Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көлденең Вертикалды Тікелей

Деверсификация

(горизонтальді)

           
 
Бір саладағы ком-паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіпорындарды күшпен тартып алу.
 
Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирмалардың бірігуі.
 
Технология жағы-нан байланысы жоқ әртүрлі саладағы фирмалардың бірігуі.

 

 


Монополияны ұйымдастыру нысандары:

1. Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу.

2. Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

3. Концерн – бірнеше бағыттағы формалардың біріңғай қаржы орталығына бірлесуі.

4. Конгломерат – шаруашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі.

Монополияны шектеуге және тиым салуға монополияға қарсы заңнамалар қолданылады.

Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 1991жылдың маусымында «бәсекенің дамуы туралы және монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы» Заң қабылданды. Он жылдың ішінде бұл заң практикалық тәжірибені жинай отырып толықтырылды, жетілдірілді және де басқа монополиялық іс-әрекеттерді реттейтін құжаттар қабылданды.

Кейін тиімді монополияға қарсы саясатты қалыптастыру барысында маңызды мәселелердің көлемін көрсететін он жылдық дәлелдер жинақталып 2001-жылы «Бәсеке және монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы» жаңа Заң қабылданды.

Бұл құжаттардың басты мақсаттары:

· бәсекені реттеу мен қолдау көрсету;

· шаруашылық субьектілерінің, тауар нарығындағы экономикалық билігі бар басқарушы органдардың қызметін жүргізуді бақылау;

· тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;

· шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету;

Ммандардың пікірі бойынша ҚазақстанРеспубликасының монополияға қарсы заңыөз мақсатына сай батыс еуропалық үлгілерге сәйкес жасалған: «монополиямен күресу, монополияға қарсы бағыт, оларға қарсы бәсекелестік, шектеулер және нұсқаулар, оның жүктеме көлемін кеңейту». Қабылданған құжаттардың жиынтығы толығымен төмендегі реттеулермен қамтамасыз етіледі:

· Нормативтік реттеу.

· Ұйымдастырылған реттеу.

· Заңға тәуелді реттеу.

Экономиканы монополияға қарсы реттеу жүйесі келесі элементтерден тұрады:

· Антимонополиялық заңның сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша монополистің көзқарасы;

· Мемлекеттік реттеуге жататын монополиялық іс-әрекеттің түрлері;

· әділетсіз тиым салуға тиіс бәсеке формалардың тізімі;

· монополияға қарсы органдардың қызметтік құрылымын анықтау, яғни олардың мақсаты, функциялары және өкілдігі;

· монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін жауапкершілік шешімдер;

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында орталық антимонополиялық орган болып: үкіметтің құрамына кіретін Қзақстан Республикасы Агенттігінің бәсекені қорғау органдары мен табиғи монополиялық Агенттіктерді жатқызуға болады. Аталған Агенттік 1999жылы ҚР Президентінің ұсынысы бойынша құрылған. Оны реформалау және қайта ұйымдастыру ұзаққа созылды және қазіргі кезде оның аты, ұйымдастыру құрылымы және кейбір қызметтері өзгерді. Бұл өзгеріс тиімді болды және оның іс-әрекетін белгілі бағытқа өзгертті.

Қазіргі уақытта аталмыш Агенттік өз қызметінің негізгі екі бағытын анықтады:

Бірінші антимонополиялық заңның сақталуын қадағалау және бағаның қалыптасу заңдылығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғауды бақылау.

Екінші – нақты монополиялық іс-әрекет пен монополистік субьектілердің шаруашылықты жүргізу жағдайын реттеу.

Бұл бағыттар ТМД және басқа да республикалардың тәжірибесінің негізінде жинақталған. Олардың әрқайсысында нормативті және әдістемелік қайтарым бар.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. ГРЭ в условиях Казахстана. Алматы: Экономика, 1998г.

2. Л.Г.Ходов. Основы государственной экономической политики. БЕК Москва 1997г.

3. Р.С.Каренов. Основы государственного регулирования экономики. Алматы 1999г.

4. Экономика / под ред. А.С.Булатова. М:Юристъ 2001г.

5. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Отношения между правительством и бизнесом. Алматы: Экономика, 2002г.

6. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Государство, предпринимательство и общество. Алматы: Экономика, 2002г.

7. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Алматы: Экономика, 2002г.

8. Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. Теория государственного ценообразования. Алматы: Экономика, 2002г.

9.Төреғожина М.Б. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика,2008

10.Кенжеболатова М.Ш.,Жеңісхан Д. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. – Астана,2006

11.Демушкина Л.О., Мұқашева Б.Ә., Әбіл Е.Қ. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. –Астана, 2010

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Тақырып бойынша сұрақтар | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Негізгі түсініктер | Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы , жер салығы, мүлік салығы бойынша беріледі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі түсініктер| Негізгі түсініктер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)