Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Is-lm үлгісі.

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  5. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница

Лекция жоспары:

  1. АD-AS және үлгілерінің бір-бірімен (өзара) байланысы. IS-LM үлгісінің теңдеуі және негізгі айнымалылары. IS және LM қисықтары
  2. Ақша несие және салық-бюджет саясаттарының салыстырмалы тиімділігі
  3. Жиынтық сұраныс қисығы. Бағаның тұрақты деңгейінде АD-AS және IS-LM үлгісіндегі экономикалық саясат

 

1-сұрақ. Бұл тақырыптың мақсаты нақты экономика секторының және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешілігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әртүрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлардың нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек.

Кейнс үлгісінде бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.

Ақша нарығы – бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация арқылы берілген ақшаның салыстырмалы бағасы – бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.

Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS-LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс 1937 жылы ұсынған.

А. Хансеннің 1949 жылы шыққан «Монетарлы теория және қазыналық саясат» атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті.

IS-LM үлгісі – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдік үлгісі. Таур және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасуы үшін қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да IS-LM үлгісі AD-AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

IS-LM үлгісінің негізгі теңдеулері:

1) Y=C+I+G+Xn– негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік. Мұндағы:

2) C=a+b(Y-T) – тұтыну функциясы.

3) I=e - d∙R – инвестиция функциясы.

4) Xn=g-m′∙Y - n∙R – таза экспорт функциясы.

5) M/P=k∙Y – h∙R – ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары:

Ү(табыс), С(тұтыну), І (инвестиция), Xn(таза экспорт), R(пайыздық мөлшерлеме).

Үлгінің сыртқы айнымалылары:

G (мемлекеттік шығындар), Мs (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).

Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g, m’, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.

Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылмаған жағдайында болады. (Ү≠Ү*), баға деңгейі Р тұрақты, ал пайыз мөлшерлемесі және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р-баға тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.

Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.

(Ү═Ү*), баға деңгейі өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар – нақты шама болады.

ІS қисығы тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді.

ІS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс арасындағы байланысты көрсетеді.

ІS қисығының қарапайым түрі инвестициялар мен қор жинағы функцияларымен тығыз байланысты. ІS қисығының бойындағы кез келген нүктеде қор жинағы мен инвестиция тең екендігі көрінеді.

1 (а)-суретте қор жинағы функциясы белгіленген. Табыстың Ү1-ден Ү2-ге өсуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі.

 

1(а)-сурет. Қор жинағы функциясы S қор жинағы

S2

S1


Ү

Y2 Y1 Табыс, өнім көлемі

R R пайыздық мөлшерлеме

R1

R2

 

       
   


I1 I2 Инвестиция Y2 Y1

 

1(ә)-сурет. Инвестиция функциясы 1(б)-сурет. ІS қисығы

1(ә)-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция І1-ден І2-ге өседі. Бұл жағдайда І1=S1, ал I2=S2 болады.

1(б)-суретте ІS қисығы бейнеленген, пайыз мөлшерлемесі төмен болған сайын, табыс деңгейі соғұрлым жоғары болады. Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі соғұрлым төмен болады. Жоғары да тұрақты деп болжанған басқа факторлар ІS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалтады. Мысалы, кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда ол жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай ІS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, ІS қисығы солға қарай қозғалады.

R

∆+G

∆+(Y-T)

∆+MPK

IS қисығын қозғалтатын айнымалылар

∆+T

 

Ү

2-cурет.

 

Жоғары айтылған тұжырымды Кейнс кресінің үлгісін пайдаланып көрсетуге болады.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 1173 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі| LM қисығын алгебралық жолмен шешу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)