Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Демократия – охлакратияға айналады.

Читайте также:
  1. Демократия и ее основные ценности и признаки. Проблемы современной демократии. Делегирование властных полномочий. Парламентаризм.
  2. Демократия – билік түрі
  3. Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?
  4. Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.

Билік түрлерінің жоғарыдағыдай жіктелуі – шартты түрдегі ажырату. Нақты өмірде билік түрінің сан қилы нұсқасын кездестіруге болады. Қоғамдық өмір ғылыми теорияға бағына бермейді. Кейде конституциялық билік түрінің заңсыз билік жүйесіне айналғанын сол елдің азаматтарының көпшілігі аңғара да алмай қалады. Алғашқыда мемлекеттік заңдар “қажеттіліктің талабына” бұзыла бастайды да, уақытша заңдар туады, адам құқықтары шектеледі. Бірте-бірте халықтың қарсылығын көрмеген билік иелері өзінің күштеу аппаратының қызметіне сүйене отырып, шексіз әкімшілік жолына түседі

Тоталитарлық - авторитарлық жүйеден

Демократияға өту кезеңі.

Тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеден демократиялық басқару түріне көшу кезеңі өте күрделі және ұзақ болатынын тарих талай дәлелдеген. Бұл процесті жасанды жолмен жылдамдату, кей жағдайда, әлеуметтік жарылысқа да алып келеді. Сондықтан да бірден – бір дұрыс жол – тұрақтылық жағдайында, жоспарлы түрде реформа жүргізу болып табылады.

Тарихқа көз тастасақ, революция әрқашан демократия әкеле бермейтінін көреміз, кейде алдында тамаша мақсат қойған революцияның нәтижесінде тағы бір тоталитарлы немесе таза авторитарлық мемлекет дүниеге келеді. Мысалы: 1917 жылғы Қазан революциясы монархияның орнына большевиктік тоталитарлық қоғам орнатса, Ирандағы революция шахтың билігін жойды, бірақ авторитарлық діни тәртіпті қалыптастырды.

Тпелі кезеңде қоғамның түрлі топтарының арасында өткен өмірді аңсау, оны болашақтан жоғары қою, демократиялық қоғамның көлеңкелі жақтарын бас көтеріп, қашқақтау да кездеседі, сонымен қатар елдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды есепке алмай, мемлекетті радикалды іс-қимылға итермелеу де орын алады. Оның бәрі әлі аяғынан тік тұрып үлгірмеген демократиялық құрылымдардың қызметіне сенімсіздік тудырады, автотаризмге жол ашады.

Демократиялық құрылымның түрлері.

Бүгінге дейін тарихта өмір сүрген мемлекеттік құрылымның түрлі нұсқауларын салыстыра қарағанда демократияның негізгі артықшыларын көреміз. Біріншіден, демократиялық қоғамдағы мемлекет өзінің күш жігерін халықтың еркін өмір сүруіне бағыттайды, олардың құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Екіншіден, демократиялық басқару түрі саяси биліктің бір қолға жиналуына мүмкіндік бермейді. Биліктің түрлі саласын бөле отырып, олардың міндеттерімен құқықтарын қатаң шектейді, бақылауға алады, екінші жағынан, әр сала өзінің билігін шектей отырып, басқа саламен бір бағытта жұмыс істейді, демек мемлекеттік саясатта жүзеге асыруда ұжымдық жауапкершілік нығаяды.

Демократиялық жүйе басқарудың екі түрін:

1. Президенттік басқару;

2. Парламенттік басқаруды ұсынады (кей жерлерде бұл терминдер Президенттік Республика, президенттік демократия деп те аталады.)

Президеенттік басқару мемлекеттің басшысы Президент болып табылады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы билікке келеді де, Парламенттен тәуелсіз болады. Үкімет мүшелері, көп жағдайда, парламент мүшесі бола бермейді, ал президент үкіметті тағайындау кезінде парламентке тәуелді болмайды. Таы бір маңызды ерекшелігі – Президент тең мемлекет басшысы ғана емес, үкіметтің басшысы болып есептелінеді. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің өкілдіктері нақты белгіленеді және шектеледі. Қазақстан Республикасы Президенттік басқарудағы мемлекет. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Парламенттік басқаруда сайлау кезінде көп дауыс алып жеңіп шыққан партия премьер – министрден бастап, барлық үкімет мүшелерін жасақтайды. Егер бір партияның алған дауысы үкіметті жасақтайтындай дәрәжеге жетпесе, бірнеше партия келіссөзжүргізе отырып коалиция құрады да *портфель * бөліседі. Коалицияға кірген әрбір шағын партия өзінің берген дауысына сай үкіметтен орын алады. Парламенттік басқаруда Президенттің де болуы мүмкін, бірақ оның қызметі тым шектеулі.

Заң шығарушы билік түрлерімен атқарушы билік түрлерінің арасы оншалықты алшақ емес, себебі парламент – барлық биліктің негізі болып табылады да, премьер –министрмен үкімет мүшелері парламенттің де мүшесі болады. Бұлардың бәрі құрылым түрінің жалпы белгілері.

Енді шетелдік саяси басқарудың өзіндік ерекшелігін айта кетейік. Мысалға: Франция Президенті – тек мемлекет басшысы, ол сайлауда жеңіп шыққан және парламентті көпшілік орын алған партияның басшысын үкіметтің басы етіп тағайындайды.

Басқарудың екі түрінің қайсысы тиімді, демократияның талабына қай жүйе дұрыс келеді деген сұрақтың туатыны анық. Бұл сауалға бір жақты жауап беруге болмайды. Себебі әр басқару жүйесінің күшті жақтарымен қатар әлсіз жерлерлер де бар. Мысалы: Парламенттік басқару кезеңінде көппартиялық жүйенің маңызы өседі. Азаматтар қоғамның саяси өміріне жақын араласады. Шағын партияларда заң шығару билігіне, атқару билігіне келуге мүмкіндік алады. Демек қоғамдағы барлық саяси, әлеуметтік көзқарастар бір жерге жиналады. Сонымен бірге түрлі саяси күштердің бас қосуы, коалиция құруды қарама - қарсы көқарастардың, келісімге келіп, ымыраласуына да септігін тигізеді. Егер коалиция тарап кетсе, немесе үкіметті жасақтаған, көпшіліктің дауысына ие болған партия мандатынан айырылып қалса, премьер – министр қызметінен кетеді де, жаңа үкімет жасақталады, не қайтадан сайлау жүргізіледі. Кемшілігі:

Партиялық коалиция саяси дағдарыс кезінде тез ыдырап кетеді. Демек, үкіметті өзінің алдында қойған мақсатын, бастаған істерін аяқтай алмай қызметін тоқтатады деген сөз.


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 145 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Елу жыл бойы өзінің құнын жоймай келе жатқан бұл анықтамадан екі мәселені аңғаруға болады. | Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде? | Мемлекеттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мысалы, АҚШ президенті Б.Клинтон қазіргі батыс демократиясын нарықтық демократия деп атады.| Премьер-министр саяси басшылығына, оны барлық халық сайлаған жоқ, сондықтан береді де төмен болады.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)