер мемлекеттік реттеуді қажет етті.

ХХ ғасырдың көрнекті экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946ж.) экономиканың циклдық түрде дамуын жеделдету, толық жұмыспен қамту, жиынтық сұраныс көлемін арттыру, табыстарды қайта бөлу тәрізді экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуының қажет екендігін дәлелдеп берді.

1933 жылы “New York Times” газеті оның хатын жариялады. Ол хатында өз теориясының мәнін былайша түсіндірді: “Мен займдармен қаржыландырылатын, мемлекеттік шығындар негізінде ұлттық сатып алу қабілетінің артуына айрықша мән беремін”. Осыдан кейін өзінің 1936 жылы “Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” атты еңбегін жарыққа шығарды. Онда өндірістің дамуы және толық жұмыспен қамту жиынтық сұраныс көлемін арттыра алмайды деп көрсетті. Сондықтан мемлекет қатал шаралар қолдану керек, оларға: мемлекеттік шығындарды ұлғайту, инвестициялық, неиселік және салық саясатын құру, трансферттік төлемдер мөлшерін көбейту сияқты экономикалық және әкімшілік құралдарды жатқызуға болады.

Ал жиынтық сұранысты ұлғайтудың маңыздылығы жұмыспен қамтудың деңгейін арттырып, нарықтың тиімді жолды таңдауына мүмкнідік береді. Мемлекеттің қоғамның экономикалық өміріндегі маңызды орны мен нарықпен қатар экономикалық үрдістерді реттеудегі белсенділігі оның тең құқықты субъект ретіндегі рөлін көрсетеді.

ХХ ғасырдың 50-70-ші жылдарында пайда болған мемлекеттің экономикаға маңызды әсерін негіздеуші «мемлекеттік дирижизм» мектебін кейнстік ағымның бір түрі деп санауға болады. Олар экономикалық үрдісті басқаруға, тиімді құрылымды қайта құруға экономикадағы құлдырауды болдырмауға негізделген іс-әрекеттермен ерекшеленеді.

Кейнстік ағымның негізгі қағидасы: «мотор», ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күші деп санайды. Сондықтан мемлекет қоғамның ең жаңа жетістіктеріне ерекше назар аударуы және басқа да салаларды жетілдіре отырып, болашақтағы өзгерістерге тез бейімделуге

Әрбір ел өзінің табиғи-экономикалық, тарихи, даму деңгейіне байланысты нарықтық экономиканы құрудың өзіндік үлгісін таңдайды. Экономиканы реформалаудың алғашқы кезеңінде ұзақ уақыт қалыптасып келген экономиканы басқару жүйесі толықтай бұзылды. Бұл экономиканың құлдырауына, өндірістің төмендеуіне, халықтың кедейленуіне әкелді. Кейін реформалаудың басында жіберілген қателіктерді ескере келе, экономикалық саясатты қатаң түрде жүзеге асыру қажеттілігі туындады.

Батыс қоғамының қазіргі дәуірі аралас экономикамен сипатталады. Оның пайда болуы алдыңғы кезеңдегі экономиканың индустриалдық түрінің толық дамуымен байланысты. Дамып келе жатқан өндірістің шоғырлану үрдісі ғаламдық деңгейдегі трансұлттық компаниялардың құрылуына әкелді. Халықаралық еңбек бөлінісі тереңдетіліп, кең интеграциялық топтар қалыптасты. Бұл үрдіс өнеркәсіптің негізгі салаларын дамытуда, өндірістік инфрақұрылым жасауда мемлекеттің экономикаға одан әрі белсенді қатысуын қажет етті.

Сонымен қатар әлеуметтік салалар (білім, денсаулық) рөлінің артуы, оларды мемлекеттік реттелуін қажет етті. Табыстардың қоғам арасында әділетсіз бөлінуі мемлекеттің қажеттілігн одан әрі күшейтті.

Бұл кезеңнің ерекшелігі-экономикадағы адам факторы рөлінің артуы. Адамның шығармашылық қабілеті мен мамандану дәрежесі, кәсіпкерлік қабілеттілігі өсе түсті. Қалыптасқан демократия арқылы экономикалық субъектілер өздерінің қызығушылықтары мен мүдделерін еркін жеткізе білді. Сол арқылы өз мүмкіндіктерін қорғап, әр түрлі әлеуметтік топтардың тепе-теңдігі сақталды.

Қазіргі заманғы аралас экономика мынандай белгілермен сипатталады:

v Ірі монополистік және корпоративтік, мемлекеттік, шағын жеке және т.б. меншік түрлерінің болуы. Мұндай экономиканың пайда болуына жоғары дамыған экономикалық, техникалық және өндірістік-технологияның базасының артуы мен қызмет көрсетуші институционалдық-әлеуметтік құрылымдардың жандануы себепші болды.

v Өндірісте қолданылатын табиғи ресурстар көлемін үнемдеу, қоршаған ортаға зиянды ауа ластауды болдырмау, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану шаралары қарқынды жүргізілді, әлемдік деңгейде мұхиттың ластануын азайту, экологиялық апаттардың зиянын жоюдың ұлттық және халықаралық шаралары жасалды.

v Экономиканың жаһандануы, ортақ мәселелерді шешуге тығыз байланысты интеграциялық үрдістің тез күшеюімен ерекшелінеді.

v Әлемдік нарық одан әрі ұлттық қосалқы шарттармен және белгілі шектеулермен реттеледі.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 608 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СИЛЛАБУС | СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары | АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ | Емтихан сұрақтары | Меркантелизм ілімі қай ғасырда пайда болды. | Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)