Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Импорттаудың шекті бейімділігі

∆M

m/ =

∆Y

∆M – импортқа шығындардың өзгерісі

∆Y – табыс өзгерісі

 
 

 


1– сурет

Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылар және инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға да шығындарын өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Y көлеміне тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетулерді кіргізетін елдің жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс Y динамикасы мен оның таза экспортының Xn динамикасы арасындағы тәуелділік теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен көрсетіледі.

1- суретті талдасақ жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Y= E сызығын). Келтірілген сызба Кейнс кресі атауын алған. Y= E сызығында әрқашан нақты инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде табыс жоспарланған шығындарға тең және нақты инвестициялар мен қор жинақтары теңестіріледі, яғни макроэкономикалық тепе –теңдік орнайды.

Егер нақты өнім шығару көлемі Y1 тепе –теңдік көлемінен Y0 артса, онда ол сатып алушылар тауарды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындығын, яғни AD < AS білдіреді. Өткізілмеген өнім ТМҚ формасын алады, ол өспелі. Қорлардың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді, ал ол соңында ЖҰӨ - ді азайады. Біртіндеп Y1 Y0 – ге дейін төмендейді, яғни табыс және жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдігі орнайды (яғни AD=AS).

Керісінше, нақты өнім көлемі Y2 тепе – теңдік көлемінен Y0 кіші, фирмалардың тұтынушылар сатып алуға дайын көлемнен төмен шығаратынын, яғни AD>AS білдіреді. Көтерілген сұраныс фирма қорларының жоспарланбаған қысқаруы есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне ынталандыруды қалыптастырады. Соңында ЖҰӨ біртіндеп Y2 – ден Y0 – ге дейін өседі және қайтадан тепе – теңдік AD=AS орнайды.

 

3-СҰРАҚ.

Өнімнің тепе –теңдік деңгейі Y0 кез келген құрауышы: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік шығындар немесе таза экспорт көлемінің өзгерісіне сәйкес тербеле алады. Осы құрауыштардың кез келгенін өсірсе, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды және өнімнің тепе –теңдік деңгейінің өсуіне көмектеседі. Жиынтық сұраныстың кез келген құрауышының төмендеуі жұмысбастылық пен тепе – теңдік өнімінің құлдырауымен бірге жүреді.

Автономды шығындар құрауыштарының кез келген өсімі

∆A=∆(a +I +G +Xn)

Мультипликатор әсеріне байланысты жиынтық табыстың өсімі біршама үлкенірек болады.

Автономды шығындар мультипликаторы – тепе – теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатысты.

 

∆ Y

m =

∆ А

m – автономды шығындар мультипликаторы

∆ Y – тепе – теңдік ЖҰӨ өзгерісі

∆ А– Y динамикасынан тәуелсіз автонмды өнімдердің өзгерісі.

Мультипликатор жиынтық табыстың сомалық өзгерісі (қысқаруы) автономды шығындардың алғашқы өзгерісінен (қысқаруынан) қанша есе асатынын көрсетеді. Автономды шығындардың кез келген құрауышының бір рет өзгеруі, ЖҰӨ - ң көп рет өзгеруін тудыратынын ескеру қажет. Егер, мысалы, автономды тұтыну белгілі бір ∆СА көлеміне өссе, онда бұл жиынтық шығындарды және табысты Y дәл сол көлемге өсіреді, бұл өз кезегінде (табысты өсіргендіктен) тұтынудың туынды өсімін тудырад, бірақ енді МРС х ∆СА көлеміне өседі және ары қарай “табыс -шығын” айналым сызбасымен өседі.

Тізбе пайда болады:

∆СА ↑ →AD↑ → Y↑ → C↑ → AD↑ → Y↑ → AD↑ → Y↑ және т.б.

Осы қарапайым сызбадан жиынтық табыс Y алғашқы импульске ∆СА ↑ көп дүркін әсерлесетінін көруге болады, бұл автономды шығындар мультипликатор көлемінде бейнеленеді. Бұл C, I, G немесе Xn көлемдеріндегі салыстырмалы кіші өзгерістер жұмысбастылық және шығарылым деңгейінде үлкен өзгерістерді тудыратынын білдіреді. Мультипликатор, осылайша, автономды шығындардағы өзгерістер тудырған іскер белсенділік тербелісін күшейтетін экономикалық тұрақсыздықтың факторы болып табылады.

 

 


Сондықтан үкіметтің бюджет –салық саясатының негізгі міндеттерінің бірі тұтынудың шекті бейімділігі (МРС) көлемін салыстырмалы төмендету арқылы мультипликация әсерін әлсіретуге мүмкіндік беретін экономиканың енгізілген тұрақтандырушылар жүйесін құру болып табылады. Бұл мәселе ынталандырылған инвестициялар жағдайында күрделене түседі, өйткені өндірістің келесі циклінде өскен жиынтық табыс Y – тан жоғары тұтынушылық қана емес, сонымен қатар өсіп келе жатқан инвестициялық шығындар қаржыланады және супермультипликатор әсері пайда болады.

Рецессиялық үзіліс - тепе –теңдік ЖҰӨ -ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем.

∆У=рецессисялық үзіліс өлшемі * автономды шығындар мультипликаторының өлшемі

 

 
 

 

 


Егер нақты өнім шығару тепе – теңдік клемі Y0 әлеуетті Y* көлемінен төмен болса, бұл онда жиынтық сұраныс тиімсіз екенін білдіреді, яғни жиынтық шығындар AD=AS тепе –теңдікте болғанымен ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етуге жеткіліксіздігі экономикаға күйзелісті әсерін тигізеді.

Рецессиялық үзілісті жеңіп шығу үшін және ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін, жиынтық сұранысты ынталандыру және тепе –теңдікті А нүктесінен В нүктесін “ығыстыру” қажет. Сонымен қатар, тепе –теңдік жиынтық табыс өсімі ∆ Y қүрайды.

∆ Y – рецессиялық үзіліс көлемі

х- автономды шығындар мультипликаторының көлемі

Инфляциялық үзіліс –ЖҰӨ -ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс (жиынтық шығындар) кему көлемі.

Егер нақты шығарылымның тепе –теңдік деңгейі Y0 , әлеуетті Y* - тан үлкен болса, онда бұл жиынтық шығындар артық екнін білдіреді. Жиынтық сұраныс артықшылығы экономикада инфляциялық дүрлігіс тудырады: баға деңгейі өседі, өйткені фирмалар өндірісті өсіп жатқан жиынтық сұранысқа баламалы түрде кеңейте алмайды, өйткені барлық ресурстар жұмсалып отыр.

Инфляциялық үзілісті жеңу жиынтық сұраныстың ұсталып тұруын және тепе –теңдіктің А нүктесінен В нүктесіне “ауысуын” болжайды. Сонымен қатар жиынтық табыс ∆ Y қысқаруын құрайды:

∆ Y= - инфляциялық үзіліс көлемі * автономды шығындар мультипликаторының көлемі

 

Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмытылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімі инвестициялар өсімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе – теңдік ЖҰӨ -ң төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады.

 

Студенттерге арналған дайындық сұрақтары:

1. Жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігін талдаудағы классикалық, кейнстік экономикалық теориялар.

2. Инвестиция мен жинақтың сәйкесісздігіне әсер ететін факторлар.

3. Қысқа және ұзақ мерзімде АРС және АРS қалай өзгереді?

4. Нақты және жоспарланған шығындардың өзгеруі экономикаға қалай әсерін тигізеді.

5. Рецессиялық және инфляциялық үзілістер.

6. Үнемділік оғаштығы (парадоксы).

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. М: «Дело и Сервис»2001

2. ТарасевичЛ.С. Макроэкономика –СПб-2005

3. Макконнелл К., Брю С.,Экономикс/ Пер.с англ.-М.,2000

4. Р. Дорнбуш, С Фишер. Макроэкономика/Пер с англ.-М.,1997

 

 

Лекция


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 471 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Макроэкономикаға кіріспе. | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. | Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.| Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)