Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.

Читайте также:
  1. I бөлім – Жалпы патофизиология
  2. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  3. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  4. Биосфера туралы жалпы түсінік
  5. Жалпы қоладныстағы телефон желілерін құрудың негіздері
  6. Жалпы медицина факультеті, 4 курс, 422 топ студентінің портфолиосы
  7. Жалпы медицина» 2 курс 2014 – 2015 оқу жылы.

2.Қоғам мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;

Оғамдық құрылымның арман-ансары және соған сәйкес көзқарастар демократияның көпшілік бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр басқа түсінген. Оның үстіне, әр алуан елдерде олардың ұлттық тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көптүрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады.

Ондай белгілерге төмендегілер жатады:

Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне сөз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен, референдум арқылы заңдар жетілдіреді және қабылданады. Сондықтан, АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға “халық үшін халық сайлаған халық билігін” жатқызады.

Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.д.д.V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродат сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтатынын алға тартқан еді. Теңдік барлық салада-халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда. Оны орындауда және т.т.с.-болуға тиіс.

Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдені және т.т.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр-түрлі келеді. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Бұл екеуі жалпы және барлығына бірдей қоғамдық, саяси өмірдегі демократиялықтың негізі һәм қорғаушысы есепті. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ал бұған кереғар қимыл-әрекет атаулыға тыйым салады, тәртіп бұзғандарды жазалайды.

Демократияның алуан-түрілік теориясы саясат ісіне барлық азамат тікелей қатысу ойынан бас тартты. Демократияның антикалық және классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді тек дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оның шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни азамат саяси барысының басты тұлғасы болудан қалады. Өйткені бұл қисын саясат жұмысының өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде ғана емес, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен осы көзқарасты жақтаушылар қазіргі демократиялық мемлекетте саясат серкесі-жеке тұлға емес, халық емес, топ деп тұжырымдайды. Бұл ой-түйін дарашылық және ұжымдық байламдар арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай. Қоғамда экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени және тағы басқа көп деген мүдделер туындайтыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар төбе көрсетеді. Қандай адамда осындай белгілі бір топтың(отбасылық, этникалық, мамандық, діни аймақтық және т.с.с.) өнімі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік ашады.

Демократияның міндеті-қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашық айтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерге өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу.

Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған - Артур Бентли (1870-1957) ол үлкен мағынасындағы мемлекеттің мақсаты саяси іске әртүрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты “түнгі күзетші” ретінде емес, топтың мүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.

Демократияның алуан түрілік теориясының тағы бір ерекшелігі-биліктің араласуы, сіңуді (диффузиялануы) яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип) саяси жарысқа қатысушы түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.

Демократияның төбетоп (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген нысанға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар, саяси шешімдерді аз ғана санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси қаракетке таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүддесін қорғап, саяси шешім қабылдауды, кәсіби саясаткерлерге жүктеуге көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіптенген маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялық тетіктерді ұтымды пайдалана алады. Төбетоптар өзара күресе білсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді.

Жоғарыда аталған тұжырымдардан басқа, демократияның марксистік байламы бар. Ол Руссоның ұжымдық қисынына ұқсас. Бірақ, Марксистер демократиялық таптың мәніне баса көңіл береді. Францияның саясатшысы М.Рокар “ақпараттық демократия” деген тұжырымдаманы шығарды. Оның ойынша қазіргі демократия сайланған адамдар ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы кезде демократияның экономикалық теориясы алға тартылып жүр. Ол саясат-билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады.


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады. | Демократия – охлакратияға айналады. | Премьер-министр саяси басшылығына, оны барлық халық сайлаған жоқ, сондықтан береді де төмен болады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?| Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)