Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · Көшпелі экономика

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Көшпелі экономика

· Транзиттік экономика

· IS-LM үлгісі

Көшпелі экономика: мәнi, негiзгi мінездемелерi және трансформациялық процесстердегі мемлекеттің рөлi. Өтпелi кезеңдегi жалпыэкономикалық және макроэкономикалық тенденциялар; олардьң даму бағыттарын таңдау. Транзиттік экономиканың үлгілері және олардың жүйесi: “жұмсақ революция”, “әлеуметтік-нарықтық шаруашылық”, “есiнен тандыру терапиясы” жене т.6. Белгілi бiр үлгiні пайдалану негіздері. Жоспарлау мен тауар-ақша қатынастарының диалектикалық өзара байланысы. Тауар ондiрiсі және әлеуметтіiк әдiлеттiлікті қамтамасыз ету. Нарықтың дамуына мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар. Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі. Капитал және ғылыми-техникалық жасақтамалар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы. Еңбек нарығы. Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мен олардың дамуын реттеу әдістері.

Көшпелі экономиканың мынадай сипаттары болады:

1. жүйенің бірте-бірте қалыптасуы;

2. есею кезеңі;

3. ескі жүйе жойылады.

1992ж. алғашқы экономикалық реформа алғашқы қадамдарын жасаған кезде бұйрықтық әкімшілік жүйе қалдырған мұра былай жіктелді:

1. экономикалық сфераның толық мемлекеттенуі;

2. басылып тасталған инфляция;

3. тауарлар мен қызметтердің толық тапшылығы;

Өтпелі кезеңде шешілуге қажетті негізгі мәселелер мыналар болады:

1. жекешелендіру;

2. макроэкономикалық тұрақтандыру;

3. кәсіпкерлікті қолдау;

4. сыртқы экономикалық қатынастардың либерализациясы;

Өтпелі экономиканың маңызды мақсаттары:

1. тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығының дамуы;

2.қаржы нарығының орнығуы;

3.еңбек нарығының пайда болуы мен реттелуі.

Өтпелі экономика - бұл әлеуметтік – экономикалық өзгерістер нәтижесінде экономиканың шаруашылықтандыру принциптерінің өзгеруімен байланысты аралық жағдайы. Өтпелі экономикадағы ең қиын міндеттің бірі нарықтық тетіктерді экономикалық прогрестің қозғаушы күшіне айналдыру.

Өтпелі экономикның 2 моделі бар:

1. мониторлық немесе шоқтық терапия;

2. құрылымдық немесе кейнсианстық

Монитаризм үздіксіз несие ақша экспансиясы нәтижесінде ірі көлемдегі ақша массасы айналымға жіберілді және ол бағаның өсуі мен инфляцияға әкеледі. Мониторлық саясаттың мынадай ұсыныстары болады:

· мемлекеттік субсидиялары, инвестициялары және әлеуметтік шығындарды қысқарту;

· ақша-несие эмиссиясын шектеу;

· бақыланушы ақша массасының эмиссиясын жүзеге асыру;

· ұлттық банктегі сыйлық қарызға жол бермеу;

· еңбекақы өсімін шектеу;

· ұлттық валютаның “жүзбелі курсын”орнату

· сыртқы экономиканың операциялардың либерализациясы нарықтық әрекеттерге мемлекеттің араласуын шектеу.

2. Құрылымдық модель бойынша қоғамдағы ақшаның массасы айналымын өсіру емес, қоғамдық бағаны өсіру, сөйтіп ақша массасын өсіру керек. Бұл модель Сэя-ның заңына негізделеді.

Өтпелі экономика моделін келесі шаралар жүйесімен анықтауға болады:

· экономиканы салық бюджеттік және ақша несие механизмдері арқылы қаржылық тұрақтану шаралары;

· баға құру мен табыс саясатын орнықтырудың нарықтық әдістерін дамыту бойынша шаралар;

· экономиканың институционалды жетілуі нарықтық инфрақұрылымның орнығуы;

· демонополизация және бәсекелестіктің дамуы, экономикалық құрылымдық жетілдіруі, салалық, өндірістік және аймақтық басымдықтардың өзгеруі;

· инвестициялық саясаттың нарықтық экономика шарттарына бейімделуі;

· нарықтық экономика заңдылығына сәйкес әлеуметтік саясаттың қайта құрылуы;

· басқару жүйесінің нарықтық шаруашылықтың ерекшеліктеріне бейімделуі, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесінің орнығуы;

· нарықтық экономиканы кадрлық қамтамасыз ету.

Нарықтық экономикаға көшу өтпелі экономикасыз мүмкін емес. Осылайша өтпелі экономика нарықтық экономикаға көшу барысында бірнеше кезеңнен өтеді:

- макроэкономикалық тұрақтандыру 2 негізгі процеспен сипатталуы тиіс:1 меншікті мемлекет иелегіне белсенді түрде алу, 2 тұтыну нарығын тауарлармен толтыру.

Меншікті реформалау бұл белгілі бір уақыт ішінде мемлекеттік меншіктің барлық объектілерінде стратегиялық маңызы бар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін объектілерден басқа жерде жүргізілуі тиіс. Экономиканы жандандыру мен өрге бастыру үшін бірінші кезекте біздің ішкі мүмкіндіктерімізге негізделу керек, сондықтан осы мүмкіндіктерді топтастыру тетігін табу крек. Сонымен қатар, өтпелі экономика кезінде мемлекет шетел инвестицияларын қатыстырып және пайдалана отырып таңдап алынған стратегиялардын басым бағыттарды ескере отырып импорттық технологияларын әкелу және игеру бағдарламаларын жасау керек. Мемлекеттік несие бөлімінде мұндай бағдарлама валютамен өзін-өзі өтейтін жобалар үшін шетел инвестицияларын экономикалық жағынан дәлелді қатыстыруға, сыртқы қарыздың қауіпті көлемде көбеюіне жол бермеу қажет. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің мерзімін жоғарғы қайтарымын коммерциялық өнімді тез алуды қамтамасыз ететін дүние жүзілік деңгейдегі жаңалықтарды анықтау.

Экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою. Көлік жүйесін телекоммуникациясын жедел дамыту, дамыған тауарлар және валюта нарығын, бағалы қағаздар нарығын дамыту.

Екіншікезеңде экономиканың интенсивті дамуының қозғаушы күші мен ынталандырушы күштер:

· толық қанды нарықтық механизмдер;

· барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі;

· табиғатты ұтымды пайдалану;

· шапшандығын үдете түскен жоғары технологияларды игеру процесі мен дүние жүзілік экономикада жоғары рөлге ие болу;

· отандық және халықаралық бизнес саласында білікті кадрларды жетілдіруіміз керек;

Үшіншікезең ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады. Осы үшінші кезеңде нарықтық қатынастар толығымен құрылу қажет. Сонымен бірге бюджет тапшылығы және валютаның өтімділік проблемасы шешіледі. Сонымен қатар, осы кезеңде халықаралық талаптарға бейімделген қаржы активтерінің төлем қабілеттілігінің жағдайын, бағаларды, өзіндік құнды және басқа да көрсеткіштерді, статистика және банктердің осы халықаралық талаптарға бейімделуі керек.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 522 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СИЛЛАБУС | СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары | АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ | Емтихан сұрақтары | Меркантелизм ілімі қай ғасырда пайда болды. | Д) дәрігерлік лауазым мен орта медициналық қызметкерлердің саны | Экономиканы мемлекеттік реттеу» курсынан таПсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)