Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · Билік органдары

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Билік органдары

· Мемлекетті басқарудың формалары

· Монархиялық басқару

· Республикалық басқару

Экономиканы мемлекттiк реттеудi ұйымдастырудың теориялық негiздерi. ЭМР-дi ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы - мультипликаторлар таңдауды негiздеу.

Мемлекеттің экономикалық функцияларың құқықтық негiзбен камтамасыз ету. Қазақстан Республикасының (ҚР) Конституциясы ЭМР-дi ұйымдастырудың негiзi ретiнде.

Республиканың өкiлеттi, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесi. ҚР-сы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негiзгi функционалды мiндеттерi. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтiк-экономикалық дамуды реттеудегi рөлi.

Мемлекеттік меншiктi жекешелендіру процесi.мен оны ұйымдастыру. Шағын бизнес пен кәсіпксрлiктi қолдауды ұйымдық- құқықтық жағынан қамтамасыз ету және оның мемлекеттiк бағдарламасы.

Мемлекеттiк кәсіпкерлiктiң мәнi, жалпы белгiлерi, даму тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың ұдайы өндрiсiндегi рөлi. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң өзара қатынастарының ұйымдастыру-этикалық астары.

Экономиканы реттеудегi мемлекеттiк емес субъектiлер: азаматтык қоғам институтары, кәсiби бiрлестiктер мен одақтар, ассоциациялар және т.б.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудi жузеге асырудың ерекшелiктерi. Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы және оны Онтүстiк-Шығыс Азия мен Шығыс Европа елдерiндегi мемлекеттік реттеу. Шет елдердегi жалпыэкономикалық және стратегиялық жоспарлау; оның Тәулсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерiнде нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы рөлi.

Қазақстан жағдайында ЭМР-дiң шетелдiк тәжiрибелерiн пайдаланудың мүмкiндiктерi мен проблемалары. Нарықтық қатынастарға өтуге Қазақстанда өзiнiң эволюциялық жолын таңдаудың объективтi негiздерi.

Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі әрекет етуші ҚР конституцисымен анықталады және жоғарғы заң шығарушы, атқарушы және жергілікті органдардан тұрады. Олардың міндеттері ҚР конституциясымен анықталады.

Егер қоғамдық өмірдің тек экономикалық жағын қарастырсақ, басқару органдары 2-ге бөлінеді: мемлекеттік, мемлекеттік емес.

Нарықтық қатынастардың және жеке меншік сфераларының біртіндеп кеңеюіне байланысты мемлекеттік емес органдардың рөлі бірте- бірте арта түсуде. Бірақ, еңбек бөлінісі ары қарай тереңдеуі халық шаруашылығы байланыстарын қиындатады. Сондай-ақ әлеуметтік шаруашылықтың интеграциялық маңызының арта түсуі және адам өмірі қауіпсіздігі үшін күрес экономиканы басқарудың мемлекеттік органдарының қызмет жасауын талап етеді.

Экономиканы басқарудың мемлекеттік органдары өз алдында орталық (жалпы экономикалық), салалық (салалар арасындағы) және әкімшілік- территориялық болып бөлінеді.

Орталық органдарға экономика және бюджет, қаражы министрлігі (өзінің ведомоствалық ұйымдарымен), ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, экология және табиғи ресурстар министрліктері, сонымен қатар, ұлттық банк жатады.

Салалық басқару органдарына: өндірістік министрліктер және ведомоствалар кіреді.

Өндірістік министрліктер: энергетика, сауда және индустрия, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация министрліктері т.б. көптеген салалық ведомоствалар, агенттіктер, компаниялар, холдингтер, корпорациялар жатады.

Әкімшілік- территориялық экономиканы басқару жүйесінде соңғы кезде айтарлықтай өзгерістер болды. Мұнда облыстардың, аудандардың, қалалық әкімшілік қызметтерін өздерінің тиісті комитеттері, басқармалары және бөлімдері атқарады.

Мемлекеттің экономиканы реттеу қызметі экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жіктелген,оның әрекеті төмендегідей бағытта жүзеге асырылады:

-стратегиялық жоспарлаудың тұжырымдарын, принциптерін, әдістерін, әдістемелерін жасау;

-макроэкономикалық реттеуші құралдарды пайдаланудың ұйымдастыру негіздерін, шарттарын және тетіктерін анықтау;

-халықшаруашылық, салалық және аймақтық жоспарларды үйлестіру;

-отын энергетикалық, құрылыстық, инвестициялық, мұнай- химиялық, металлургиялық машина жасау, агроөнеркәсіптік және азық-түлік кешендерін басқаруды үйлестіру;

-шетелдік инвестициялар мен несиелерді тарту мен пайдалануды ұйымдастыру;

-республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын күшейту және сыртқы экономикалық іс-әрекеттер мәселелері бойынша келісім-шарттардың орындалуын бақылау;

-кәсіпкерлерге және бизнеске қолдау жасау жөніндегі жалпы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру, монополияны жою;

-мемлекеттік басқару органдарының құрылымын жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстарды дайындау;

-мемлекет бекіткен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тетіктерін жасау.

Соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткендей экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары оның ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздерін талап етеді.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан алып қарағанда макроэкономиканы және нарықтық реттеудің жолдары сатыланған ішкі өзара байланыста болады.

Жеке салалық және локальді мәселелерді реттеу үшін қаржы- бюдеттік, ақша- несие, салық, баға, лицензия кедендік нарықтық тетіктер кеңінен қолданылады. Жоспарлы көрсеткіштерді орындауда және бағдарламаларды жүзеге асыруда экономикалық қолдау тетіктері мен кез-келген қызметті мемлекетті қолдау әдістері қолданылады. Бұл тетіктерді пайдаланудың өзіндік ұйымдастыру негізі болады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы мемлекеттік шаралардың бірі өндірістік күштерді ұтымды орналастыру. Оны жүзеге асыру экономиканы құрылымдық қайта құру концепциясын ғылыми түрде дәлелдеуден басталады. Макроэкономикалық реттеудегі жалпы мемлекеттік шаралардың ішінде қаржы- бюджеттік ресурстарды қолдану мен бөлу шешуші рөл атқарады. Мұнда мемлекеттік және жергілікті бюджеттің кірісінің орындалуының қиыншылығы әлеуметтік сала мен ғылымды дамытуға кедергі жасамау керек.

Мемлекеттің белсенді түрде араласуын талап ететін тағы бір мәселе әкімшілік-территориялардың, аймақтардың кешенді түрде дамуы. Мұның қажеттілігі бірқатар объективті сипаттағы жағдайларға байланысты. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:

- аймақтардың табиғи, экономикалық және әлеуметтік, демографиялық өзгешеліктері;

- халықшаруашылығының құрамына енгізілген өндірістік кешендердің, салалардың болуы;

- жаңа кең орындарын игеру;

- еңбекке жарамды адамдарды еңбекпен қамту дәрежесін ұлғайту;

Аймақтық экономиканы мемлекет тарапынан реттеуде жоғарыда көрсетілген жағдайлармен қатар барлық территорияда әлеуметтік әділеттілік орнатуды қамтамасыз ету қарастырылады. Ол үшін әртүрлі себептермен артта қалған аудандардың, аймақтардың халықтарын өмір тұрмыстарын көрсетуге бағытталған үкіметтің арнайы бағдарламалары жасалу керек. Көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі 3 әдіс қолданылады.

1. республикалық бюджетке аударылатын салық мөлшерлемесін азайту, ал жергілікті бюджетке оның мөлшерінің денгейін жоғарлату;

2. белгілі бір аймақтың жедел дамуы үшін субсиди беру;

3. белгілі бір территориялық шаруашылық жүйесінің аймақтық мәселелерін шешуде үкімет деңгейінде мемлекеттік қорға қолдау жасау.

Батыс елдері өз шаруашылықтарын нарықтық құрылымдар арқылы

150-200ж. бойы жүргізуде. Оларда нарықтық тетік әбден қалыптасқан, ал экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері жетілдірілген. Қазақстанның жағдайына келетін болсақ, Қазақстан басқа елдерден геосаяси, табиғи, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, этно-мәдени және т.б. сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстан ұлттық экономиканы құру және әкімшілік-әміршіл жүйеден нарықтық жүйеге көшу барысында. Қазіргі кезде дәл осындай үлгіні табу өте қиын. Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару жүйесіндегі өзгерістер көбіне дәлелденбей жүргізілуде. Нарықтық экономикасы дамыған елдер эволюциялық сипатта.

Дамыған капиталистік елдерде экономиканы басқару салааралық принципке негізделген:

Франция, Швеция, Жапония, Германия елдерінде жасалған салааралық бағдарламалар экономиканың негізгі салаларын толықтай қамтиды.

Франция мен Жапонияда ағымдағы және орта мерзімді жоспарлаудың ғылыми- әдістемелік және ұйымдастыру мәселелерін арнаулы мемлекеттік органдар шешеді.

Францияда бұл қызметті орындайтын жоспарлаудың бас комитеті, ал Жапонияда экономиканы жоспарлау басқармасы және территориялық кешенді дамыту департаменті.

Германияда бәсекелестікті және нарықты қорғауға мемлекеттің монополияға қарсы іс-әрекеті және оның нарықтағы өз билігін жүргізуші кәсіпорын өзара келісіп бірігуіне тыйым салу туралы бақылау қызметін күшейтуге құрастырылатын жасалынатын жоспарларда және бағдарламаларда әлеуметтік іс-қимылдарды, қызметтерді кеңейтуге көп көңіл бөлді. Әртүрлі елдердегі тәжірибелерді қарастыра келе олардың мынадай тиімді жақтарын атап кетуге болады:

- әрқашан болашақты алдын ала ойлайтын басқарушыларды мадақтау және сыйақы беру;

- мемлекеттің және шаруашылық субъектілердің қолданатын шараларын үйлестіру;

-іс-әрекеттердің көрсеткіштерін олардың орындалуын бақылау;

-кенеттен болатын өзгеріске дайын болу;

-барлық жауапты қызметкерлердің міндеттерін өзара байланыстыру.

Шаруашылықтарын нарықтық қатынас арқылы жүргізуге көшкен елдердің іс-әрекеттерінің жалпы бағыттары төмендегідей:

1. меншікті мемлект иелігінен алу;

2. әртүрлі меншіктерге негізделген шаруашылық әрекеттерінің дамуына жағдай жасау;

3. мемлекеттік ірі кәсіпорындарды шағын кәсіпорынға айналдыру;

4. монополияға қарсы іс-әрекетті күшейту;

5. нарықтық механизмнің іс-қимылын ерекшелігін ескере отырып экономиканы басқару органдарының құрылымын жетілдіру.

Қандайда болмасын деңгейде қабылданған шаруашылық шешімдерді қаржымен қамтамасыз ету процесінде бәсекелестіктің элементтері пайда болу үшін қаржы банк жүйелерінде реформа жүргізу. Елдің экспорттық әлеуетін кеңейту. Бәсекеге қабілеті бар кәсіпорындарға қолдау жасау. Шетелдік инвестицияларды тарту және біріккен кәсіпорындардың іс-әрекеттерін ынталандыру үшін саяси, құқықтық жағдайларын жасау.

Ұлттық валютаның басқа валютаға алмастыру қабілетін қамтамасыз ету.

Австриядашағын және орташа кәсіпорындарды құру шаралары және ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылық деңгейге көтеру жаңадан ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындарды қаржылық демеп, жеңілдікпен қолайлы несие беру, сонымен қатар, оларға салық салудың қолайлы тәртібін қолдану арқылы ынталандыру шараларын жүргізеді. Экспорт пен импорттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.

Польшадаөте қатаң мониторлы саясатты жүргізу қаржылық демеу, бағаны босату, материалдық, шикізат, ресурстарын және дайын өнімді ортадан тартудан бас тарту, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үрдістерін қолдану сияқты шаралар жасалады.

Венгриядакәсіпорындарды банкротқа жатқызу тетігі икемді тәртіппен жұмыс жасайды, яғни кәсіпорындарды банкротқа жатқызу әр уақытта және міндетті түрде оларды жабуға апарады.

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юрист 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 432 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СИЛЛАБУС | СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары | АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ | Емтихан сұрақтары | Меркантелизм ілімі қай ғасырда пайда болды. | Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны | Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)