Читайте также: |
|
· ЭМР методологиясы
· Фискалды саясат
· Экономикалық цикл
· ҒTП
Кез-келген экономикалық жүйеде мемлекеттің алатын өз орны бар.Әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекет басты роль атқарады. Бұл жүйеде мемлекеттік меншік билейді. Барлық мәселелер мемлекет арқылы шешіледі. Ал нарықтық жүйеде мемлекет қосымша роль атқарады. Бұл жүйеде мемлекет нарықтық механизм көмегімен шешілмейтін төменде көрсетілген мәселелерді шешуге араласады:
-Жеке адам тұтынбайтын, ішкі нарықта сатылмайтын қоғамдық тауарларды өндіруге (зеңбірек, танк);
-Отан қорғау, ішкі тәртіпті сақтау сияқты мәселелерді шешуге;
-Меншікке тауарға жатпайтын игіліктерді қорғауға, яғни экологияны қорғауға;
-Жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау;
-Монополистердің қызметін реттеуге;
-ҒTП дамытуға;
-Демографиялық жағдайға;
-Денсаулық сақтауға.
Әлеуметтік – экономикалық дамуды реттеу барлық мемлекеттерде алдынғы қатарлы дамыған елдерде қолданылады.
Экономиканы реттеу- бұл экономиканың өсуіне оның тұрақтануына тиімділіігіне және өзгерістерге бейімделуге жағдай жасауға бағытталған мемлекеттің жүргізетін экономикалық ұйымдастырушылық, құқықтық және әлеуметтік шаралардың жүйесі.
Жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми теориялық негізін саушылардың бірі- АҚШ экономисі Джон Кейнс (“ Мемлекеттің халықшаруашылығына араласу” теориясы атты еңбегінде).
Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні қоғамның мүддесі орындалу үшін нарықтық қатынастартарды қалыптастыруда экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге әсерін тигізетін әдістердің басты түрін зерттейді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу тетігін толық түсіну үшін оның субъектілерін, объектілерін, мақсаттарын, құрадарын қарастыру керек.
Оның субъектілеріне төмендегілер жатады:
- Шаруашылық ойды алып жүрушілер;
- Білдірушілер;
- Орындаушылар;
Шаруашылық ойды алып жүрушілерге бір- бірінен мүліктері, табыстары, білім деңгейлері және т.б. белгілеріне байланысты ерекшеленетін әлеуметтік топтар жатады. Мысалы: жалданбалы жұмыскерлер, кәсіпорын иелері, фермерлер, жер иелері, шағын және ірі кәсіпкерлер, мемлекттік қызметкерлер және т.б.
Шаруашылық ойды білдірушілерге: кәсіпкерлер одағы, кәсіподақтар, саяси партиялар жатады.
Ойларды жүзеге асырушыларға: билік органдары және орталық банктер жатады.
ЭМР объектілері бұл – экономиканың қалыпты жұмыс жасауына кедергі жасайтын әртүрлі мәселелер, жағдайлар, құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
- Экономикалық цикл;
- Секторлық, салалық, аймақтық құрылымдар;
- Капиталдың жинақталу жағдайы;
- Жұмыспен қамту;
- Ақша айналымы;
- Tөлем балансы;
- Баға;
- Ғылыми зерттеу тәжірибелік – конструкторлық жұмыстар;
- Бәсеке жағдайы;
- Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік қатынастар;
- Кадрлар дайындау және қайта даярлау;
- Қоршаған орта;
- Сыртқы экономикалық байланыстар.
ЭМР-дің басты мақсаты- бұл ел ішінде және шет елдерде экономикалық, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, өзгерістерге бейімделу.
ЭРМ-дің құралдары әкімшілік және экономикалық болып бөлінеді.
Әкімшілік құралдары: қосымша материалдық ынталандырумен немесе қаражат шығындарымен байланыссыз. Олар мемлекеттік билікке сүйенеді және рұқсат беру, бермеу, мәжбүр ету сияқты шаралардан тұрады.
ЭМР-дің экономикалық құралдары ақша – несие жәнем бюдеттік болып бөлінеді. Ақша – несие саясатының негізгі құралдары бұл:
- есептік мөлшерлемені реттеу;
- ұлттық банкте міндетті түрде сақталатын қорлардың ең аз мөлшерін белгілеу және өзгерту;
- мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар нарығындағы операция.
Мемлекеттің экономиканы реттеуге араласуының екі формасы бар: тікелей және жанама.
Мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы мемлекеттің материалдық ресурстарға меншігін кеңейтуі, заң шығаруы және өндірістік кәсіпорындарды басқару кезінде байқалады. Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да оның көлемі мемлекеттің экономикадағы рөлінің криттерий қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолында әртүрлі формада өз капиталы болады. Мемлекет үлесті қызметке қатысады. Мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы бұл нарықтық жүйенің барлық
элементтері арасындағы қатынастарды реттеуге, дамытуға бағытталған заң актілерін қабылдау.
Мемлекеттің экономикаға жанама араласуы экономикалық саясаттың әртүрлі шаралары арқылы жүзеге асады. Араласу мақсатына байланысты экономикалық саясаттың шаралары төмндегілерге бағытталуы мүмкін:
-капитал салуды ынталандыруға және жинақтар мен инвестициялар арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыруға;
-толық жұмыспен қамтуға;
-жұмысшы күші, капитал, тауар импорты мен экспортын ынталандыруға;
-бағаны тұрақтандыру мақсатында жалпы баға деңгейіне әсер етуге;
-тұрақты экономикалық өсуді қолдануда;
-табысты қайта бөлуге т.б.
Осы шараларды жүзеге үшін мемлекет фискалды және ақша-несие саясатына жүгінеді.
Фискалды саясат – бюджет саясаты оны түсімдер мен шығындарды теңестіруге бағытталған саясат ретінде қарастыруға болады. Ал ақша- несие саясаты айналымдағы ақша массасын реттеуге және несие жүйесін жетілдіруге бағытталған саясат негізінде қарастырылады.
Мемлекет экономиканың құрылымдық дамуын нарық қатынастардың басты мақсатына сәйкес, яғни халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту принципіне сәйкес реттеу қажет.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық дамудың обьективті қажеттіліктеріне сүйенеді. Нарық жағдайында бұл сұраныс пен ұсыныс, құны, заңы. Еркін сұраныс арқылы пайда болатын нарық адамдарының ақшалай түрдегі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда, қоғамда ақшалай өлшеуге болмайтын және сұранысқа айналдыруға болмайтын қажеттілік бар. Ондай жағдайлар мемлкеттік реттеуді қажет етеді. Сондықтан мемлекеттің экономикаға араласуының бірнеше себептерін атауға болады, олар:
1. ақша айналымын дұрыс реттеу қажеттілігі.
2. мемлекеттің халықты қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету қажеттілігі.
3. мемлекеттің сыртқы әсерлерге араласу қажеттілігі.
Ақша айналымын дұрыс реттеу қажеттілігі - мемлекет қаржы жағдайын белгілі заңдармен реттеп, елдегі ақша айналысын оның түрлеріне байланысты ұйымдастырады. (металл ақшаның айналыс жүйесі, несие және қағаз ақшаныңайналыс жүйесі). Сонымен қатар ақша массасын анықтау, ақша нарығының көлемі мен элементтерін, коньюктурасын анықтайды.
Мемлекеттің халықты қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету қажеттігі-қоғамда ақшалай өлшеуге болмайтын және сұранысқа айналдыруға келмейтін, олардың ұсынысын мемлекет қамтамасыз ететін қоғамдық қажеттілік бар. Оларды қоғамдық тауарлар деп атаймыз: ол тауарлар мен қызметтерге ұлттық тәртіпті сақтандыру, мемлекеттік басқару, жалпы халықтық емдеу қызметтерін көрсету, вакцина жасау, көшедегі шамдар жүйесі, жол байланысы қызметтері т.б. Яғни мемлекет тарапынан ұсынылған қоғамдық тауарлар ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандырады және оларды ақшалай бағалауға болмайды. Ал ақшалай өлшеуге болатын және олардың сұранысын нарық қамтамасыз ете алатын тауарларды жеке тауарлар деп атайды. Мысалы: киім-кешек, тамақ, баспана т.б.
Қоғамдық тауарлардың өзіне тән қасиеттері бар:
· Қоғамдық тауарларды ұжымдық түрде пайдаланады.
· Қоғамдық тауарларды тұтынудан шығарып тастау мүмкін емес. (егер бір адам пайдаланбаса, басқалардың оны пайдалануы сол қоғамға әсер етпейді)
· Қоғамдық тауарлардың ұсынысын мемлекет қамтамасыз етеді.
· Қоғамдық тауарларға жеке сұранысты мемлекет анықтай алмайды.
· Қоғамдық тауарларды жеке тұтыну басқа тұтынушылыардың мүддесіне әсер етпейді, яғни қоғамдық тауарларды тұтынуда адамдардың жеке тұтыну көлемі өзара бір-біріне тең және бұл өз тарапынан жиынтық ұсынысқа тең.
Кей жағдайда жеке тауарлар мен қоғамдық тауарларды ажырату өте қиын. Мысалы жоғарғы білім бір жағынан қоғамдық тауарларға жақын, өйткені студенттер оны ұжымдық түрде тепе-тең пайдаланады, ал екінші жағынан тұтынудан шығарып тастауға болады. Сондықтан оны жеке тауарларға да жатқызуға болады.
Нарыққа өту кезеңінде әсіресе, экономикалық реформаларды жүргізу кезінде экономиканы мемлекеттік реттеудің рөлі ерекше. Оларға меншікті реформалау еңбек нарығы мен қаржы нарықтарын реформалау т.б. жатады.
Мемлекеттің сыртқы әсерлерге араласу қажеттігі-күтпеген жағдайларда қалыптасатын және мемлекеттің тікелей қатысуымен шешімін табатын ерекше жағдайлар. Оны түсіну үшін сыртқы әсерлердіңтүрлерін білуіміз керек, олар оң және теріс болып бөлінеді.
Оң сыртқы әсерлергемемлекеттік жетістіктерді жатқызуға болады, мысалы: мәдени шаралар бойынша халықаралық т.б. деңгейдегі жетістіктер мемлекеттің беделін асқақтатып, әлемге танытады, ол шара мемлекетпен ұйымдастырылады.
Теріс сыртқы әсерлерге - төтенше келеңсіз жағдайларды жатқызуға болады, оларға жел, су апаттары, жер сілкінісі, соғыс т.б.
Сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеудің территориялық дамудағы негізгі рөлі-бұл ішкі аймақтық және аймақ аралық тепе-теңдікті орнату, яғна аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру мен аймақтық нарықты қалыптастыру.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен рөлін төмендегідей жіктеуге болады:
· Табиғи ресурстарды пайдаланудағы мемлекеттің рөлі;
· Сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудегі мемлекеттің рөлі;
· Жалпы экономикалық, құрылымдық өзгертулердегі мемлекеттің рөлі;
· Нарықтық қатынастарды дамытудағы мемлекеттің рөлі;
· Экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы мемлекеттің рөлі т.б.
Нарыққа өту кезеңінде экономиканы мемлекттік реттеудің негізгі мәні-бұрыңғы ескі жүйені толықтай жоққа шығару емес, сол жинақталған өндірістік тәжірибе негізінде экономиканы мемлекттік реттеудің тиімді жолдарын талдау мен қолдау. Осыған байланысты экономиканы мемлекттік реттеудің негізгі мақсаты-нарықтық жүйенің дамуын құқықтық қамтамасыз ету, тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыстың заңды әрі тиімді болуын қамтамасыз ету.Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттарына жету үшін бірнеше міндеттерді шешу қажет, ол міндеттердің негізгілері төмендегідей.
· Ең алдымен экономиканы нарықтандыру шараларын жүргізу, екіншіден экономиканы тұрақтандыру шараларын жүргізу және соңғы кезеңде экономикалық тиімділікті арттыру;
· Екінші маңызды міндет-барлық ресурстарды дұрыс, тиімді пайдалану (табиғи, еңбек, қаржы ресурстарын) нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толықтыруға инвестициялық қаржы түсімдерін молайту;
· Экономиканы мемлекеттік реттеудің тағы бір мінднті-әлеуметтік экономикалық даму бағдарламаларын дайындау, инвестициялық жобалар әзірлеу мен болашаққа болжау жасау;
· Бюджетті тең бөлу негізінде аймақтардың қаржылық жағдайларын жақсарту;
· Экономикалық субьектілердің мүдделерінің өзара сәйкестігін қамтамасыз ету қажет, яғни бір жағынан нарықтық механизмді пайдаланып, реформалардың тиімді жүруін, екінші жағынан ресурстар мен табыстардың әділ бөлінуін қамтамасыз ету.
Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бірнеше шараларды орындау керек:
· Қаржы жүйесін дамыту, қаржы құралдарын қолданудағы индикативтік әдістерге көшу;
· Кәсіпорындардың нарықтық ортаға бейімделуіне жағдайлар жасау;
· Белсенді әлеуметтік саясат жүргізу, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеру шараларын жүргізу;
· Монополияға қарсы саясат жүргізу.
Мемлекет экономиканы реттеуде құралдар жиынтығын қолданады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізіг құралы-құндық пропорция. Ол арқылы экономика саласында тепе-теңдік орнатуға болады. Ол құралдарға: баға, салықтар, жеңілдіктер, пайыздық мөлшерлеме, төлемдер, жалақы, зейнетақы, көмек ақшаларт.б. жатады. Олардың барлығы өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық құралдар болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тағы бір құралы-бағаға бақылау орнату. Нарық жағдайында барлық тауарларға бақылау орнату мүмкін емес, алайда, шикізаттарға бағаға бақылау орнату міндетті, өйткені ол басқа тауарлар бағасының қалыптасуына негіз боладщы. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды тауарларға мысалы: кейбір тамақ өнімдеріне соның ішінде нанға, электр қуаты, жол т.б. бақылау қажет. Мысалы: Алманияда (Германияда) барлық бағалардың 50 пайызына бақылау орнатылған. Ауыл шаруашылығына түрлі көмек ақшалар беріледі, тұрғын үй құрылысына қаржы бөлінеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде екі әдіс қолданылады. Олар: тікелей (әкімшілік-әміршілдік) және жанама (экономикалық) болып бөлінеді.
Тікелей (әкішілдік-әміршілдік) әдіс-мемлекет тарапынан нақты шаралар қолдану нәтижесінде жүзеге асады. Ол әдістерге мыналар жатады.
· Экономиканың стратегиялық мақсаттарын анықтау және оларды индикативті және басқа жоспарларда, мақсатты бағдарламаларда белгілеу;
· Белгілі тауарлар мен қызметтерге мемлекет тарапынан тапсырыс беру;
· Кейбір маңызды бағдарламаларды, келісм шараларды мемлекет тарапынан қолдау;
· Технология мен өнімдердің сапасынан нормативті талаптар қою;
· Белгілі тауарларды өндіруге құқықтық және әкімшілік тыйым салу мен шектеулер қою;
· Экспорт пен импорттық тауарларға рұқсат қағаздар беру,
Экономикалық үрдістерді жанама реттеу-әдістері тауар ақша қатынастарына негізделеді және шаруашылық субьектілерінің экономикалық мүдделеріне әсер етеді. Оларға:
· Салық салу мен салықтық жеңілдіктер жүйесі;
· Бағаға бақылау орнату;
· Ресурстарға төлемдер, несие үшін пайыздық ставкалары несие жеңілдік;
· Экспорт пен импортты мемлекеттік реттеу, валюта айырбастау жағдайы.
Негізгі әдебиеттер:
1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.
2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.
3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.
4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.
5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.
6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.
7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.
8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.
9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008
10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 444 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | | | Негізгі түсініктер |