Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 13 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Электр энергиясының көтерме рыногының субъектілері болып табылады:

1) электрлік қуаттылықтың және /немесе/ энергияның сатушылары мен сатып алушылары. Сатып алушыларға энергиямен жабдықтау және энергияны тасымалдау ұйымдары, сонымен қатар қайта сатушылар-трейдерлер, ал сатушыларға – энерго шығаратын ұйымдар жатқызылады;

2) өз құрамында электрлік станциялары бар және КЕGОС жүйесі арқылы электр энергиясын өздерінің дербес электр станциялары арқылы тұтынушыларға жеткізетін ұйымдар;

3) Ұлттық энерготасымалдаушы ұйым - КЕGОС. Нақты уақытта бұл ұйым көтерме рыногының Техникалық операторы болып табылады;

4) Аумақтық энерготасымалдаушы ұйымдар - АЭҰ;

5) Белгілі бір тәртіпте элкетрлік қуаттылықты және немесе энергияның экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыратын шет мемлекеттердің заңды тұлғалары;

6) Нарықтық оператор ЭҚЭРО – қазақстандық электр қуаттылығының рынок операторы (ҚЭҚРО);

7) ЭҚР Пулы мен ЭҚЭРО-да ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдар.

Жоғарыда аталған субъектілердің қатарына биржалық сауда ержелері бойынша энергия және күнделікті көтерме рыногында электрлік қуаттылықтың сауда-саттығының ұйымдастырушылары болып табылатын Нарықтық және Техникалық опреторларды атап өтуге болады. Міндетті қатысушылардың қатарына, сондай-ақ энергия шығаратын ұйымдар мен тұтынушыларды атап өтуге болады.

 

 

ГЛОСАРИУС

 

1. Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі санына бөлінген серіктестік.

Акционер – акциялар бойынша дивиденттер түрінде пайда табатын акция иесі.

Акция – эмиссиялық бағалы қағаз, оның ұстаушысына дивиденттер түрінде пайда табуға, акционерлік қомды басқаруға қатысуға, сонымен қатар ол таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді.

Заттық құқық – объектісі зат (мүлік) болып табылатын субъективтік азаматтық құқықтар.

Мемлекет – азаматтық құқықтық қатынас қатысушыларының бірі болып табылатын, азаматтық құқық субъектісі.

Азамат – азаматтық құқықтық қатынас қатысушыларының бірі болып табылатын, азаматтық құқық субъектісі. Барлық азаматтар тең мөлшерде азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді өтеуге тиіс.

Азаматтық құқық қабілеттілік – құқық субъектілерінің белгілі бір құқықтарға ие болу қабілеттілігі. Жеке тұлғаларға құқық қабілеттілік тумысынан беріледі, ал заңды тұлғаларға құрылып, мемлекеттік тірекуден өткен сәттен бастап беріледі.

Азаматтық әрекет қабілеттілік – құқық субъектілерінің өз әрекеттерімен азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие боылп, оларды жүзеге асыру қабілеттілігі.

Еншілес кәсіпорын – шаруашылық жүргізу құқығына негізделген, заңды тұлға ретінде басқа кәсіпорынмен құрылған кәсіпорын.

Шетел азаматтары – нақты мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, басқа елдің азаматы екендігін дәлелдейтін тұлға.

Қазыналық кәсіпорын – жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын.

Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатрид) – нақты мемлекеттің азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына қатысы жоқ тұлға.

Азаматтың тұрғылықты жері – азаматтың тұрақты түрде тұратын жері.

Заңды тұлғаның оранласқан жері – заңды тұлғаның заңмен белгіленген ережелер бойынша белгілі бір географиялық нүктеге (әкімшілік-аумақтық бірліктерге) тиесілі болуы.

Коммерциялық емес ұйым – өз қызметін жүзеге асыру барысында пайда табу мақсатын көздемейтін және түскен пайданы қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға.

Резидент – тұрақты түрде ҚР аумағында тұратын жеке тұлғалар немесе ҚР аумағында құрылған заңды тұлға.

Резидент емес тұлғалар – ҚР аумағынан тыс, шет елде тұратын, ҚР аумағында уақытша тұратын тұлғалар; шетел заңдарына сәйкес, ҚР аумағынан тыс құрылған заңды тұлғалар.

Ортақ меншік – бір мүлікке екі немесе одан да көп тұлғалардың меншікке құқығы.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі – егер шартпен өзгеше көзделмесе, некеде тұру барысында жинаған ортақ мүлкі.

Қоғамдық және діни ұйымдар – рухани немесе өзге де материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңи нысанда азаматтардың ерікті бірігуі.

Толық серіктестік – қатысушылары серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және өздеріне тиесілі барлық мүлікпен толық көлемде жауап беретін серіктестік.

Тұтыну кооперативі – қатысушылардың материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мүшелік негізде құырылатын, олардың мүшелері арасында мүліктік жарнаны біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың және заңды тұлғалардың ерікті бірігуі.

Жедел басқару құқығы – шектелген заттық құқықтардың ерекше түрі. Субъектісі болып тек қазыналық кәсіпорын және мекеме табыла алады.

Шаруашылық жүргізу құқығы - шектелген заттық құқытардың ерекше түрі. Субъектісі болып тек мемлекеттік кәсіпорын ғана бола алады.

Өндірістік кооператив (артель) – өндірістік немесе өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында мүшелік негізде құрылған, қатысушылардың жеке еңбегіне негізделген және оның мүшелерінің мүліктік жаранасын біріктіру негізіндегі азаматтардың ерікті түрде бірігуі.

Заңды тұлғаны қайта құру – заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлық қатынасын көздейтін, заңды тұлағның өз қызметін тоқтату немесе өзге де құқықтық мәртебесін өзгерту. Сервитут – бөтеннің жер учаскесін шектеулі түрде пайдалану құқығы.

Азаматтық құқық субъектілері – азаматтық құқықтық қатынас субъектілері, яғни заң бойынша тікелей немесе өкілі арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыратын тұлғалар.

Сенім серіктестігі – серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және өз мүлкімен толығымен жауап беретін толық серіктестермен қатар, бір немесе бірнеше салымшылардың тек салған салымының негізінде ғана жауап беретін және серіктестіктің қызметіне қатыспайтын тұлғалардың серіктестігі.

Жарғылық капитал – коммерциялық ұйымдарды құру барысында олардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында мүлікке енгізілген салымдардың жиынтығы.

Мекеме – меншік иесінің басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипатта өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін онымен толық немесе ішінара қаржыландыратын ұйым.

Филиал – заңды тұлғаның тұрғылықты жерінен тыс орналасқан және оның бүкіл функциясын немесе оның бір бөлігін жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі.

Шаруашылық серіктестік – жарғылық капиталмен құрылтайшылардың үлестеріне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымдар.

Холдинг компаниясы – өзінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, активтердің құрамына басқа кәсіпорындардың бақылау пакет акциялары енетін кәсіпорын.

Заңды тұлға – меншігінде немесе жедел басқару құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен оқшауланған мүлікке ие болып табылатын, өз мүлкімен толығымен жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болып жүзеге асыратын, міндеттерді орындайтын, сотта жауапкер және талапкер болатын ұйым.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 2 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 3 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 5 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 6 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 7 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 8 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 9 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 12 страница| Коньковые приседания

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)