Читайте также:
|
|
Себебі біреу-ақ: демократиялық қоғам орнаған жерде азаматтар өзін-өзі басқаруды жүзеге асыра алады азаматтардан-ұлттар, ұлттардан халық, халықтан келіп қоғамдық қатынастар туындайды. Олар біріне-бірі тәуелді немесе билік иелеріне бағынышты болмайды. АҚШ президенті Авраам Линкольн “Демократия-халық үшін, халық арқылы жүргізілетін халықтың билігі”, деген сөзді бекер айтпаса керек. Бұл әрине демократияға берілген анықтамалардың ішінде, біздің жиі естейтін, барлығымызға да түсінікті жалпы ұғым. Дегенмен, осы анықтаманы кеңірек талдайтын болсақ екі сұрақтың туындайтыны анық:
Халық билігі халықтық өздері шығарып өздері бекіткен заңдар арқылы ғана жүзеге асырады. Көп жағдайда демократия ұғымы бостандық, “Еркіндік” сөздерімен қатар қолдануына болады. Мағыналары жақын болғанымен бұл сөздер бір ұғымды білдірмейді. Әрине, демократия еркіндіктің негізінде өмір сүреді, бірақ оның жүзеге асуының басты шарты сол қоғамдағы заңдардың жиынтығы болып табылады. Демократиялық қоғам-мемлекеттік заңдарды мойындайтын азаматтардың қоғамы. Қысқасы- демократия еркіндіктің заңмен берілетін (немесе шектелетін) көрінісі.
Мемлекеттің барлық түрі заң арқылы өмір сүреді. Шексіз билік иелері-патшалар мен диктаторлар да императорлар мен корольдар да заң арқылы билік құрады, өздерінің әділетсіз істерін де жарлықың қалқасында жүргізеді. Сондықтанда заңның бәріне бас иіп, соның айтқанымен жүру барлық уақытта жақсылық бере бермейді. Мемлекет жариялаған заңның бәрі халық шығарған заң болып табылмайды. Тек қана халықтың қатысуымен өмірге келген заңдар ғана демократиялық жүйенің кепілдігі болып саналады. Кейбір жағдайларда билік иелері халықтың талқасына түспеген, қолдау алмаған заңдарды да өмірге ендіріп, азаматтардан сол заңды толық ұстануды талап етеді. Ондай заңдарды орындамауға, оны өзгертуге күш салуға азаматтардың толық құқығы бар.
2.Халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы жүргізеді. Халықтың өкіметті басқаруы-аса күрделі мәселе. Мемлекеттің барлық азаматтарының топырлап үкімет орындарына немесе заң шығару орындарында отыруын көз алдымызға елестете де алмаймыз. Және мойындауымыз керек, мемлекетті басқару оңай жұмыс емес, кез келген адамның қолынан келе бермейді. Олардың міндеті-халықтың ұсынған мәселесін, көрсеткен жобасын жүзеге асыру. Халықтық мемлекет билігіне араласуын қолдамайтындар “Машинаны бірнеше адамның бір мезгілде басқарғанын көз алдарыңызға елестеп көріңдерші,-деп дау айтады,- біреуі рільді бұрып, енді біреуі жылдамдықты басып, үшіншісі- тежегішті жібермей келе жатса, не болады?. Одан да басқаруды бір адамға тапсырайық, қайда баратынымызды, қалай жүретінімізді соның өзі білсе жетіп жатыр. Ал басқаларымыз сол машинаның ішіндегі жолаушылар боламыз….”
Бір қарағанда, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, сол жүргізушілерге басқару өкілдігін халық қана бере алатынын есімізден шығармайық. Үкіметті басқаратын жандар мен қоғамның өмір сүру заңдарын дайындайтын, оны бақылайтын адамдардың тобы сайлау арқылы бекітіледі, оларға нақты жауапкершілікті жүктеу арқылы ғана жүзеге асады. Сонда ғана олар халық өкілдері болып саналады. Талай билік иелері мен көсемдер халықты бақытты өмірге жеткіземіз деп “рульді” қолдан жібермей, мықтап ұстағанын тарихтан жақсы білеміз. Сол бағыттың дұрыстығына күмән келтірген немесе қателік көрсеткен жандарды басқаларға сабақ болсын деп, машинадан лақтырып кеткендері де белгілі.
Халық өздеріне берілген құқықтарды пайдалана отырып, өздері сайлаған жандардың билігін бақылай алады. Халық бақылауының жолдары көп. Бірақ ең негізгі жол-қоғамдағы жариялылықтың сақталуы. Мемлекетте қандай жаңалықтардың болып жатқанын білу-әр адамның табиғи құқығы, ал сол ақпараттарды үзбей жариялап отыру-үкіметтің халық алдындағы міндеті болып табылады.
Жариялылықтың басты механизмі- ерікті ақпарат құралдары. Газеттер мен журналдар, теледидар мен радио қызметкерлері, журналистер қоғамдағы әр-бір құбылысты қалт жібермей аңдып отырады. Әсіресе билік орындарының жіберген қателіктері, жасаған заңсыздықтары қылмыстары халықтың көзінен таса болмау керек.
Бұл бағытта азаматтардың өздері ұйымдастырған сан түрлі қоғамдық бірлестіктер де үлкен жұмыс істейді. Адам құқығын қорғау ұйымдары мемлекеттегі адамдардың жеке басының еркіндігінің бұзылмауын бақылауға алса, саяси партиялар билік тұтқасын ұстап отырған саяси күштің бағдарламасынан бастап сайлау кезіндегі берген уәдесіне дейін жіпке тізіп, тексеріп отырады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттік тұлғаның, саяси қайраткерлердің моральдық адамгершілік бейнесі жұртшылықтың көз алдында болады. Сөз жоқ, мұндай “бақылау” билік орындарында отырған жандарға ұнай қоймайды. Кейбір елдер баспасөздің еркіндігін шектейтін заңдар шығарып, теледидардан үкімет орындарын, олардың іс қимылына сын айтатын хабарларды көрсетпеуге күш салады. Билік орындарының не істеп, не қойып жатқанын қарапайым халық білмеген уақытта, олардың бақылаудан кеткені деп толық айтуға болады.
Кіметтің жұмысын бақылау, оның жіберген қатесін көрсетуі, қажет деп тапқан жағдайда есеп талап ету- оған “қара күйе жағу”, “жамандау” болып табылмайды. Жан-жақты дәлелденген сындарды сын халыққа да көптеген мәлімет береді. Олар өздері сайлаған өздері ақша беріп, жұмыс істеп отырған қызметшілердің, иә-үкімет-халықтың қызметшісі, егер оны көпшіліктен жоғары тұрған төре бастық деп түсінсек халық билігі ешқашан, орнамайды, салтанат құрмайды, қай деген де қалай жұмыс істеп жатқанын әрқашан біліп отыруға құқылы.
Кімет орындарының жұмысын биліктің тағы бір буыны-сот орындары да бақылап отырады. Демократиялық қоғамдағы сот жүйесі сол кезеңде жұмыс істеп тұрған Заңнан басқа ешкімге де бағынбайды. Сот алдын да, заң алдында атақ та, даңқ та, қызмет пен лауазым да ешқандай роль атқармайды-азаматтардың бәрі тең.
Ысқасы демократиялық қоғамда үкіметтінде, президенттің де іс-қимылы халық өкілдері қабылдаған заңмен қатаң шектеледі, мемлекеттен бастап жеке азаматтарға дейін сол заңдардың сақталуын бақылауға алады.
“Демократия” деген сөздің аудармасын бәріміз білеміз, яғни “халық билігі”. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 203 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады. | | | Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі. |