Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биосфера туралы жалпы түсінік

Читайте также:
  1. E. Адамның физиологиялық қасиеттері туралы ғылым.
  2. I бөлім – Жалпы патофизиология
  3. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  4. VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе
  5. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
  6. Атом туралы кванттық түсініктер.

Жоспар

Кіріспе. 2

Биосфера туралы жалпы түсінік. 2

Биосфераның химиялық құрамы.. 7

Биосфера құрылысы.. 8

Техносфера. 11

Биосфера қалай пайда болған?. 11

Биосферадағы тіршілік туралы қазіргі көзқарастар. 15

Қолданылған әдебиеттер тізімі 17

 

 

Кіріспе

 

Қазiргi биосфера барлық тiрi организм мен олардың тiршiлiк ортасын қамтитын көптеген құрамды бөлiктерден тұратын күрделi жүйенi құрайды.

Биосфераның пайда болуы мен оның тарихи дамуы қазiргi жаратылыстану ғылымының өзектi мәселелерiнiң бiрi. Бұл мәселеде әлi де шешуiн таппаған құпия сырлар көп-ақ. Жалпы тiршiлiк химиялық қосылыстардың өте ұзақ уақыт аралығында биологиялық эволюцияға ауысуының нәтижесiнде пайда болған деген көзқарастар бар.

Биосфера ұғымын ғылымға алғаш рет француз жаратылыстану ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) енгiздi. Ал биосфера ұғымын геология ғылымына австрия ғалымы Эдуард Злосс (1831-1914) кеңiнен енгiздi. Биосфера туралы iргелi бiртұтас iлiмнiң негiзiн көрнектi орыс ғалымы В.И. Вернадский салды (1863-1945). Ол өзiнiң дарындылығы арқылы қазiргi жаратылыстану ғылымының барлық салаларында елеулi iз қалдырды. Оның шығармашылық шыңының бiрi 1926 ж. биосфера туралы iлiмiн жасауы болды.

1926 ж. Вернадский Ленинградта, 3 жылдан соң Парижде және бiрнеше жылдан кейiн Берлинде “Ғарыштағы биосфера”, “Биосфера” деген аса құнды ғылыми еңбектерiн жазды. Ол жер бедерi кездейсоқ құбылыстардың нәтижесiнде пайда болмаған, оған керiсiнше өз шекарасы бар, жердiң геологиялық қабағы болып саналатын биосфераның ерекше әсерi болғанын атап көрсеткен. Ол өмiрiнiң соңғы жылдарын биосфера қабығының құрылымдық ерекшелiктерiн талдауға арнады. Осындай ғылыми зерттеулерiнiң нәтижесiнде “Жердiң және оны қоршаған ортаның бисферасының химиялық құрылысы” деген iргелi еңбегiн жазды. Бiрақ оны шығаруға үлгере алмады. Оның бұл еңбегi 1965 ж. жарық көрдi. Бұл еңбегiнде ғалым биосфера эволюциясы туралы өз ойын қысқаша тұжырымдай келе: “Адамзат жалпы алғанда, өте ықпалды геологиялық күшке айналуда. Ол, ақыл-ойы мен еңбегiнiң алдына еркiн ойлай алатын адамзаттың қажетi үшiн бiртұтас биосфераны қайта құру мәселесiн қойып отыр” деп, аса көрегендiкпен ескерткен болатын.

 

Биосфера туралы жалпы түсінік

 

Биосфера алғашқы тiршiлiк пайда болған кезден бастап үнемi өзгерiп келедi. Биология эволюциясының нәтижесiнде сан алуан түрлер пайда болды, олардың құрылысы да күрделенiп отырды және олардың биомассасы да артып отырды.

Жер тарихында көптеген геологиялық өзгерiстер болып тұрды, соның нәтижесiнде организмдердiң бiр тобы жойылып, бiр тобы жаңадан пайда болып отырды.

Биосфера эволюциясының нәтижесiнде негiзгi тiршiлiк ортасы бiрте-бiрте белгiлi бiр реттiлiкпен және заңдылықпен қайталанып тұрды. Қорыта айтқанда жердiң биосферасындағы негiзiнен ерекше 5 кезең айқын байқалады.

1 Сулы ортада тiршiлiктiң пайда болуы және дамуы.

2 Тiршiлiктiң жаңа ортасы селбесiп тiршiлiк ететiн гидробиоптар, симбиоттардың (паразит, мутуалистер т.б.) пайда болуы.

3 Оранизмдердiң құрлыққа таралуы арқылы жаңа тiршiлiк ортасын (құрлық, топырақ, ауа) игеруi.

4 Адамның пайда болуы және оның биологиялық түрден әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналуы.

5 Адамның ақыл-ой, санасының арқасында биосфераның жаңа сапалық - ноосфера деңгейiне ауысуы.

В.И. Вернадскийдiң анықтамасы бойынша “Биосфера” Жер ғаламщарының тiршiлiк таралған ерекше қабығы. Ол биосфераның тек өзiне ғана тән ерекшелiгiн бөлiп көрсеттi. Оның бiрiншiден - тек биосферада ғана тiршiлiк бар, ал екiншiсi – тек биосфера ғана күн энергиясын сiңiрiп, пайдалануға қабiлеттi деген тұжырымдар едi.

Қазiргi көзқарас бойынша “Биосфера – Жер ғаламшарында кездесетiн барлық тiрi организмдердiң және ол организммен үздiксiз алмасуда болатын заттардың жиынтығын құрайтын ерекше қабығы”.

Биосфера – атмосфераның төменгi бөлiгiн, гидросфераны және литосфераның жоғарғы бөлiгiн қамтиды.

Биосфераның құрамды бөлiктерi:

 

Жер қабықтары Тiршiлiктiң таралу шекарасы Құрылыс ерекшелiктерi және маңызы
I Атмосфера негiзiнен 10 түрлi газдардың жиынтығынан тұрады. Көбiрек кездесетiн газдар: N»78% O2»21% SO2»0.03% және т.б. 20-25 км биiктiкке дейiн кейбiр бактериялар мен саңырау-құлақтардың споралары кейде одан да биiк қабаттарда кездеседi. 1) Тропосфера – атмосфераның 15-17км дейiнгi қабаты. Ондағы ауа құрамындағы су булары әсер бетiнiң қызуына сәйкес үнемi алмасып тұрады. Атмосферадағы газдың 80% осы қабатта шоғырланған. 2)Стратосфера–тропосферадан жоғары 40-80 км дейiнгi қабатты қамтиды. Оның 20-30 км биiктiк қабатында жер бетiндегi тiршiлiктiң сақталуын қамтамасыз ететiн озон қабаты орналасқан. 3) Ионосфера– стратосферадан жоғары жатқан қабат – онда газдар ашыраулы күйде кездеседi, тiршiлiк таралмаған.  
II Литосфера көбiрек кездесетiн элементтер: O, Si, Al, Fe, Ca, Mg, Na, K. 6-8 м тереңдiкке дейiн тiршiлiк кеңiнен таралған (кейде 100 м тереңдiкке дейiн де тiршiлiк кездеседi) Шөгiндi және магмалық жыныстардан тұратын жердiң қатты қабығы. Оның астында граниттi және базальттi қабаттар орналасқан. Құрлықтағы литосфераның беткi қабатын топырақ құрайды. Оны педосфера деп те атайды. Топырақ қабаты атмосфераның, гидросфераның және тiрi организмдердiң әсерiнен өзгерiп отырады. Топырақ құрамында организмдердiң қалдықтары, тау жыныстары, минералдар, органикалық заттар, тiрi
III Гидросфера - (Жер бетiнiң 70%) көбiрек кездесетiн элементтер: Na+,Mg2+,Ca2+, Cl-, S, C. 11 км тереңдiкке дейiн тiршiлiк таралған. Атмосфера мен жер қыртысының арасындағы жердiң сулы қабығы. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдiгi 3,8 км. Мұхит суында ерiген күйiнде 100-ге жуық химиялық элементтердiң қосылыстары кездеседi. Өсiмдiктер мен жануарлар үшiн O2 мен СO2 маңызы зор. Дүниежүзiлiк мұхиттардағы органикалық планктондар мен бентостар деп бөлiнедi. Планктондар – судың түрлi қабаттарында таралған. Бентостар су түбiнде шөгiндi жыныстар түзiледi. Мұхиттар ауа райының қалыптасуына көмектеседi.

В.И. Вернадский өзiнiң биосфера туралы iлiмiнде биосфера құрамына беретiн заттарды бiр-бiрiнен ерекше айырмашылығы бар 7 топқа бөлiп қарастырады.

Биосфера құрайтын зат Оның ерекшелiктерi
1. Тiрi заттар (организмдер) Жеке даралардан тұратын барлық тiрi организмдердiң жиынтығы. Оған адам да жатады.
2. Биогендi заттар Тiрi организмдердiң тiкелей тiршiлiк әрекетiнiң нәтижесiнде пайда болған және күрделi өзгерiске ұшыраған заттар (тас-темiр, мұнай, тақтатас, атмосферадағы кейбiр газдар)
3. Жанама заттар Тiрi организмдердiң қатысуынсыз түзiлетiн қатты, сұйық және газ күйiндегi заттар (вулкан атқылаудан пайда болған немесе Жер қойнауындағы қысымның, температураның әсерiнен түзiлетiн жыныстары)
4. Биожанама заттар Әрi тiрi организмдерден, әрi қоршаған ортаның бейорганикалық қосылыстарының қосылуынан пайда болған заттар. Бұл кезде тiрi организм басты рөл атқарады. Оған топырақ жатады.
5. Радиоактивтi заттар Табиғи түрде кездесетiн кейбiр радиоактивтi элементтердiң изотоптары жатады.
6. Шашыранды күйiндегi атомдар Космостық сәулелерлердiң үздiксiз әсер етуiнен түзiлетiн әрi тек биосфераға ғана тән заттар.
7. Шығу тегi космосты заттар Метеориттер, космостық шаң-тозаңдар.

 

Биосфераның пайда болуы үшiн белгiлi бiр жағдайлар қажет. Ондай қажеттi жағдайлар мыналар жатады:

1. Судың болуы. Су – биосферада ең көп таралған затқа жатады. Су – бiрден-бiр ерiткiш зат. Тiрi организм үшiн су негiзгi iшкi ортаны құрайды. Тiрi оргнизмдердiң денесiндегi сан алуан реакциялардың бәрi де тек судың қатысуымен жүредi.

2. Күн сәулесiнiң болуы. Барлық тiрi организм пайдаланатын энергияның бастыпқы көзi – Күн энергиясы. Күн энергиясын жасыл өсiмдiктер фотосинтез үрдiсi кезiнде өзiне сiңiредi. Соның нәтижесiнде өз мүшелерiнде органикалық заттар түзедi және сiңiрген энергияның бiраз бөлiгi космос кеңiстiгiне жылу түрiнде таралады.

3. Сұйық, қатты, газ күйiндегi заттардың жиынтығының болуы. Оған бiр-бiрiмен тығыз байланысқан, әрi бәрi бiрiгiп бiртұтас қызмет атқаратын гидросфера, литосфера және биологиялық айналымдар жүзеге асады. Оған мысал ретiнде табиғаттағы судың айналымы.

4. Атмосфераның, гидросфераның және литосфераның өзараларын бөлiп тұратын шекараның болуы да биосфераның өзiне тән ерекшелiгi болып саналады.

Биосфера туралы iлiмде биосфераның негiзгi қасиеттерiне де ерекше қөңiл бөлiнiп, арнайы ұғымдар қалыптасқан:

Биосфераның негiзгi қасиеттерi Олардың басты ерекшелiктерi
1. Биосфера – орталықтандырылған жүйе. Биосфераның орталық жүйесiне барлық тiрi орг. жатады. Қазiргi кездегi биосфераның дәл осындай қалыпқа келуi тiкелей тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiне байланысты. Биосфераның кейпiн тiрi организм белгiлейдi. Бiрақ та адамзат биосфераның бұл қасиетiне мән бермей келедi. Қазiргi кезде биосфераның орталық жүйесiне тек адамды ғана қою өрiс алып келедi, бұл қате пiкiр.
2. Биосфера – ашық жүйе. Кез келген ашық жүйе сырттан энергия қабылдайды. Биосфераға космостық күштер әсер етедi, әсiресе күн белсендiлiгiнiң әсерiнен Жердiң магниттiк өрiсi өзгередi де, ол өз кезегiнде тiрi организмдердiң тiршiлiк әрекетiнiң өзгеруiне әсер етедi.
3. Биосфера - өзiн-өзi реттеушi жүйе. Бұл тiрi организмдердiң құрылымдық ерекшелiгiнен байқалады. Бұл қазiргi кезде ғылымда гомеостоздық қасиет деп аталады. Ол әр бiр организмнiң тiршiлiгiне қажеттi қалпын сақтаумен ерекшеленедi. Биосферада болатын күрт ауытқулардың нәтижесiнде организмдердiң iшкi ортасы бұзылып, оларға зиянды әсер етедi. Ғалымдардың пiкiрi бойынша биосферада болған осындай ауытқулардың әсерiнен жалпы тiрi организмдердiң 80 жуығы Жер бетiнен мүлде жойылып кеткен.
4. Биосфера сан алуан түрлiлiк сипаттағы жуйе Кез келген табиғи жүйе өзiнiң сан алуан түрлiлiгiмеен ерекшеленедi. Биосферадағы сан алуан түрлер бiр бiрiмен күрделi әрi тұрақты қоректiк тiзбектер арқылы және т.б. жағдайлармен байланысты. Сондықтан да биосферадағы сан алуан түрлiлiк кез-келген бiрлестiктiң және биосфераның бiртұтастығын сақтауының негiзгi көрсеткiшi болып саналады. Қазiргi кезде ғылымға белгiлi түрлердiң саны 2 млн. деп есептелiнедi. Ал әлi де ғылымға белгiсiз түрлердiң саны Жер бетiндегi қазiргi белгiлi түрлерден 2-3 есе көп деген пiкiрлер бар.
5. Биосфера – кейбiр элементтердiң тұрақты айналымы жүзеге асатын жүйе. Көптеген химиялық элементтер мен қосылыстардың айналымы арқылы биосферадағы үрдiстердiң үздiксiз жүруi қамтамасыз етiледi.

 


Биосферадағы кейбiр элементтермен химиялық қосылыстардың айналымы арқылы биосфераның өзiнiң тарихи дамуында қалыптасқан тұрақтылығын сақтай алады.

       
   

 

В.И. Вернадский биосфера туралы iлiмiнде тiрi организмдердiң биосферада атқаратын қызметi биосфера құрылысын айқын көрiнiсi екендiгiне де үлкен мән бердi. Он түрлi организмдердiң бес түрлi қызметiн атап көрсеттi. Оларға: газдың, жинақтаушының, тотығу-тотықсыздану, биохимиялық және адамның тiкелей биохимиялық қызметтерiн жатқызды.

Тiрi организмдермен қоршаған орта арасындағы байланыс арқылы геологиялық және биологиялық айналымдар жүзеге асып, табиғатта тепе-теңдiк қалыптасады, биогеохимиялық үрдiстердiң заңдылықтары және әсер бетiнiң биосферасының тұрақтылығы сақталады. Табиғаттағы тепе-теңдiктiң бұзылуына кейбiр кездерi адамның алдын-ала ойланбай жүргiзген iс-әрекеттерi зиянды әсер етедi. Соның нәтижесiнде мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан байланыс тiзбектердiң ретi бұзылады да, бұл биосферадағы жалпы тiршiлiк атаулыға, соның iшiнде адамның өз өмiрiне де зиянды әсер ету мүмкiн.

Биосфера дамуының заңдылығының бiр алдын-ала ойланбай жүргiзген iс-әрекеттерi зиянды әсер етедi. Соның нәтижесiнде мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан байланыс тiзбектердiң ретi бұзылады да, бұл биосферадағы жалпы тiршiлiк атаулыға, соның iшiнде адамның өз өмiрiне де зиянды әсер ету мүмкiн.

Биосфера дамуының заңдылығының бiр көрiнiсi адамның пайда болуымен ерекшеленедi. Адам биосфера дамуының жемiсi, сондықтан адам биосфера заңдылықтарына бағынады, бiрақ адам өзiнiң ақыл-ой, санасы арқылы басқа организмдерден үлкен айырмашылық жасайды. Адамның еңбегiмен санасы арқылы биосфераның жаңа деңгейәi көтерiлгендiгi айқын байқалады. Биосфераның бұл деңгейiн Вернадский ²Ноосфера² (саналы қабық) деп аталатын ноосфера – еркеше ²noos² - ақыл-ой, сана деген ұғымды бiлдiредi. ²Ноосфера² ұғымын 1927 жылы ғылымға алғашқы енгiзген француз ғалымдары Э. ле Руа және палеантолог П.Т. де Шарден.

 


Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 994 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Классификации экосистем| Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)