Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Мемлекеттік бюджет

· Жергілікті бюджет

· Фискалды саясат

· Бюджетаралық қатынастар

· Салық жүйесі

Қазақстан Республикасының қазiргі қаржы-бюджеттiк жүйесi және оның әлеуметтiк- экономикалық рөлi. Экономиканы реттеудiң қаржылық механизмдерiнiң басыңқылығы мен құрамы. Мемлекеттiң фискалды саясатын күшейтудiң қажспiлiгiн негiздеу мен оны жүзеге асырудың басты әдiстерi. Салық алу және бюджетке салықтық түсiмдердi көбейту шараларын мемлекеттiк ұйымдастыру. Мемлекеттiк шығындарды жоспарлау және оларды тиiмдi пайдалану.

Мемлекеттiк бюджет жүйесi мен бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру проблемасы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерi мен әдiстерi.

Мемлекеттің iшкi және сыртқы қарызы және оны жабу шаралары. Бюджеттен тыс қорлар және оларды ұтымды пайдалануға мемлекеттiң әсерiн тигiзетiн механиздер.

Мемлекеттiн iшкi және сыртқы қарыздарын жабу және бюджеттсн тыс қорларды ұтымды пайдалану процесiне мемлекет әсерiнiң негiзгi механизмдерi.

Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы (француздың сөзі «budget») табыс пен шығындарды бөлу.

Мемлекеттік бюджет бірнеше принциптерге негізделіп құрылыды.

1. Бірлік принципі бюджетте мемлекеттің барлық кірісі мен шығысының шоғырлануы. Ол мемлекетте біріңғай бюджеттік жүйені, біріңғай қаржы құжаттары мен бюджеттік жіктемелердің (классификация) болуын білдіреді.

2. Ақиқаттық принципі мемлекеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің шынайы нақты мәліметтерді көрсету.

3. Ашықтық принципі халықты кіріс көздері мен шығындардың жасалуы туралы хабардар ету.

Соңғы жылдпры көптеген елдерде мемлекеттік бюджеттен басқа да әлеуметтік қорлар, қаржылай ерікті мемлекеттік құрылымдар (несиелік, ғылыми-техникалық т.б.) мен бюджеттік емес қорлар қалыптасты. Қазақстанда зейнетақы қоры, сақтандыру қорларынан басқа Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның инвестициялық қоры, инновациялық қор, Қазақстанның даму банкі, экспортты сақтандыру коорпорациясы құрылды. Мұндай құрылымдардың негізгі ерекшеліктері-олардың белгілі мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті жеке кіріс көздері бар. Бірақ олардың қызметі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде болуы тиіс.

Мемлекеттік бюджеттің негізгі қызметтері:

· Қаржы ресурстарын аймақтар, экономиканың қажетті салалары мен халықтың топтары арасында бөлу мақсатында мемлекеттік органдарға шоғырландыру.

· Маңызды басым бағыттарда экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

· Халықтың тұрмысы төмен кедей топтарына әлеуметтік қорғау кепілдігін қамтамасыз ету.

· Мемлекеттік басқару қызметін атқаратын институттарды қаржыландыру.

Қазақстанның бюджеттік жүйесі екі деңгейлі: республикалық және жергілікті.Бұл бюджеттер өздігінен әрекет етеді және әрқайсысы заң жүзінде белгіленген табыс көзі мен шығындары жұмсау бағыты қалыптасқан.

Мемлекеттік бюджет табысы ең алдымен жергілікті және орталық билік органдары алатын салықтардың есебінен, әлеуметтік сақтандыру бойынша түсімдердің есебінен, капитал мен операциялардан түсетін кірістер т.б. есебінен қалыптасады.

Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі: экономиканы қаржыландыру, әлеуметтік-мәдени, ғылыми бағдарламалар, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сыртқы экономикалық қызметті іске асыру, мемлекеттік қарыздарды жабу бағыттарында жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер төмендегідей: қаржыны бөлу мекемелер мен кәсіпорындарды қаржыландыруға берілетін ақшалай қаржы, субсидиялар мемлекеттік ақшалай көмек түрі, субвенциялар дамудың нақты мақсаттарына арналған мемлекеттік ақшалай көмек, дотациялар - шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржы.

Егер шығындар табыстардан асып кетсе (G› T), онда бюджет тапшылығыпайда болады. Оның негізгі себептері: мемлекеттік аппарат шығындарының көбеюі, әскери мақсаттарға шығындардың көбеюі, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық қызметінің кеңеюі, сондай-ақ шектеп тыс өндіру нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі азаяды, сол кезде мемлекет әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарын көбейтуге мәжбүр болады. (жұмыссыздарға жәрдем ақы беру).

Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мелекеттік бюджеттің шығыс бөлігін қысқартқан жөн.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

· Ақша-несие эмиссиясы (ақша шығару);

· Займ шығару;

· Мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту;

Мемлекетке түсетін салықтар (мемлекет табысы) мемлекеттік шығындардан жоғары болған жағдайда бюджет артықшылығы пайда болады. Бюджет артықшылығы экономикалық өрелу кезінде болады.

Сондықтан қаржының бір бөлігі халыққа төлемақы ретінде берілетіндіктен сұраныс инфляциясы өседі.

Мемлекеттік қарызды талдамай бюджеттік тапшылық деңгейін анықтау мүмкін емес.

Мемлекет Ұлттық банктің несие қорларынан, тұрғандардың халықтық банктегі салымынан, сақтандыру қоғамдары қорына белгіленген бөлігін алып отырады. Олардың жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл – мемлекеттің ішкі қарызы.

Бюджет тапшылығын бәсендету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей сыртқы займдарды да пайдаланады.

Ол мемлекттің сыртқы қарызын құрайды.

Мемлекеттік қарызды басқару шаралары:

· Жаңа займдар шығару;

· Конверсия – табыстылығына қатысты займдардың шарттарын өзгерту;

· Консолидация – қысқа мерзімдік облигацияларды орташа және ұзақ мерзімдікке ауыстыру.

Салықтар рыноктық экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық жүйесі арқылы мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі қалыптасады, мемлекеттің кәсіпкерлік мүмкіндіктері анықталады.

Салық дегеніміз жеке адамдардың, кәсіпорындардың жеке мекемелердің мемлекеттік немесе жергілікті бюджетке төлейтін міндетті төлемі. Салықтың қайнар көздері: пайда, пайыз, жалақы, дивидент, рента, т.б.

Салықтар бірнеше қызметтер атқарады: фискалдық, реттеу және қайта бөу. Фискалдық қызметі - мемлекет табысын қалыптастыру. Реттеу қызметі экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандыру немесе тежелеу арқылы реттеу. Қайта бөлу қызметі.

Салық жүйесі арқылы мемлекеттік бюджетке ұлттық өнімнің едәуір бөлігі жұмылдырылады. Сондай-ақ салық арқылы білім беру мен денсаулық сақтау салаларына, экология жағдайына, зейнетақыға, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы бөлінеді.

Салықтар өндіріп алу тәсілі бойынша: тікелей жәнежанама деп бөлінеді.

Тікелей салықтармемлекет тарапынан кәсіпорындар мен тұрғындар табысына салынады (корпоративтік салық, жеке табыс салығы, жер салығы, мүлікке салық т.б.).

Жанама салықтарбағаға қосылады және тауарды сатқанда тұтынушылардан өндіріліп алынады. Оларға акциздер, қосымша құнға салық, кеден салығы жатады.

Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: пропорционалды (тұрақты), прогрессивті (үдемелі), регрессивті (кемімелі) болады.

Пропорционалды – табыс көлеміне қарамастан салық мөлшерлемесі өзгермейді.

Регрессивті (кемімелі) – табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі азаяды.

Прогрессивті (үдемелі ) – салық мөлшерлемесі табыстың өсуіне қарай өсіп отырады.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде салық жүйесі белсенді рөл атқарады.

Салық жүйесінің мақсаты:

· Экономика субъектісінен мүмкін болғанша қомақты көлемде және міндетті түрде бюджетке алынатын қаржы сомаларын анықтау және олардың түсімін қамтамасыз ету.

· Фирмалардың іскерлік экономикалық белсенділігіне нұқсан келтірмеу және ыеталандыру.

Салық жүйесіндегі экономикалық саясат мынадай принциптерге негізделеді:

· Салық жинау жүйесі өте ықшам, оған жұмсалатын шығындар мүмкін болғанша төмен, ал тиімділігі жоғары.

· Салық төлеушілер үшін төлем уақыты мен әдісінің ыңғайлы облуы.

· Салық көлемін шамадан тыс арттырып, кәсіпкерлердің белсенділігіне нұқсан келтірмеу.

· Салық алу принципі табыстың әділетті бөлу принципіне жақын болу.

· Жеке тұрғындардың салық төлеу мүмкіншілігін анықтағанда еркіндік құқығына қайшы келмейтін минималды көлемдегі мәліметтерді талап ету.

Мемлекеттің салық жүйесі арқылы экономикаға әсер етуінің біренеше құралдары бар. Оның негізгісі – 1. салықтық жеңілдіктер:

· кейбір кәсіпорындарға салық молшерлемесінің төмендетілуі. Онда жеңілдіктер аймақтық ерекшеліктерге (экологиялық, депрессиялық) байланысты анықталады.

· салықтық несиелер - алдыңғы салықтардан тарифтік жеңілдіктер жасау.

· салық төлеуден босату – кейбір шағын және жаңадан құрылған кәсіпорындар бастапқы 2-3 жылға салық төлеуден босатылады;

· жеделдетілген амортизация – бұл кәсіпорындарға тозан капитал құнын моралдық тозуға дейін қайтаруға, ал амортизациялық төлемде өндірістік аппаратты жаңартуға мүмкіндік береді.

2. Салық мөлшерлемесін өзгертубарлық дамыған елдердің салық жүйесінің міндетті құралы. Мемлекет экономикада қалыптасқан жағдайларға, ғылыми-техникалық прогресті дамыту мен құрылымдық іргерілеуді қамтамасыз етуге байланысты салық мөлшерлемесін өзгерту (төмендетуді немесе өсіруі) мүмкін.

Жоғары прогрессивті салық жүйесі инвестиция мен қор жинағы деңгейіне кері әсерін тигізеді, ол барлық экономикалық жүйеге нұқсан келтіруі мүмкін, алайда бұл саясат мемлекетке түсетін түсімдерді қысқартады. Ол өз кезегінде бюджеттік тапшылыққа әкеледі. Сондықтан салық жүйесі терең ойластырылған және икемді болуы керек.

Қазақстандағы бюджеттік – салық жүйесін реформалау экономикалық және саяси өзгерістер негізінде жүргізіледі.

Бюджеттік жүйедегіреформалар қзінің дамуын 1996 жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңынан бастады. Ол заңда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі туралы негізгі принциптері, бюджетті құру, оның мақұлдануы мен бекітілуі, орындалуы мен бақылануы туралы егжей-тегжейлі қарастырылған. Сондай-ақ жаңа занға бұрыңғы заңда болмаған субвенция, субсидиялар, ресми трансфеттер, мемлекеттік кепілдік, мемлекеттік займдар, үкімет пен жергілікті оргагдардың резервті деген жаңа түсініктер мен терминдер еңгізілді.

Мемлекеттік қарызды басқару мақсатында заңды түрде мемлекеттік қарыз алуға қатаң шектеулер белгіленеді. Бұл шаралар кейін бюджетті тапшылыққа қатысты үкімет қарызын (ішкі және сыртқы) айтарлықтай қысқартты.

Бюджетті орындаумен айналысатын мемлекеттік органдардың құрылымы өзгреді; бюджетті орындау қызметі Қаржы Министрлігіне берілді, бұрын ол қызметті Ұлттық Банк пен Қаржы Министрлігі атқарған болатын. Басты Қазыналық басқармасы ұйымдастырылды. Оған бюджетті орындауы ұйымдастыру мен бақылау, қаржы туралы мәліметтерді өңдеу және талдау, мемлекеттік қарызды орындау және үкіметке есеп беруді қамтамасыз ету міндеттері жүктелді.

1997 жылы халықаралық стандарттар талаптарына негізделген Қазақстан Республикасының кірісі мен шығысының жаңа бюджеттік жіктемесі еңгізілді. Ол мемлекеттің барлық деңгейдегі бюджеттік шығындарын мемлекеттің бағдарламаларымен өзара байланыстыруға мүмкіндік береді.

2000 жылы Қазақстанда Бюджеттік кодекс құрылды. Оның негізгі мақсаты бюджеттік қатынастарды реттейтін заңнамалардың құқытық нормаларын біріктіру мен жүйелендіру, бюджеттік жүйе қатынастары принциптері мен ережелерінің біріңғай тұтастығын қамтамасыз ету, бюджеттік үрдіске қатысушылар мен олардың құзырларын анықтау, бюджеттік құрылым мен бюджеттік үрдісті жүйелеу.

Салықтық жүйеде үлкен өзгерістерге ұшырауда. 1991 жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Салық жүйесі туралы» бірінші Заңы Ресей заңнамасының көшірмесі болатын. Салықтардың көптігі (43 түрлі: 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпы міндетті және 17 жергілікті салықтар мен төлемдер), заңнаманың тұрақсыздығы, есептік негізі өзіндік құн болатын көптеген төлемдер, көптеген жеңілдіктердің қолданылуы (20-дан аса), салық жүйесін басқару бойынша тиімсіз құбылысқа айналдырады.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы шықты. Оны дайындауға халықаралық ұйымдардың өкілдері мен эксперттері қатысты. Қазіргі кезде салықтар саны 18 түрі және 12 бір рет төленетін төлемдерді құрайды. Салықтар жалпы мемлекеттік және жергіліктідеп бөлінеді және салық салу тетігі қарапайым. Бюджетте түсімдердің көп бөлігін жанама салықтар (ҚҚС және акциздер), әлеуметтік салық және қазба байлықтарды пайдаланушылардың арнайы төлемдері құрайды.

Осындай өзгерістер нәтижесінде салықтар жүктеме төмендеді. Ол бюджеттік кіріс бөлігінің ЖІӨ-ге қатынасы арқылы анықталады. 1993 жылғы 28,1%-дан 2002 жылы 22,6%-ға төмендеді. Салықтық тәртіпті күшейту, ірі салық төлеушілердің мониторингі, трансферттерге бақылау сияқты шаралар салық түсімдерінің молаюына әкеледі. Жалпы алғанда жаңа Кодексте қарастырылған Концепция (2002 жылдың қаңтарынан әрекет етеді) салық жүйесінің әділдігін қамтамасыз ету, оның тұрақтылығы мен болжамдылығын, салық төлеушілердің барлық топтары арасындағы тепе-теңдікті, салық жүйесінің экономикалық үрдістерге бейтараптылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 354 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып ЭМР-дің ғылыми негіздері, объективті қажеттілігінің факторлары. ЭМР-дің мақсаты мен міндеттері | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)