Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады.

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. Бұл жағдай рахит процесінің қандай сатысына сәйкес келеді?
  3. Ісіну – бұл
  4. Премьер-министр саяси басшылығына, оны барлық халық сайлаған жоқ, сондықтан береді де төмен болады.

ЖОСПАР

 

І.Кіріспе

 

ІІ.Негiзгi бөлiм

 

Демократия – қоғам мен мемлекеттің өркениетті дамуының негізі

 

Тоталмтарлық-авторитарлық жүйеден демократияға өту кезеңі

Саяси жүйелер және демократиялық құрылым

 

ІІІ.Қорытынды

Олданылған әдебиеттер тізімі


КІРІСПЕ

Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады.

Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым.

Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды.

Ділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс.

Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с.

Демократия ел мәдениетінің дамуын суреттейді. Демократия принциптері тең адамдар арасында, қоғамда мәдени қарым- қатынаста жүзеге асады. Қоғам өмірі жақсы жұмыс істеу үшін - өзара келісім керек.

Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын жерде ешқандай демократия болмайды. Көзқарас, пікір ашық айтылса қандай істің де келешегі түзеліп, жөнделе бастайды. Егер ел демократиялық деп сыртқа айтылып, ал іс жүзінде оның негізгі принциптері орындалмайтын болса, онда оны демократиялық қоғам, құрылым деп айта алмаймыз. Яғни, демократиялық қоғамның негізгі принциптері жүзеге аса бастаса, оның өзгеріп, алға жылжуына септігін тигізеді.

Осы кезге дейін демократиялық жүйенің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болып келді. Бұл құрылым - әр елде өзінің жағдайына қарай бұдан кейін де дамып, өз табиғатына байланысты өзгеретін, алға жылжып, өзін - өзі толықтырып отыратын демократиялық қоғам.

Демократия - қоғам мен мемлекеттің өркениетті

Дамуының негізі

Адамзат бірлесе өмір сүре бастаған мыңдаған жылдар бойында “қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын” молшылық заманды армандады. Сонымен бірге осындай тамаша заманның алғашқы шарты қоғамдағы адамдардың арасындағы келісім, өздерін-өздері билеп, қызмет көрсету екені де белгілі болатын. Тарихтың беттерінде талай қоғамдық жүйенің түрлері, мемлекетті басқарудың жолдары қалды. Халық та, хан да барлық адамдардың көңілінен шығатын, еркіндік пен молшылықты қатар қамтамасыз ететін, азаматтар мен үкіметтің арасындағы қарым қатынасты реттейтін жан-жақты жүйені ойлап табуға ұмтылмас жасады. Әр адамның әр-бір топтың, ұлттың, таптың өз көзқарасы бар қоғамдық өмірде барлық жақтың да көңілінен шығатын жаңа жүйе табу, оны орнату оңай жұмыс емес.

Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады.

Біріншіден, демократияны-азаматтардың бәрінен де көңілінен шығатын, өмір бойы армандаған асыл мұрат деп түсінбеуіміз керек. Демократияның артықшылығы да осында-ол өзінің кемшіліктерін, әлі де шешімін таба алмай жатқан мәселелері бар екенін ешқашан жасырмады. Сол бір қиын түйіндерді қоғамның барлық мүшелері бірлесе отырып шешуге мүмкіндік туғызуда. Сондықтан Демократияны “Құран сөзі” деп қабылдайтындар қатты қателеседі.

Екіншіден, шынында да талай тәжірибелерді алдымызға жайып беретін тарих беттерінде бүгінге дейін демократиядан артық, одан қолайлы ешқандай жүйе жоқ. Демократияның заңдары догма емес, ол кез келген өзгеріске дайын және қоғаммен бірге жетіліп, дамып отырады.


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі. | Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады. | Демократия – охлакратияға айналады. | Премьер-министр саяси басшылығына, оны барлық халық сайлаған жоқ, сондықтан береді де төмен болады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ILLUSTRATION credits| Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)