Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі түсініктер. · Инвестициялық концепция

Читайте также:
  1. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Гидродинамикалыќ берілістіњ (гидромуфта, гидротрансформатор) ж±мыс принціпініњ негізгі ќандай ?
  4. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
  5. Негізгі түсініктер
  6. Негізгі түсініктер
  7. Негізгі түсініктер

· Инвестициялық концепция

· Инвестицилық ресурстар

· Инвестицияға сұраным

· Инвестициялық белсенділік

Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттiң инвестициялық iс-әрекетінің ең маңызды қағидалары. Мемлекеттiц инвестициялық саясатының өзгермелiлігi мсн оны қалыптастыру негiздерi.

Инвестицилық ресурстарының негізгi кездерi мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдiк инвестициялар мен iшкi инвестициялық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиiмдiсiн таңдау. Инвестицияға сұраным мен оған ұсыным арасындағы тепе-теңдікке қол жеткiзу механизмi.

Шаруашылық субъектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың рөлі және оның механизмі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық iс-әрекеттiнің ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын жасақтау. Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан аңықтау. Өндірістік сфера мен инфрақұрылым салаларын бiрыңгай дамыту мудделерiн ескеру. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық мәселесi: әлеуметтiк-саяси тұрақтылық, заң актілерін іске асыру, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мсмлекеттаралық мiндеттердiң өз уақытында орындалуы жәнс т.б.

Мемлекеттiң инвестициялық әлуетiн тиiмдi пайдаланудың қаржы-бюджепiк және ақша-несиелiк тетiктерi. Инвестициялық-құрылыстық кешеннің негiзгі сандық-сапалық көрсеткiштері және оларды негiздеудiң әдiстемесi. Күрдслi қаржының технологиялық және ұдайы өндрiстiк құрлымы мен оның тиiмдiлiгінiн көрсеткiштерi.

Инвестициялық процесс – ұдайыөндірістік процестің қатысушыларының қоғамның шынайы капиталды арттыру бойынша жан-жақты қызметі. Оның экономикалық жүйе динамикасына тікелей әсері бар.

Қазіргі экономистер көптеген ғылыми жұмыстарда инвестиция мәнінің келесідей түсінігі қарастырылады: инвестиция деп иесіне белгілі бір табысты әкелетін кез-келген салымдарды қарастырады. Осы позицияға сәйкес, инвестицияқаржылық, шынайы және и интеллектуалды деп бөлінеді.

ҚР «Инвестиция туралы заңында» (11.01.2003ж Казахстанская правда)

Инвестиция – лизингті ескергендегі мүліктің барлық түрлері, және оларға құқық инвестордың зкәсіпкерлік қызмет үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталына салған немесе оны ұлғайтқан қаржылық активтері.

Қаржылық инвестициялар – қаржылық инструменттерге салымдар, демек акция, облигациялар мен басқа құнды қағаздарға салымдар, банктік депозиттер және т.б.

Шынайы инвестициялар- қандай да бір өнім өндірісіне капитал салымдары, демек қоғамның шынайы капиталының артуын қамтамасыз ететін салымдар.

Интеллектуалды инвестициялар- мамандарды дайындауға, тәжірибе аламсуға, лицензия, ноу-хау, бірлескен ғылыми өңдеулерге және т.б. салымдар.

Инвестиция субъектілері болуы мүмкін:

• мемлекет;

• заңды және физикалық тұлғалар (отанлық және шетелдік);

• кәсіпорындар, фирмалар, АҚ, концерндер, комбинаттар және т.б.

• банктер (ұлттық және коммерциялық);

• сақтандыру ұйымдары;

• зейнетақы қорлары (жеке және мемлекеттік);

• инвестициялық қорлар;

• халықаралық ұйымдар;

• басқа да бюджеттен тыс қорлар және т.б.

Инвестициялық қызметтің объектілері төмендегілер болып табылады:

• экономиканың барлық аймақтары мен салаларындағы негізгі және айналмалы құралдар;

• құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, сертификаттар және т.б.);

• мақсатты ақшалық салымдар;

• ғылыми –техникалық өнім;

• мамандарды дайындау және қайта даярлау;

• мүліктік құқықтар және интеллектуалды меншікке құқықтар.

Инвестицияның қайнар көздері келесілер болуы мүмкін:

• мемлекеттік бюджет және аймақтық, жергілікті бюджеттен инвестициялық ассигнованиялар;

• инвесторлердің меншік қаржылық құралдары мен шаруашылық резервтер. Бұл пайда, амортизациялық төлемдер, ақшалай жинақтар мен салымдар, артық мүлікті сатқаннан түсімдер және т.б.;

• инвесторлердің қарызға алған қаржылық құралдары. Олар: банктік және бюджетті несиелері, облигациялық қарыздар және басқа да құралдар;

• инвесторлердің тартылған қаржылық құралдары. Олар: акция, еңбек ұжымының үлестік және басқа да жарналарын сатқаннан түскен қаржылар;

• кәсіпорындар ұйымдарымен, бірлестіктерімен орталықтандырылған ақшалай құралдары;

• сәйкес бюджетті емес қорлардың құралдары- зейнетақы, сақтандыру, инвестициялық қорлардың және басқалардың;

• әртүрлі нысандағы шетелдік инвестициялар.

Шетелдік инвестициялар

Кез-келген елдің экономикасының дамуында шетелдік инвестицияларды тарту маңызды мәнге ие. Қазақстанда шетелдік капиталды тарту бойынша заңмен қорғалған жүйе құрылған. Қазақстанды әлемдік шаруашылықта инвестиция салудағы тартымдылығын көрсету үшін, заңдар қатаң сақталынады, олардың қайтарымдылығы кепіл етіледі, 1998 жылы инвестиция бойынша Мемлекеттік комитет құрылған. Осы комитетке шетелдік жобаларды инвестициялауды қажет ететін шетелдік инвесторлерге толық ақпарат беру, Қазақстанға маңызды өндіріс тізіміне сәйкес инвестиция тарту бойынша қызметт жүктелген. 27.10.1994 жылдан бастап, ҚР "«Шетелдік инвестициялар туралы» заңы күшіне енді, ол ҚР шетелдік инвестиция тартудың құқықтық және экономикалық негізін анықтайды. 28.02.1997 жылы ҚР «Тура инвестицияларды мемлкеттік қолдау туралы» заңы және т.б. және 1992-1995 жж. БҰҰ жүргізген арнайы зерттеулері нәжителері бойынша Қазақстан, Ресей және Венгрия шетелдік инвесторлер үшін ең тартымды елдер болды.

Қазақстанның үлесіне осы елдер арасында инвестиция бойынша келісілген мәмілелердің 39% келді. Шетелдік инвестициялардың негізгі үлесі кең өндіруші салалрға келеді- – мұнай-газды (50,3% 2004 ж.), энергетикаға (18%), металлургияға.

Шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 1993 жылдан бері 50 млрд.долл жетті. Ірі инвесторлер арасында – АҚШ, Нидерланды,

Ұлыбритания және Италия. Бүгінгі күнде UNCTAD деректеріне сәйкес Қазақстанда ТҰК 1600 филиалдары қызметін тіркеді, ондағы жұмысшылардың саны шамамен 18 мың. адам. Қаржылық және техникалық көмек көрсететін халықаралық институттар арасында Әлемдік Банк топтары институттарының қызметін атап айтуға болады, олар республикадағы инвестициялық жобалардың бірнеше ондығын қаржыландырды.

Инвестициялық саланы реттеудің принциптері мен негізгі бағыттары.

Инвестициялық процесті мемлекеттік реттеу - инвестициялық белсенділікпен экономикалық өсуді ынталандыратын мемлекеттік басқару органдарының заңшығарушылық-құқықтық шараларының жүйесі.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:

- Инвестициялық қызметті заңшығарушылық-құқықтық реттеу. Инвестициялық қызметтің негізгі аспектілерін реттейтін көптеген әртүрлі құқықтық нормалар мен актілер бар: шетелдік инвестициялар, салық салу, инвестициялық ресурстарды сайыстық орналастыру, даму бюджеті, инвестициялық бағдарламалардың қатысушылары арасындағы өзара қарым-қатынастары және т.б. Онда меншік құқықтары нақты анықталған, мәмілелерді сақтау кепілі, инвесторлер құқығын қорғау бойынша құқықтық негіздер және инвестициялық қызметтегі басқа да маңызды мәселелер.

• Атқарушы билікте арнайы өкілетті орган түрінде сәйкес басқару жүйесін құру, олар инвестициялық процестің көптеген қатысушыларының қызметін реттеуге, үйлестіруге және бақылауға арналған, ҚР бұндай орган 1996жылы құрылған ҚР инвестиция бойынша Мемлекеттік комитеті болып табылады.

• Экономикадағы инвестициялық климаттың тиімділігі мен тартымдылығын анықтайтын сәйкес инвестиционды институттар құру. Институттар- инвестициялық ортаны қалыптастартынның барлығы:

Инвестициялық қызмет үшін жағдайлар туғызатын ережелер жиыны, бір немесе бірнеше жақты келісімдерді туындайтын келісімдер, онда қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылады. Осылайша, инвестициялық институттар инвесторлерге қызмет көрсетіп, олардың қызметі үшін жағымды жағдайлар туғызуға арналған.

• Мемлекеттік инвестициялық стратегияны өңдеу және мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін оны жүзеге асыруға бағыттау, онда инвестициялық саясаттың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары көрініс алуы керек, бар ұлттық инвестициялық ресуртарды мобилизациялауға арналған шаралар кешені анықталуы керек. Мемлекеттің бюджетті, салықтық, несиелік, ақша, сыртқы экономикалық саясаттың барлық инстурменттері қойылған мақсаттарды шешуге бағытталған болуы керек.

Осыдан келесіне байқауға болады, инвестициялық саясаттың басты міндеті шетелдік капиталды тарту үшін ұзақмерзімді инвестициялық экономикалық жағдайларды құру.

Қазақстандағы инвестициялық саясат.

ҚР жаңа инвестициялық саясаттың басты бағыттары келесілер болып табылады:

- экономиканы тұрақтандыру және дамыту мақсатымен ондағы инвестициялардың тиімділігін арттыру, оның әлеуметтік беймділігін күшейту;

- нарықтық қатынастардың қалыптасуының ең тиімді меншік нысандары мен варианттарының ғылыми өңдеулерін тауып, пайдаланып,жүзеге асыру;

- прогрессивті технико-технологиялық жүйелерді енгізу арқылы өндірісті техникалық қарулалуын жеделдету, ол ауыр өнеркәсіпте жинақталған шикізат пен қалдықтарды қайта өңдеу үшін, халық тұтынатын тауарлардың өндірісін арттыру үшін қажет;

- экономиканың басымды салаларына өзара тиімді негізде шетелдік инвестицияларды тарту;

- нарықтық экономика жағдайында құрылыстың уақытымен құнын төмен-

- дететін жағдайларды қамтамасыз ететін мотивациялар санкциялардың

- ғылыми жүйесін құру.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау

(ҚР «Инвестициялар туралы заңы», 11.01.2003, Казахстанская правда)

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту үшін тартымды инвестициялық климатты құру және жаңа технологияларды пайдалану арқылыістегі өндірісті жаңарту, кеңейту, жаңаларын құру, сонымен қоса жаңа жұмыс орындарын құру, барын сақтап қалу, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Мемлкеттік қолдау преференциялар беруде көрініс алады. Инвестициялық салықтық преференциялар инвестиция көлемі мен бекітілген активтерге қарай беріледі, бірақ 5 жылдан аспайды.

Кедендік баждан босатылады:

- инвестициялық жобалар үшін егізілетін қондырғылар мен қосалқы бөлшектер, егер:

- ҚР территориясында ұқсасы болмаса;

- олар жеткіліксіз өндірілсе;

- ҚР өндірілетін қосалқы бөлшектердің жобалардағы талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда.

- босатылу 1 жылға созылады да ұзартылуы мүмкін, бірақ контракт тіркелгеннен кейін 5 артық емес.

Мемлекеттік натуралы гранттары – ҚР меншігі болып табылатын мүлкі, ол ҚР заңды тұлғасына қайтарымсыз негізде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін беріледі. Оларға жер учаскелері, ғимараттар, қондырғылар, машиналар, есептеу техникасы, көліктік құралдар (жеңіл түрінен басқасы) және т.б. жатады.Гранттың максималды мөлшері ҚР заңды тұлғасының бекітілген активіне салынған инвестицияның 30% аспайды.


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)