Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. 1. Бәсекелестік ортаның қалыптасуы және бәсекелестіктің

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер

1.Бәсекелестік ортаның қалыптасуы және бәсекелестіктің артықшылығы.

Нарық механизмінің негізгі элементінің бірі-бәсеке.

Бәсеке-нарықта реттеуші қызмет атқарады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтың субьектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементердің өзара қатнасы арқылы нарық яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатнастар ретінде көрінетін экономикалық қаржысы.

Әрбір кәсіпкердің қалыптасады. Бәсеке-нарық субьектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, басты мақсаты пайданы жоғарылату, олардың әр біреуі өздерінің кәсіпкерлік іс-әрекеттерінің ауқымын кеңейтуге тырысады. Ал өндірістің кеңеюі, яғни тауардың қажеттілігі осы тауарға деген сұраныстан көрінеді. Егер сұраныс ұсыныстың болуын жоғарлатса, онда бәсекеге сатып алушы түседі. Егер сатып алушы тапшы тауарды сатып алғысы келсе, онда сатып алушы басқа тауарларға қарағанда жоғары баға қойып, тауарды өзі алуы мүмкін. Баға өскендіктен ұсыныс та өседі. Ұсыныш сұраныспен теңескенше өсе береді және бағаның теңесуіне ықпал етеді. Қандайда бір сұраныс, қандайда бір ұсыныстың өзгерісі бағаның өзгерісіне байланысты. Сонымен бәсеке нарықтық тепе-теңдікті ұстап тұрады, қоғамдық үйлесімділікті белгілейді.

Бәсекені бірнеше түрлері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Даму ауқымы бойынша:

1.1.Жеке бәсеке-жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға тырысады.

1.2.Жергілікті бәсеке-жергілікті қайсыбір территориядағы тауар иелерінің жарысы.

1.3.Сала ішіндегі бәсеке-сала ішіндегі жарыс.

1.4.Сала арасындағы бәсеке-әр түрлі сала субьектілерінің жарысы.

1.5.Ұлттық бәсеке-ел ішіндегі жарыс.

1.6.Ғаламдық бәсеке-әр түрлі мемлекет субьектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2.1.Бағалық бәсеке-бағаны төмендету арқылы.

2.2.Бағалық емес бәсеке-тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдері бойынша:

3.1.Адал ниеттілік бәсеке.

3.2.Ниетсіз бәсеке-нарықтың ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1.Жетілген бәсеке.

4.2.Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілген бәсеке нарығы - кез-келген ұқсас тауарларды сататын сатушылармен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде-бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де, шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке-қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монполия, олигополия, монополиялық бәсеке.

Монополия-ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсония-тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

1. Табиғи монополия-сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады. (тұтынушыларға-су, отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2. Жасанды монополи - фирмалардың бірігуі және келісу нәтижесінде пайда болады.

3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстың, ұсыныстың уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Шаруашылық жүйедегі кез-келген бәсеке болып жатқан экономикалық үрдіске әсер етеді. Қандай да бір кәсіпкердің өмір сүруі оның өндірісті ұстап тұруына ғана байланысты емес, ол оның перспективасын көрсете алуына және болашақта сұранысты қалыптастыруына байланысты.

Бәсекенің басты экономикалық артықшылығы мынада:

· Бәсекелестік күрес арқылы қоғамдық талаптарға сәйкес шектеулі ресурстарды бөлу тиімді жүргізіледі, яғни сұранысқа байланысты өнім өндіріледі. Бұл құбылыс Парето бойынша тиімділік деп аталады. (италиандық экономист және социолог Вильфредо Парето аты берілген). Ол «Бәсеке ресурстарды тиімді бөледі» деген қағиданы дүниеге әкелген. Қазіргі кезде ресурстарды Парето бойынша белсенді болу деп атайды.

· Бәсеке кәсіпкерлерге өз өндірісін қадағалап отыруға ықпал етеді.

· Өнім бірлігіне кететін шығындарды төмендетеді, бұл төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл сатып алушыларға пайдалы, өйткені олар төмен бағаға жоғары сұраныспен қарайды. Сатып алушылардың ақшасы үшін күресте кәсіпкерге жаңадан шығындарды төмендететін қорлар іздеу қажет, шектеулі ресурстардан пайда табу үшін оны дұрыс қолдану қажет. Өмір сүру ұзақтығын сақтау үшін ол сапалы өнімді шығаруы қажет. Қоғамда қабылданған талаптарды жүзеге асырады. Бұл өндірістің тиімділігін өсіреді.

· Кәсіпкер шығындарды төмендету әдісі арқылы жаңа, сапалы өндіруші техниканы және жаңа технологияны қолданады. Өзінің нарықтық сигментін берік ұстайды жаңа ұйымдастырушылық әдістерді қолданады. Бұған ғылыми-техникалық инновацияны есепке ала отырып ғана жетуге болады. Бұл бәсекелестік-кәсіпкерлерге ғана пайда әкелмейді, бұл барлық қоғамға, прогрессивті қозғалысқа әсер етеді.

· Сатып алушылармен күресте кәсіпкер өз фирмасын қорғайды, өзін қайырымды және әділетті бизнесмен ретінде көрсетеді. Бұл қоғам үшін бәсекенің нәтижесі болып табылады. Тауар мен қызметтің сапасын біліп қана қоймау керек, оның мәртебесін көтеретін сыртқы фирмаларды қадағалау қажет. Фирма өз пайдасын ғана ойлап қоймайды. Олар бағаны төмендетеді, сыйақы және неше түрлі мерекелік кештер мен жәрмеңкелер ұйымдастырады. Бұның бәрі қоғамда қайтарымдылық жағдай туғызады: білімді бизнесмендерді қалыптастырады, әлеуметтік кедергіні төмендетеді.

Міне бұл экономикалық артықшылықтар нарықтық экономиканы басқа экономикалық ұйымдарға қарағанда тиімді жасайды.

Бәсеке кезінде экономиканың тепе-теңдігі сақталуына және сала мен өндіріс арасындағы белсенді қатнастың қалыптасуына нарықтық үрдістің дамуы әсер етеді. Сонымен нарықтық тепе-теңдік қоғамдық еңбек өндірісі жүзеге асырылса ғана тұрақты болады және ірі шаруашылық субьектілер пайда болуына көмектеседі. Бұл жүйенің пайда болуы монополияның қалыптасуына тосқауыл болады.

2. Монополияға қарсы саясаттың мәні және түрлері.

Мемлекет бәсекелестік ортаны қадағалайды және қажет болған жағдайда монополияға экономикалық шаралар қолданады, мұндай жағдайлар монополияның қарқынды дамуына кедергі жасау. Жоғарыда атап көрсеткендей: монополия-бұл өнім, қызмет, ресурс өндірілуін шектейтін өнеркәсіп фирма немесе мекеме. Ол нарықтық бағаға, ұсыныс көлеміне, тауар және қызмет сату бағытына зор әсер етеді. Монополиялар ірі компаниялар, мекемелер түрінде болады. Монополия және ірі компания синоним сөздер сияқты көрінбейді. Бірақ практикада олар бірдей болып көрінеді. Ірі компания ұғымы оның нарықтағы тауар өндіруші фирмасының бөлігі ретінде, немесе абсалютті көрсеткіші, яғни актив мөлшері, пайда, жұмыспен қамтылған адамдар саны және акционерлер санының көрсеткіші ретінде көрсетіледі. Көп жағдайда абсолютті көрсеткіші фирма нарықтың көп бөлігін бақылайды. Сондықтан өзін монополия ретінде көрсетеді.

Нобель сыйлығының лауреаты, американ экономисі Ф. Хайектің жазуында: «Монополия негізі жаман емес, бәсекенің тоқырауы жаман» Монополия бәсекеге тосқауыл жасау арқылы қоғамға көптеген жағымсыз жағдайлар туғызады. Оның негізгілері:

· біріншіден, қоғамның талабы бойынша ресурстарды тиімді бөлмеу, баға мен ұсыныс көлеміне монополиялық үстемдік болса, онда бағаны ұстау үшін өндірістік ресурстарды шектеулі етіп көрсету т.б.

· екіншіден, жоғары баға болғанда, сатып алушылар өнім алу үшін көп қаражатын жоғалтады.

· үшіншіден,монополия өндірістің техникалық тоқырауына, еңбек жағдайының төмендеуіне әкеледі.

Қазіргі мемлекет экономикадағы монополиялық жағдайды болдырмау үшін монополияға қарсы саясат жүргізе бастады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – мемлекет билігіндегі монополияға қарсы құралдар жиынтығын қолдану арқылы монополиялық іс-әрекетті болдырмауға, шектеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Барлық шаруашылық субьектілерге тең бәсекелестік жағдай жасау және әділетті бәсекені қалыптастыру. Қызмет (іс-әрекетін) жүргізу бойынша қазіргі кездегі монополиялардың түрлері мыналар:

1) Нарықты монополиялау – егер қандайда бір компания нарықтың үлкен бөлігіне бақылау орнатса.

2) Бағаны тіркеу бойынша – салалар бағаның деңгейі және өндірістің көлемі туралы шешем қабылдайды.

3)Компаниялардың қосылуы бойынша – вертикалдық және горизанталдық қосылу кезінде пайда болған компания саладағы бәсекені шектейді.

4) Біріккен директораттар – екі немесе бірнеше компанияның билігін бір адам жүргізеді және бір бағалы саясатты ұстайды.

5) Бғалық дискриминация - өндірушілер өз тауарын әр түрлі бағамен сата алады. Заң бойынша оны бір бағамен сатуы қажет.

Монополиялық күрес елдер арасында қатаң және әр түрлі бағытта жүреді. Жалпы мемлекеттік монополияға қарсы реттеу 2 бағытта жүргізіледі:

1. Арнайы монополияны реттейтін заң құру және қабылдау.

2. Жүйелік органдардың қалыптасуы. Монополияға қарсы реттеу және монополияға қарсы заңның орындалуын бақылау.

Бұл ерекгелікті түсіну үшін нақты елдің жалпы экономикалық саясаттың контекстін қарау керек. Яғни сол елдің экономикасының даму деңгейін қадағалау керек. Мұның көбі дүниежүзілік нарықтағы бәсеке арқылы, халықаралық сауда режимінің өзгеруі және басқа факторлар арқылы көрінеді. Сондықтан монополияға қарсы заңдар қоғам дамуына сәйкес өзгереді және мемлекеттің сыртқы, ішкі жағдайларының өзгеруіне бейімделеді. Қазіргі кезде монополияға қарсы заңдардың екі үлгісі туралы айтуға болады: американдық және батысеуропалық үлгі.

Американдық үлгі – монополияға қарсы саясатта ірі компаниялардың қандай да бір формасының қосылуына қатаң түрде тиым салды. Вертикалды және горизонтальді ірі компаниялардың қосылуын әр әдіспен бақылайды. Мұндай ірі компаниялардың қосылуына келісім мынадай жағдайларда беріледі, егер ірі компаниялардың қосылуы кезінде нарықтық бәсеке төмендеген жағдайда, баға деңгейі немесе сату көлемі туралы шешім қабылданған компаниялардың іс-әрекеттері қатаң қадағаланады. Монополияға қарсы санкциялар қолданылады. Мұнда қылмыстық істерді, келеңсіз жағдайларды жою ретінде түрмелік тұжырым да қабылданған.

Монополияға қарсы реттеудің батыс еуропалық үлгісілибералды болып саналады. Шаруашылық субьектілерге бәсекелестік тәртіп түралы бағыт беріп отырады. Әр монополиялық кәсіпорыдар заңды болып саналмайды, тек әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық маңызды ірі компаниялар ғана заңдастырылады. Нарықтағы бәсеке арнайы әкімшілік органдар арқылы қабылданады. Кейде бұл органдар түзетуші, реттеугі және бекітуші шараларды да тікелей қолданады. Соңғы кезде жапондық монополияға қарсы саясат көптеген бәсекелестерді қызықтырды. Жапония ұлттық монополияны ашық ұстап тұрады. Ол көбінесе жоғары технологиялық салаларға көмектеседі. Бұл жаңа ақпараттық технологияларға көшуден көрінеді. Экспорттаушы фирмалар қосылып, ал дефрессивті салалар нақты картельдер ретінде құрылады. Осы үлгілерді негізге ала отырып, барлықмемлекеттер арнайы монополияға қарсы заңды қолдану арқылы бәсекелі экономиканың негізін қалыптастыруда.

3. Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы мемлекеттік саясат.

Монополияның пайда болуының басты себебі - өндірістің және капиталдың бір ортаға шоғырлануы.

 

Шоғырланудың бағыттары:


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 588 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.| Көлденең Вертикалды Тікелей

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)