Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. E) негізгі және қосымша
  4. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі
  5. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.
  6. Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?
  7. Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары

Лекция жоспары:

1.Экономикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу әдістері. Жалпы ұлттық өнім және қор, мен ағын ұғымдары.

2. Атаулы және нақты жалпы ұлттық өнім.

3. Ұлттық есеп жүйесінің көрсеткіштері. Баға индексімен ЖҰӨ дефляторы.

4. Негізгі макроэкономикалық теңдіктер

1-сұрақ. Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теория­лардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Өкімет фирмалармен азаматтардың экономикалық ic-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлшерiн, және т.с.с. дерек алу мақса­тында үнeмi зерттеулер жүргiзедi. Алынған деректер бойынша әр түрлi статистикалық көрсеткiштер есептелi­недi, олардың жиынтығы экономикалық қалпын, жағдайын сипаттайды.

Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң тал­дауларында пайдаланады. Бұлар экономикалық көpiнic­тердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi. Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданы­лады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстары­ның жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтер үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.

ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң эконо­мика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, эко­номикалық ic-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ - дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:

1. Барлық экономикалық aгeнттep табысының жиынтығы.

2. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

ЖҰӨ - экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек. Бұған көз жеткiзу үшiн, бiз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемiн және басқа да coнымен байланысты көрсеткiш­терге талдау жасап, оқып - үйренyiмiз керек.

Ауыспалы көлем 2 түрге белiнедi - қор және ағын.

Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу ке­зiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын aнықтау қажет болады - қор ма, елде ағын ба, олардың арасын ­да тәуелдiлiк бар ма? Төменде бiрнеше бiр-бiрiмен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген:

· Тұтынушы заты - қор, оның табысы мен шығыны - aғын.

· Жұмыссыздар саны - қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны - aғын.

· Мемлекeттiк қарыз - қор, бюджет тапшылығы - aғын.

Жоғарыда қарастырылған түсiнiктердің көпшiлiгi "ағын" түciнiгiнe жатады. Мысалы: ЖҰӨ (ЖІӨ), инвести­ция, мемлекеттiк шығын, т.б.

Макроэкономикада маңызды деп есептeлeтiн "қор aғын" ұғымына жататын кейбiр көpceткiштeрдi қарастырамыз.

1. Инвестиция және негiзгi капитал. Экономикадағы капитал - бұл белгiленген, анықталған уақытта жи­нақтaлғaн тұpғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвес­тициялық шығындар - бұл белгiлi бiр уақыт аралығында негiзгi капиталды қолдаyға және капиталдың өcyiнe бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан төменгiдей қаты­насты алyға болады: К = К-1 + І

(1)

Мұндағы К - қарастырылып отырған жыл аяғында­ғы капитал қоры. Ал К-1 - қарастырылып отырған жыл аяғындағы жылдың капитал қоры. Қор өciмi (K- К-1) инвестиция ағымына тең.

2. Қор және байлық. Жоғарыда қapacтыpылған ''қор aғын" ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастырyға болады. қор S табыстың тұты­нудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалып­тасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi. W – W-1 = S

(3)

(W-W-1) - қор жинағының өciмi қорға тең.

3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвес­тuцuясының сальдосы.

"Қop - ағын" ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол арындары операция шоттары (СА) мен шетел инвести­циясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көр­ceтeтiн теуелдiлiк.

NIIP = NIIP-1 + СА

(4)

4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз. Бұл көрсеткiш мемлекеттің таза қарызының мелшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көpceтeді.

Dd - D d-1 – DEF

 

ЖҰӨ-де осы әр түрлi тауарлардың құны бiр жалпы көрсеткiш арқылы өрнектеледi. Мәселен, айталық экономикада 3 апельсин мен 4 алма өндiрiлсiн. ЖҰӨ-дi қалай есептеймiз?

Әр түрлi тауарлардың жалпы құнын есептеу үшiн, 6iз нарық 6ағасын олардың 6ағасы ретiнде қолда­намыз. Нарықтық 6ағаны қолдану се6е6iмiз тұтынушы­лар 6елгiлi 6ip тауар немесе көрсетiлген қызмет үшiн сол 6ағаны нақты төлеуге дайын. Егер де алманың 1 данасы 50 тиын тұрса, ал апельсиннiң 1 данасы 1 теңге турса, онда ЖҰӨ мынаған тең:

ЖҰӨ = (алма 6ағасы х алма саны) + (апельсин 6ағасы х апельсин саны) = (0,50 х 4) + (1,00 х 3) = 5,00. Барлық алма 6ағасына (2 теңге) 6арлық апельсин 6aғa­сын (3 теңге) қосамыз.

ЖҰӨ = 5 теңге.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 526 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лекция. Макроэкономикаға кіріспе.| Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)