Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.

Читайте также:
  1. Демократия и ее основные ценности и признаки. Проблемы современной демократии. Делегирование властных полномочий. Парламентаризм.
  2. Демократия – билік түрі
  3. Демократия – охлакратияға айналады.
  4. Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?
  5. Мұнай, газ және суды жинаудың қазіргі жүйелері
  6. ЫЗДАР ЖІГІТТЕР ГРАФИКТЕ АҚША СҰРАНЫСЫ КЕРІСІНШЕ БОЛАДЫ СЫЗЫҒЫ. МЕН СЫЗЫҚПЕН КӨРСЕТІП ҚОЙҒАН

Демократияны: 1.тура

2.плебесцитарлық

Кілдік демократия деп бөледі.

Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады. Халықтық белсенділігін дамытып тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын, бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді; билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды; басқарушы төбетоптың халықтан алшақтауына мүмкіндіктердің бюрократтауына жібермейді.

Тура демократияға референдум плебесциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кең тараған. Мысалы, Францияда ірі референдумдар Конституция (1958 жыл) және Алжир автономиясы (1961 жыл) туралы өттті. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.[1]

Азақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілеттігі ұзартылды, 1995 жылы Конституция қабылданды.

Тура (төте) демократияда қоғамның барлық азаматтары мемлекет шешімдерін қабылдауға сайланған немесе тағайындалған өкілдердің араласуынсыз- ақ өздері тікелей қатыса алады. Мұндай системе шағын ұйымға ғана тиімді. Мысалы, қауымдық ұйымның немесе тайпалық кеңестің не кісіподақ ұйымының жергілікті бөлімшесінің мүшелері оңаша бөлмеде кездесіп, мәселелер қарап келісімге келеді немесе көп дауыс алу арқылы шешімдер қабылдай алады. Демократияның тарихы отаны ертедегі Афинада 5000-нан 6000-ға дейін, сірә бұл жерге жинала алатын адамдардың мөлшері болуы керек, адам жиналып, төте демократияны іске асырып отырған. Төте демократияның күрделі де көлемді жаңа қоғамда мүмкіндіктері аз. Тіпті Америка құрама Штаттарының шығысында, Жаңа Англияда, қалалық жиналыстың салтын сақтап, оны қастерлеп өткізіп тұратын жерлерде көптеген қауымдар іске көтеріп, ұлғайған, кезде барлық тұрғындардың бір жерге жиналып өз өмірлеріне тікелей байланысты мәселелерді төте дауыс беру арқылы шешуі қиындық туғыза бастады. Қазіргі кезде халық санының өсуі, тура демократияны жүзеге асыруға қиындық әкеліп отыр. Сондықтан жаңа өкілдік демократия қоғамдық билікте көрініс тапты. Бұл миллиондаған халқы бар ел үшін де демократияның саяси шешімдер қабылдау үшін өкілдер сайланатын, заңдар жасап, халық игілігіне арналған бағдарламаларды іске асыратын кең тараған түрі өкілдік демократия. Мұндай өкілдер күрделі мемлекеттік мәселелерді барлық уақыты мен күшін салып жүйелі түрде салмақтап шешіп отырады. Мұндай мәселелерді азаматтардың көпшілігі бас басына тиімді шеше алмаған болар еді. Осындай өкілдерді сайлаудың толып жатқан әдісі бар.

Сонымен мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей олар көптеген жақсы жақтармен сипатталады. Сонымен қатар, олардың осал жерлеріде бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ.

 

Саяси жүйелер және демократиялық құрылым.

 

Мемлекеттің түрлерін, қоғамдағы алатын орны мен қызметін анықтаудың алдыңғы саяси жүйе деген ұғымға тоқтала кетейік. Себебі мемлекетте қоғамның саяси жүйесіндегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Адамзат қызметінің түрлері өте көп. Біреулер мал бағып, егін салса, енді біреулер бала оқытып, тәртіпті бақылайды. Бұл еңбектердің бәрі де сол адамның өзін де, қоғамға да пайда берер: сөзсіз, сонымен қатар “Саясат” деп аталатын ерекше қызметтің түрі бар. Оның ерекшелігі-қоғамдық өмірге тигізетін әсері деп білуіміз керек. Қоғамның өзгеруі мен дамуына, бұзылуы мен жанғаруына жауапты болатын саясаткерлер көпшілікпен, әлеуметтік топтармен, түрлі көзқарастың иелерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Саяси қызмет белгілі бір тәсілдерді механизмдерді және соны жүзеге асыратын құрылымдарды талап етеді. Адамзаттық тарихи даму барысында сол құрылымдарда пайда болып, қоғамдық өмірден өзінің орнын алады. Олар – саяси жүйе мен мемлекет.

Саяси жүйе – сан саланы қамтитын қоғамдық, мемлекеттік, саяси ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Солардың қызметінің арқасында ғана қоғамдық билік орнайды, заң мен тәртіп жүзеге асады. Саяси жүйенің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызамыз:

Халықтық билікке араласуын қамтамасыз ету. Демек саяси жүйенің аясында адамдлардың, ұйымдар мен бірлестіктердің саяси қызметі жүзеге асады. (Бұл жерде демократиялық саяси жүйе туралы айтып отырмын. Егер диктатуралық немесе тоталитарлық биліктің түрі болса, адамдардың саяси қызметінің шектеулі немесе мүлдем тоқтап қалуы мүмкін).

Саяси жүйе азаматтардың құқықғы мен еркіндігін қамтамасыз етеді. (Немесе оларды шектеулі жүзеге асырады). Саяси жүйеге, саяси қарым-қатынастар, саяси ұйымдар, саяси көзқарастар мен идеологиялар жатады. Саяси жүйенің басты белгісі мемлекет болып табылады. Барлық саяси жұмыстар, идеологиялық таластар, өзгерістер мен жануарлар мемлекеттің қол астында жүріп жатады. Алғашқы мемлекеттерден бастап бүгінге дейін осы бір күрделі де негізгі құрылымға деген түрлі көзқарас толастаған жоқ. Адамдар қауым болып бірге өмір сүрген соң барлығы да бағынып, айтқан сөзін тыңдайтын, тәртіп пен тыныштық орнататын және соның кепілі бола алатын, бір орталықтың, құрылымның керек екені де сөз жоқ. Бірақ сол құрылым (мемлекет) халықтың тілегін атқап, мүддесін жүзеге асыра алады ма, әлде қоғамды құлдыратып, ыдыратып, езіп жаншитын басқару орны болады ма? Олар қоғамды қалай басқарады? Басқаратын жандар кімдер болу керек? Халықтың көңілінен шықпаған жағдайда, оларды қалай ауыстыру керек? Деген көптеген сауалдарға өз заманының зиялы адамдары жауап іздеген. Біреулер мемлекеттің қажеттілігін аспанға көтере мақтаса, енді біреулер оның кемшіліктерін көрсетіп, ондай құрылымды мойындағысы келмейді. Грек философы демоакрит (б.э.д. 370-460ж) мемлекет қоғамның әділдігін қамтамасыз етеді деп санаған “жақсы мемлекет мықты қоғам сияқты: оның ішінде бәрі дер бар, мемлекет сақталғанда, оның ішіндегілер де сақталады, ал ол күйрегенде, онымен бірге бәрі де апатқа ұшырайды”-дейді ол.

Римнің әйгілі шешені, мемлекет қайраткері Цицерон (б.э.д. 43-106ж.) да мемлекетті – халықтың байлығы деп түсінген. Бұларға қарама қарсы иелері анархистер деп аталады, олар мемлекетті жеке адамның еркіндігін шектейтін, зорлық арқылы билік жүргізетін құрылым деп санады. Анархизмнің негізін салушылардың бірі М.А. Бакуниннің “Егер мемлекет болса, міндетті түрде билік болады, ал билік дегеніміз – біреулер үшін құлдық болып табылады….” Деген сөздері бар.

Енді мемлекеттің басқару түрлеріне шолу жасайық. Басқару түрлерін анықтаудың ең қарапайым, оңай жолы билеушілердің құрамынан-ақ көрінеді. Егер мемлекетті бір адам басқарса және оның билігі тұқым қуалап, әкеден балаға мирас болып отыратын болса, ондай басқару түрін – монархия деп атайды. Егер елді халықтың ішіндегі белгілі бір әлеуметтік топ басқарса, оны басқарудың аристократиялық жолы дейміз. Ал басқарудың үшінші түрі – халық билігі немесе демократия. Басқару түрлеріне қарай, “қоғамдпа әділ билік жүргізіліп” немесе ”ондай қоғамда тек әділетсіздік орын алады” деп кесіп пішуге болмайды. Бұл жерде екі мәселеге ерекше көңіл аудару керек. Біріншісі – биліктің нәтижесі қоғамдағы көрініс. Егер сол басқару түрі халықтың тұрмыс тіршілігін, әл-ауқатын жақсартса, қоғамда тыныштық орнаса, демек билік жүйесі қоғамның дамуына сай болғаны. Ондай билік жүйесін халық қолдайды, өзгертудің қажет деп санамайды. Екіншісі – биліктің орнау жолының заңдылығы. Бір елді диктатор билеп отырса дегенді естісек, көз алдымызға патша немесе король елестейді. Әрине, диктаторлар да монархия да елді бір адамның билеуін көрсетеді. Бірақ біз монархияны диктаторлық биліктен жоғары қоямыз, себебі монархия сол елдің заңы арқылы билік құрады, ал диктатор заңды бұза отырып басқару орнына келеді немесе заңды жолмен келе отырып, белгілі бір уақытта мемлекеттік заңды, Конституцияны аяққа таптап, өзінің дегенін, ойына келгенін жүзеге сасыра бастайды. Бұл басқарудың үш түрі де нақты заңдары мен билігі шектелмеген уақытта, жеке адамның немесе топтың мақсат-мүддесін көздеген кезде Конституиялық биліктен Конституциялық емес билік түріне көшеді.

Монархия – тиранияға айналады,

Аристократия – олигархияға айналады,


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады. | Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде? | Премьер-министр саяси басшылығына, оны барлық халық сайлаған жоқ, сондықтан береді де төмен болады. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі.| Демократия – охлакратияға айналады.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)